Сарыколь ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңартылған

Бірлескен Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 19 қазандағы № 6 бр қаулысы және Қостанай облысы мәслихатының 2010 жылғы 19 қазандағы № 340 шешімі. Қостанай облысы Әділет департаментінде 2010 жылғы 19 қарашада № 3738 тіркелді

      Ескерту. Мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2014 № 9 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 04.07.2014 № 297 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 6) тармақшасына, 8 және 11-баптарына сәйкес және Сарыкөл ауданының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының пікірін есепке ала отырып Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Тұрғындар саны 50 адамнан кем мына елді мекендер таратылсын:
      Сарыкөл ауданы Лесной ауылдық округінің Ақсу ауылы;
      Сарыкөл ауданы Ленинград ауылдық округінің Есіл ауылы;
      Сарыкөл ауданы Тагильский ауылдық округінің Новодудаковка ауылы.
      2. Таратылған елді мекендер енгізілсін:
      Ақсу ауылы Сарыкөл ауданы Лесной ауылдық округінің Большие Дубравы ауылының құрамына;
      Есіл ауылы Сарыкөл ауданы Ленинград ауылдық округінің Қарашілік ауылының құрамына;
      Новодудаковка ауылы Сарыкөл ауданы Тагильский ауылдық округінің Тагильское ауылының құрамына.
      3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысың әкімі                     С. Кулагин

      Сессия төрағасы                            С. Есжанов

      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы                       С. Төкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады