Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық әкімінің 2010 жылғы 14 маусымдағы N 1-03 шешімі. Павлодар облысы Ақсу қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 маусымда N 12-2-142 тіркелген

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4-тармағына сәйкес, Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауыл тұрғындарының пікірін есепке ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдың келесі көшелерінің атаулары:
      1) Солнечная көшесі М. Омаров көшесіне;
      2) Молодежная көшесі Ақжол көшесіне;
      3) Строительная көшесі Абай көшесіне;
      4) Интернациональная көшесі Жамбыл көшесіне;
      5) Мир көшесі Дөнентай көшесіне;
      6) Школьная көшесі Ш. Арғынбаев көшесіне;
      7) Ермаковская көшесі Естай көшесіне;
      8) Береговая көшесі Ақсу көшесіне;
      9) Клубная көшесі Ақтоғай көшесіне қайта аталсын.
      2. Осы шешім ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Мәмәйіт Омаров атындағы
      селолық округінің әкімі                    Ж. Қайырханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады