N 11 Коммунар сайлау округі бойынша Качир аудандық мәслихаты депутаттығына үміткерлердің сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі N 262/6 қаулысы. Павлодар облысы Качир ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 06 қазанда N 12-8-93 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 06 қаңтардағы N 28/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 06.01.2011 N 28/1 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабы 4-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. N 11 Коммунар сайлау округі бойынша Качир аудандық мәслихаты депутаттығына үміткерлердің сайлаушылармен кездесулері үшін келісу негізде берілетін үй-жайлар тізімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Т.В. Фишерге жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Б. Бақауов

Качир ауданы әкімдігінің        
2010 жылғы 22 қыркүйек          
"N 11 Коммунар сайлау округі     
бойынша Качир аудандық мәслихаты    
депутаттығына үміткерлердің сайлаушылармен
кездесулері үшін үй-жайлар беру туралы"
N 262/6 қаулысына        
қосымша              

N 11 Коммунар сайлау округі бойынша Качир аудандық
мәслихаты депутаттығына үміткерлердің сайлаушылармен
кездесулері үшін берілетін үй-жайлар тізімі

N р/б

Ауылдық округ атауы

Ауыл атауы

Кездесу өткізу орны

1.

Коммунар

Фрументьевка ауылы

ауылдық Мәдениет үйі, Клубная көшесі, нөмерсіз

2.

Воскресен

Воскресенка ауылы

ауылдық клуб, 70 лет Октября көшесі

3.

Верненка

Львовка ауылы

Львовка жалпы білім беретін орта мектебі, Кирова көшесі, 28

4.

Верненка

Тимофеевка ауылы

А.Б. Мұхамедовтің жеке пәтері (келесім бойынша)

5.

Байқоныс

Тілеубай ауылы

ауылдық клуб

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады