Атырау қаласы мен ауылдық округ көшелеріне атау беру және кейбір көшелердің атын өзгерту туралы

Жаңартылған

Атырау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 9 сәуірдегі N 191 бірлескен шешімі және қалалық әкімиятының 2010 жылғы 1 сәуірдегі N 280 қаулысы. Атырау қалалық Әділет басқармасында 2010 жылғы 23 сәуірде N 4-1-115 тіркелді

      Ескерту. Атауына өзгеріс енгізілді - Атырау қалалық әкімдігінің 4.12.2014 № 1707 бірлескен қаулысы және Атырау қалалық мәслихатының 5.12.2014 № 228 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабы 4 тармағын және 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Атырау қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ және Атырау қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Атырау қаласы, Лесхоз мөлтек ауданындағы № 8 көшеге Садықов Тәжіғали есімі берілсін.
      2. Атырау қаласы, Жерұйық мөлтек ауданындағы № 10 көшеге Қафизолла Қуанышбаев есімі берілсін.
      3. Атырау қаласы, Атырау мөлтек ауданындағы № 10 көшеге Ермекқали Биғалиев есімі берілсін.
      4. Атырау қаласындағы Балықшы көпірінен басталып, Өркен және Сарықамыс мөлтек ауданы арқылы өтетін № 24 көшеге Мендекеш Сатыбалдиев есімі берілсін.
      5. Атырау қаласы, Лесхоз мөлтек ауданындағы Атырау-Еркінқала көлік жолынан бастау алатын № 20 көшеге Төлесін Әлиевтің есімі берілсін.
      6. Атырау қаласындағы Огородный көшесі Николай Неверев көшесі болып өзгертілсін.
      7. Атырау қаласы, Исатай Тайманов өткелі Өтегенов Наурыз көшесі болып өзгертілсін.
      8. Атырау қаласы, Атырау ауылдық округіне қарасты Құрманғазы  ауылындағы Мир көшесі Өтеп Рысқалиев көшесі болып өзгертілсін.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау қалалық әкімдігінің 4.12.2014 № 1707 бірлескен қаулысы және Атырау қалалық мәслихатының 5.12.2014 № 228 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      10. Осы бірлескен шешім және қаулының орындалуына бақылау жасау қалалық Мәслихаттың тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, жастар және спорт ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б. Рысқалиев) жүктелсін.

XVI сессия төрағасы                      Атырау қаласының әкімі
______________А. Пастухов                ____________М. Исмұратов

Атырау қалалық Мәслихат хатшысы                      Б. Қазиманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады