"2010 жылы жекешелендіруге жататын Солтүстік Қазақстан облысы коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы N 3 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі N 266 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 14 қазанда N 1758 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011 жылғы 17 қазандағы N 01.04-08/2964 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011.10.17 N 01.04-08/2964 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2010 жылы жекешелендіруге жататын Солтүстік Қазақстан облысы коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 3 қаулысына (мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 1740, «Солтүстік Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 21, «Северный Казахстан» газетінің 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 22 сандарында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.М.Чженге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С. Біләлов

Облыс әкімдігінің 2010 жылғы
24 қыркүйектегі № 266 қаулысына
   қосымша          

Облыс әкімдігінің 2010 жылғы
15 қаңтардағы № 3 қаулысына
қосымша          

150

Авиациялық-
техникалық база
ғимараты

1

«Солтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
өңірлік технологиялық
паркі» шаруашылық жүргізу
құқындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорны

Қызылжар
ауданы,
Әуежай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады