2010 жылға арналған Ұзынкөл ауданында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы 

Жаңартылған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 19 ақпандағы № 103 қаулысы. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 25 наурызда № 9-19-124 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына, 20 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастырылсын.
      2. 2010 жылға арналған Ұзынкөл ауданындағы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін уақытша жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемінің және қоғамдық жұмыстардың еңбекақы мөлшерінің Тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің бастығына:
      1) жұмыс берушiлермен қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған қызметтердi көрсету жөнiндегi шарт жасасын;
      2) жұмыссыздарды, сондай-ақ жұмыскерлерді толық емес жұмыс уақыты тәртібінде істейтіндерді төленетін қоғамдық жұмыстарына жіберуді жүзеге асырсын;
      3) жергiлiктi бюджет қаражаттарынан қоғамдық жұмысқа қатысушылардың еңбек ақысының орнын толтыру үшін, оның ішінде 2010 жылға белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын, табыс салығын төлеу үшін жұмыс берушiлердiң есеп шоттарына қаржылық қаражаттарды аударсын;
      4) жұмыс берушiлердiң Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгiленген мөлшерiнде әлеуметтiк сақтандырудың мемлекеттiк қорына әлеуметтiк аударуларды төлеуге арналған шығындарын, талап етуге дейiнгi немесе банкiнiң ақшалай төлем карточка есеп шоттарына еңбекақыны аудару мен төлеу және шотқа басқа ақшалай төлемдер бойынша екiншi деңгейдегi банктердiң қызметi үшiн комиссиондық сыйақыны төлеуге арналған шығындарын жергілікті бюджеттен шарт бойынша белгiленген мөлшерде өтесiн.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары М.В. Слесарьға жүктелсiн.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл ауданы
      әкiмiнің міндетін
      атқарушы                                   Н. Болатов

      КЕЛIСIЛДI:

      "Ұзынкөл орталық аудандық аурухана"
      мемлекеттiк коммуналдық қазыналық
      кәсіпорны, бас дәрігер
      __________________ Қ. Ержанов

 

Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 
2010 жылғы 19 ақпанда   
№ 103 қаулысына қосымша  

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін уақытша
жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың және
қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемінің және
қоғамдық жұмыстардың еңбекақы мөлшерінің тізбесі

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2010.04.14 № 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
 

Ұйым атауы

Жұмыс түрлері

Жұмыс
көлемі

енбек
ақы
төлеу

1.

"Ұзынкөл
орталық
аудандық
аурухана"
мемлекеттік
коммуналдық
қазыналық
кәсіпорны

Жұмыскерлердің алдын
ала кәсіби
дайындығын талап
етпейтін күнделікті
жұмыстарға көмек:
аумақты жинау
бойынша және
абаттандыруға көмек;
жөндеу жұмыстарын
өткізудегі көмек;
құжаттамаларды өңдеу
және сақтау бойынша
көмек;
Бауман, Ершов, Киев,
Киров, Куйбышев,
Новопокров,
Петропавл, Чапаев,
Федоров,
Пресногорьков,
Россия, Суворов,
Карлмаркс, Ұзынкөл
селолық
округтерінің,
Троебрат, Ұзынкөл,
Ряжский, селоларының
аумағындағы тұрған
және "Ұзынкөл
орталық аудандық
аурухана"
мемлекеттік
коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
объектілерін
жөндеуге және
абаттандыруға
қатысу

134112 сағаттар

1,5 ең
аз
еңбек
ақының
мөлшері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады