Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2010 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2010 жылғы 9 маусымдағы № 327 шешімі. Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 14 маусымда № 9-15-132 тіркелді

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7 бабы 3 тармағының 4) тармақшасына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2 тармағына сәйкес, Меңдіқара ауданы әкімінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 06-57/567 хатын қарастырып, мамандарына қажеттілікті ескере отырып, Меңдіқара аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2010 жылы тұрғын үй сатып алуға көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            Г. Қаленова

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               В. Леонов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Меңдіқара ауданының кәсіпкерлік
      және ауыл шаруашылық бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ________________ А. Ковальчук

      "Меңдіқара ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________ Г. Әйсенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады