2010 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2010 жылғы 27 мамырдағы № 326 шешімі. Қостанай облысы Федоров ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 30 маусымда № 9-20-179 тіркелді 

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7–бабының 3–тармағының 4) тармақшасына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2–тармағына сәйкес, Федоров ауданы әкімінің 2010 жылғы 17 мамырдағы № 2-35/507 хатын қарастырып, мамандарына қажеттілікті ескере отырып, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. 2010 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алуға көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессияның төрайымы            Г. Казакевич

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               С. Сералинова

      КЕЛІСІЛДІ

      "Федоров ауданының
      экономика және қаржы
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ____________В. Гринак

      "Федоров ауданының
      ауыл шаруашылық және
      ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      ________В. Завгородний

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады