Атырау қаласындағы және ауылдық округтегі көшелерге атау беру, атын өзгерту және кейбір көшелер мен өткелдердің атауларының транскрипциясын өзгерту туралы

Жаңартылған

Атырау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 7 қазандағы N 219 шешімі және Атырау қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі N 1064 қаулысы. Атырау қалалық Әділет басқармасында 2010 жылғы 5 қарашада N 4-1-123 тіркелді

      Ескерту. Атауындағы және 8, 9 тармақтарына "селолық" және "селосындағы" деген сөздер сәйкесінше "ауылдық" және "ауылындағы".деген сөздермен ауыстырылды - Атырау қалалық әкімдігінің 4.12.2014 № 1707 бірлескен қаулысы және Атырау қалалық мәслихатының 5.12.2014 № 228 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабы 4 тармағын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 376баптарын басшылыққа ала отырып, Атырау қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Атырау қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Атырау қаласы, Жеңіс саябағы аумағындағы "КазТрансОйл" акционерлік қоғамы ғимаратынан басталып, Авангард 3 ықшамауданына дейінгі ұзын көшеге Нұрғиса Тілендиевтің есімі берілсін.
      2. Атырау қаласы, Нұрсая ықшамауданындағы № 3 көшеге Рысбай Ғабдиевтің есімі берілсін.
      3. Атырау қаласы, Ақ шағала ықшамауданындағы № 4 көшеге Уағап Трумовтың есімі берілсін.
      4. Атырау қаласы, Өркен ықшамауданындағы № 22 көшеге Сатан Шөреевтің есімі берілсін.
      5. Атырау қаласындағы Заполярная көшесі Сүлеймен Сауырғалиев көшесі болып өзгертілсін.
      6. Атырау қаласындағы Лебедев көшесі Әбдіреш Дәулетов көшесі болып өзгертілсін.
      7. Атырау қаласындағы Киров көшесі Жанша Таңқыбаев көшесі болып өзгертілсін.
      8. Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округіне қарасты Томарлы – 1 ауылындағы № 1 көшеге Сәулен Жұмағазиевтың есімі берілсін.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау қалалық әкімдігінің 4.12.2014 № 1707 бірлескен қаулысы және Атырау қалалық мәслихатының 5.12.2014 № 228 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9. Атырау қаласы, Атырау ауылдық округіне қарасты Жаңаталап  ауылындағы Строительный көшесі Айтқұл Исмағұлов көшесі болып өзгертілсін.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау қалалық әкімдігінің 4.12.2014 № 1707 бірлескен қаулысы және Атырау қалалық мәслихатының 5.12.2014 № 228 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      10. Атырау қаласындағы орысша аталып келген төмендегі көшелер мен өткелдер атауларының транскрипциясы өзгертілсін:
      1) Акбулакский өткелі – Ақбұлақ өткелі;
      2) Актауская көшесі – Ақтау көшесі;
      3) Алатауская көшесі – Алатау көшесі;
      4) Алгабасский өткелі – Алғабас өткелі;
      5) Аральский өткелі – Арал өткелі;
      6) Астраханская көшесі – Астрахань көшесі;
      7) Волгоградская көшесі – Волгоград көшесі;
      8) Индерская көшесі – Дендер көшесі;
      9) Иртышская өткелі – Ертіс өткелі;
      10) Казахстанкий өткелі – Қазақстан өткелі;
      11) Кокшетавская көшесі – Көкшетау көшесі;
      12) 8 марта көшесі – Наурыз көшесі болып өзгертілсін.
      10. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      11. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалуына бақылау жасау қалалық Мәслихатының "Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, жастар және спорт ісі мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына (Б. Рысқалиев) жүктелсін.

      XVІІІ сессия төрағасы                      Б. Тұхфатов

      Қалалық Мәслихат хатшысы                   Б. Қазиманов

      Атырау қаласының әкімі                     М. Исмұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады