Атырау қалалық әкімдігінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 896 "Қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 4 қарашадағы N 1267 қаулысы. Атырау қалалық Әділет басқармасында 2010 жылғы 08 желтоқсанда N 4-1-127 тіркелді. Күші жойылды - Атырау қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 703 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау қалалық әкімдігінің 2011.05.10 № 703 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 8 тармағын басшылыққа алып, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2318 қаулысымен бекітілген «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының қолданысқа енгізілуіне байланысты Атырау қалалық әкімдігінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 896 «Қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-1-80 болып тіркелген, 10.04.08 жылы «Атырау» газетінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
      бекітілген «Қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы анықтама беру» стандарты алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының бір данасы Атырау қалалық Әділет басқармасына және ресми жариялау үшін қалалық ішкі саясат бөліміне (Е. Керіков) ұсынылсын.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А. Айтбаевқа жүктелсін.

      Қала әкімі                                М. Исмұратов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады