Солтүстік Қазақстан облысының кейбір елді мекендерін тарату туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 18 маусымдағы N 144 қаулысы және Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2010 жылғы 18 маусымдағы N 26/8 біріккен шешімдері. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 7 шілдеде N 1748 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Преамбула жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 13.12.2018 № 361 бірлескен қаулысы және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 13.12.2018 № 27/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Солтүстік Қазақстан облысының кейбір елді мекендері таратылсын:

      Есіл ауданы Ильинка ауылдық округі Өндіріс, Веселые Крутинки ауылдары;

      Мамлют ауданы Қызыләскер ауылдық округі Новое ауылы;

      Аққайың ауданы Лесной ауылдық округі Қызыл жұлдыз ауылы;

      Тайынша ауданы, Кантемир ауылдық округінің Дорожное ауылы таратылсын.

      Ескерту. 1- тармағында "селолық", "селолары", "селосы" сөздері "ауылдық", "ауылдары", "ауылы" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 13.12.2018 № 361 бірлескен қаулысы және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 13.12.2018 № 27/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі С. Біләлов
      XXVI сессияның төрағасы,
      облыстық мәслихаттың
хатшысы
Қ. Едіресов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады