Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі "Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы" N 78/4 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 25 қазандағы N 241/16 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 18 қарашада N 3174 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2011 жылғы 30 маусымдағы N 112/5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 30.06.2011 N 112/5 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы "Жекешелендіру туралы" Заңы 5-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі "Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері" N 1431 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі "Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы" N 78/4 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3111 болып тіркелді, 2008 жылғы 5 маусымда "Сарыарқа самалы" N 61 және 2008 жылғы 6 мамырда "Звезда Прииртышья" N 49 газеттерінде жарияланды) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасы 584 – 599–тармақтармен қосымшаға сәйкес толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары  Р.В. Склярға жүктелсін.

      Облыс әкімі                                Б. Сағынтаев

Павлодар облысы әкімдігінің
2010 жылғы 25 қазан   
N 241/6 қаулысына    
қосымша         

1

2

3

584

Мемлекеттік нөмірі S636 ВМ, 1991 жылы шыққан ЗИЛ ММЗ-45-20 автомашинасы

Екібастұз қаласы ("Екібастұз политехникалық колледжі" КМҚК-ның балансында)

585

Мемлекеттік нөмірі S860 ВD, 1977 жылы шыққан ГАЗ-52-05р автомашинасы

Павлодар қаласы ("N 5 кәсіптік лицей" ММ-нің балансында)

586

Мемлекеттік нөмірі S498 АН, 1993 жылы шыққан ВАЗ-21063 автомашинасы

Павлодар қаласы ("N 5 кәсіптік лицей" ММ-нің балансында)

587

Мемлекеттік нөмірі S504 ВО, 1992 жылы шыққан ИЖ-2715 автомашинасы

Павлодар қаласы ("Саңырау және нашар еститін балаларға арналған N 1 арнайы түзету мектеп-интернаты" ММ-нің балансында)

588

Мемлекеттік нөмірі S581SS, 1995 жылы шыққан ПАЗ-3205 автобусы

Екібастұз қаласы ("Мемлекеттік тілде оқытатын дарынды балаларға арналған "Зерде" мамандандырылған жалпы білім беру мектебі" ММ-нің балансында)

589

Мемлекеттік нөмірі S501 АО, 1998 жылы шыққан ВАЗ-21053 автомашинасы

Павлодар қаласы ("Павлодар қаласының N 4 арнаулы түзету мектеп-интернаты" ММ-нің балансында)

590

Мемлекеттік нөмірі 7462 ПАО, 1969 жылы шыққан ГАЗ-52-03 автомашинасы

Павлодар қаласы ("Дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты" ММ-нің балансында)

591

Жалпы ауданы 135,2 м2, 1969 жылы салынған мектептің бұрынғы ғимараты

Качиры ауданы Мотоғұл ауылы ("Октябрь ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-нің балансында)

592

Жалпы ауданы 416,2 м2, 1970 жылы салынған балаларға арналған бұрынғы жазғы демалыс базасының ұйықтайтын бөлме корпусының ғимараты (литер А)

Качиры ауданы Песчан ауылы ("Качиры ауданының білім беру бөлімі" ММ-нің балансында)

593

Жалпы ауданы 336,5 м2, 1970 жылы салынған балаларға арналған бұрынғы жазғы демалыс базасының ұйықтайтын бөлме корпусының ғимараты (литер Б)

Качиры ауданы Песчан ауылы ("Качиры ауданының білім беру бөлімі" ММ-нің балансында)

594

Жалпы ауданы 140,2 м2, 1970 жылы салынған балаларға арналған бұрынғы жазғы демалыс базасының асхана ғимараты (литер В, а)

Качиры ауданы Песчан ауылы ("Качиры ауданының білім беру бөлімі" ММ-нің балансында)

595

Жалпы ауданы 431,5 м2, 1967 жылы салынған бұрынғы "Спартак" кинотеатрдың ғимараты

Успен ауданы Успен ауылы Ленин көшесі, 137-үй ("Успен ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің балансында)

596

Жалпы ауданы 139,6 м2, бұрынғы өрт депосының ғимараты (ӨБ-21)

Ертіс ауданы Ертіс ауылы Карел - Полк көшесі, 71-үй ("Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ-нің балансында)

597

Жалпы ауданы 208 м2, бұрынғы өрт депосының гараж ғимараты (ӨБ-21)

Ертіс ауданы Ертіс ауылы Карел - Полк көшесі, 71-үй ("Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ-нің балансында)

598

Жалпы ауданы 182,2 м2, 1967 жылы салынған әкімшілік ғимараты

Ертіс ауданы Ертіс ауылы Бөгенбай көшесі, 110-үй ("Ертіс ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ-нің балансында)

599

Жалпы ауданы 88,5 м2, 1957 жылы салынған әкімшілік ғимараты

Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылы Театральный тұйық көшесі, 3а-үй ("Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ-нің балансында)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады