18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыстарды есептеу үшін статистика органдары 2010 жылға ұсынатын бағаларды түзету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 32 қаулысы. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 16 наурызда № 9-8-148 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 347 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2010.12.29 № 347 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 2 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" қаулысымен бекітілген Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесінің 30 тармағына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыстарды есептеу үшін статистика органдары 2010 жылға ұсынатын бағаларды 70 %-ға азайту жолымен түзету белгіленсін.
      2. "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға үміткерлердің жеке қосалқы шаруашылығынан алынған табыстарды есептегенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М. Т. Мұратбековқа жүктелсін.

      Денисов ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                          М. Мұратбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады