"2010 жылы жекешелендіруге жататын Солтүстік Қазақстан облысы коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы N 3 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 11 қарашадағы N 317 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 24 қарашада N 1763 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011 жылғы 17 қазандағы N 01.04-08/2964 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011.10.17 N 01.04-08/2964 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27-бабы 1-тармағына 2) тармақшасына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2010 жылы жекешелендіруге жататын Солтүстік Қазақстан облысы коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 3 қаулысына (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1740 болып тіркелген, 2010 жылғы 20 ақпандағы № 21 «Солтүстік Қазақстан», 2010 жылғы 20 ақпандағы № 22 «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жолдармен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.М.Чженге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С.Біләлов

Облыс әкімдігінің 2010 жылғы
11 қарашадағы № 317 қаулысына
қосымша

Облыс әкімдігінің 2010 жылғы
15 қаңтардағы № 3 қаулысына
қосымша

151

Ағаш ұсталық-жинақтаушы цехы ғимараты

1

«Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Петропавл қаласы, Ахременко көшесі, 34А

152

Құрылыс цехының дуалы

1

«Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Петропавл қаласы, Ахременко көшесі, 81

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады