Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 23 мамырдағы "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" N 125/6 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 77/6 қаулысы. Павлодар облысы Әділет департаментінде 2010 жылғы 11 мамырда N 3163 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 01 сәуірдегі N 96/4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 01.04.2013 N 96/4 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 238-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Заңы 2-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы "Мәдениет туралы" Заңының 32-бабына, Павлодар облыстық мәслихатының (IV сайланған ХХІV сессиясы) 2010 жылғы 9 сәуірдегі "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін облыс мұрағат мекемелері мамандары лауазымдарының тізбесін келісу туралы" N 283/24 шешіміне сәйкес облыс  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 23 мамырдағы "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" N 125/6 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 3113 болып тіркелді, 2008 жылғы 14 маусымда N 65 "Звезда Прииртышья", 2008 жылғы 12 маусымда N 64 "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 4-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Б. Сағынтаев

      Келісілді:
      Облыстық мәслихат хатшысы                  Р. Гафуров
      2010 ж.09.04

Павлодар облысы әкімдігінің
2010 жылғы 16 сәуір   
N 77/6 қаулысына   
қосымша        

Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін
мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі

      1. Мәдениет және мұрағат ісінің мемлекеттік мекемесі мен қазыналық кәсіпорнының басшысы және басшысының орынбасары.
      2. Клуб, мұрағат, мұрағат қоймасының меңгерушісі, бөлімше, сектор, бөлімше (бөлім), филиал басшысы, көркем жетекшісі, үйірме жетекшісі.
      3. Мамандар: сүйемелдеуші, әртіс, библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, дыбыс операторы, нұсқаушы, мәдени ұйымдастырушы, әдістемеші, суретші, хореограф, мұражайлардағы, мұрағаттардағы қорларды сақтаушы, мұрағатшы, кіші мұрағатшы, археограф.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады