"Аудандық бюджет қаржысы есебінен, лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкілері жиырма бес пайызға көтерілетін ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін білім, әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының тізбесін анықтау туралы" 2008 жылғы 6 ақпандағы № 158 әкімдік қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 52 қаулысы. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 9 наурызда № 9-10-136 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 542 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 10.10.2013 № 542 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 238 бабы 3 тармағына, 18 бабы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 2 тармағына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Аудандық бюджет қаржысы есебінен, лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкілері жиырма бес пайызға көтерілетін ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін білім, әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының тізбесін анықтау туралы" 2008 жылғы 6 ақпандағы № 158 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-10-94 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 18 шілдедегі "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) әкімдік қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      атауы мен 1 тармағы "білім," сөзінен кейін "мәдениет," сөзімен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулыға қосымшадағы:
      2 тармағы мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
      "15) бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі маман.";
      мынадай мазмұндағы 3 тармақпен толықтырылсын:
      "3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) директор, ұйымның басшысы;
      2) сектор, бөлім меңгерушісі;
      3) барлық мамандықтар сүретшілері;
      4) әдіскер;
      5) аға кітапханашы;
      6) кітапханашы;
      7) мәдени ұйымдастырушы;
      8) музыкалық жетекші".
      2. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданының
      әкімі                                      Қ. Испергенов

      КЕЛІСІЛГЕН

      "Жітіқара ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінiң бастығы
      _________________ Г. Жидебаева

      Жітіқара аудандық мәслихатының
      хатшысы
      _________________ Г. Алпысбаева


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады