"2010-2012 жылдарға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы" 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 226 Жітіқара аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 11 қаңтардағы № 2 қаулысы. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 22 ақпанда № 9-10-133 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 106 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2011.02.16 № 106 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағы 1-3) тармақшасына сәйкес, "2010-2012 жылдарға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы" Жітіқара аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 226 шешімін (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-10-130 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 7 қаңтардағы № 2 "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) іске асыру мақсатында, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік көмек түрінде аудандық бюджеттен әлеуметтік төлемдер белгіленсін:
      1) кәмелетке толмай қайтыс болған балаларды жерлеуге он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      әлеуметтік көмек кәмелетке толмай қайтыс болған балаларға, егер ата-аналарының (ұл бала асырап алушы, қыз бала асырап алушы, қорғаншы, қамқоршы) бірі бала қайтыс болған күнде уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген болса, не зейнеткер немесе мүгедек болса тағайындалады;
      2) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      әлеуметтік көмек қайтыс болған сәтінде жұмыссыздар ретінде уәкілетті органда ресми түрде тіркелген қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек тағайындалады, және қайтыс болғандардың отбасы мүшелеріне немесе жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға төленеді;
      3) мүгедектерге халықаралық мүгедектер күніне орай бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) отбасындағы жан басына шаққандағы орта табысы азық-түлік себеті құнынан аспайтын азаматтарға тұрмыстық қажеттіліктеріне біржолғы 8000 теңге мөлшерінде;
      5) отбасындағы жан басына шаққандағы орта табысы азық-түлік себеті құнынан аспайтын, жергілікті жылытылатын жеке тұрғын үйлерде тұратын азаматтарға қатты отын сатып алуға біржолғы 10000 теңге мөлшерінде;
      4), 5) тармақшалармен қарастырылған әлеуметтік көмекті алуға үміткер тұлғаларға, әлеуметтік көмек олардың таңдауы бойынша бір негізде төленетіндігі белгіленсін;
      6) туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға емделудің қолдау фазасында қосымша тамақтануға біржолғы алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      7) аз қамтылғандар ретінде уәкілетті органда есепте тұрған азаматтарға біржолғы бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      8) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктеріне берілген өтініші негізінде ай сайын 1400 теңге мөлшерінде, төлем өтініш берушінің қайтыс болған айынан бастап тоқтатылады;
      9) халықтың әлеуметтік қорғалатын жіктеріне жататын және жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен білім алушы жастардың техникалық, кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім алуымен байланысты шығындарын төлеу үшін жылына оқу құнының нақты мөлшерінде;
      10) Жеңіс Күніне орай:
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне біржолғы 35000 теңге мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға біржолғы 3000 теңге мөлшерінде;
      1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға біржолғы 3000 теңге мөлшерінде.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімінің 2010.03.19 № 151 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); 2010.10.29 № 561 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады) қаулыларымен.
      2. Жоғарыда аталған әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
      3. Осы қаулының 1 тармағының 1), 2), 4), 5), 6), 9) тармақшаларымен қарастырылған әлеуметтік көмекті алу үшін, қажетті құжаттар тізбесі белгіленсін:
      өтініш; азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі; жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; салық төлеуші куәлігінің көшірмесі; әлеуметтік жеке кодтың көшірмесі; "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінен анықтама (жұмыссыздар үшін); Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жітіқара аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнынан анықтама (келісім бойынша, ауырулар үшін); өткен тоқсандағы табыстары туралы анықтама; тиісті оқу жылындағы оқудың фактісін және өтемақы мөлшерін растаған оқу орнынан анықтама (білім алушылар үшін).
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімінің 2010.03.19 № 151 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Осы қаулының 1 тармағы 3), 7), 8), 4), 5), 9)  тармақшаларында көрсетілген, әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындауында бас тарту туралы ұсыныс, уәкілетті орган жанында құрылған әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі консультативтік-кеңесшілік комиссиясының ұсыныс есебімен шығарылады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімінің 2010.03.19 № 151 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру бюджетпен осы мақсаттарға қарастырылған, сомалар шегінде "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
      Әлеуметтік көмекті төлеу алушының жеке немесе карт-шотына ақша қаражаттарын аудару жолымен жүзеге асырылады.
      6. "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік төлемдер белгілеу туралы" 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 17 әкімдік қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-10-109 нөмірімен тіркелген 2009 жылғы 6 ақпандағы "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      7. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ж. Ақтаеваға жүктелсін.
      8. Осы қаулы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара
      ауданының әкімі                            Қ. Испергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады