Атырау қаласындағы, ауылдық округтердегі көшелер мен өткелдерге атау беру және атын өзгерту туралы

Жаңартылған

Атырау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 7 қазандағы N 220 шешімі және Атырау қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі N 1063 қаулысы. Атырау қалалық Әділет басқармасында 2010 жылғы 5 қарашада N 4-1-124 тіркелді

      Ескерту. Атауындағы және 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 тармақтарына "селолық" "селосындағы" және "селосының" деген сөздер сәйкесінше "ауылдық" "ауылындағы".және "ауылының" деген сөздермен ауыстырылды - Атырау қалалық әкімдігінің 4.12.2014 № 1707 бірлескен қаулысы және Атырау қалалық мәслихатының 5.12.2014 № 228 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабы 4 тармағын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 376 баптарын басшылыққа ала отырып, Атырау қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Атырау қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Атырау қаласындағы Павлик Морозов көшесі Жәнібек Елеуісов көшесі болып өзгертілсін.
      2. Атырау қаласындағы Семипалатинская көшесі Жасен Садықов көшесі болып өзгертілсін.
      3. Атырау қаласы, Химиктер ауылындағы Бухтарма көшесі Альпияр Жұмағазиев көшесі болып өзгертілсін.
      4. Атырау қаласындағы Карагандинская көшесі Нәсіпқали Қобданов көшесі болып өзгертілсін.
      5. Атырау қаласындағы Московский өткелі Дүйсен Сүйесінов өткелі болып өзгертілсін.
      6. Атырау қаласындағы Советский өткелі Түсіп Бисекенов өткелі болып өзгертілсін.
      7. Атырау қаласы, Жұлдыз ықшамауданындағы № 4 көшеге Арон Аюповтың есімі берілсін.
      8. Атырау қаласы, Кеңөзек ауылдық округіне қарасты Тасқала-2 ықшамауданындағы № 10 көшеге Сағын Алпатановтың есімі берілсін.
      9. Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округі, Бесікті ауылының орталық көшесіне Қабдол Нұржановтың есімі берілсін.
      10. Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округі, Талғайраң ауылындағы № 1 көшеге Тәжі Сәуіровтің есімі берілсін.
      11. Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округі, Талғайраң ауылындағы № 2 көшеге Ізбасар Жұмалиннің есімі берілсін.
      12. Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округі, Талғайраң ауылындағы № 3 көшеге Кенжеш Есмұхановтың есімі берілсін.
      13. Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округі, Талғайраң ауылындағы № 4 көшеге Тәжік Таңатаровтың есімі берілсін.
      14. Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округі, Томарлы-2 ауылындағы № 1 көшеге Кенже Бектеміровтің есімі берілсін.
      15. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      16. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалуына бақылау жасау қалалық Мәслихатының "Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, жастар және спорт ісі мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына (Б. Рысқалиев) жүктелсін.

      XVІІІ сессия төрағасы                 Б. Тұхфатов

      Қалалық Мәслихат хатшысы              Б. Қазиманов

      Атырау қаласының әкімі                М. Исмұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады