Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 8 желтоқсандағы N 238 шешімі. Атырау қалалық Әділет басқармасында 2011 жылғы 13 қаңтарда N 4-1-131 тіркелді - Күші жойылды - Атырау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 11 қыркүйектегі № 59 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау қалалық Мәслихатының  2012.09.11 № 59 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 «Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Атырау қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы бекітілсін (қосымша).
      2. Атырау қалалық Мәслихатының 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 51 «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді (жеке тұрғын үй ұстағаннан басқа) ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешімнің күші жойылсын. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-1-85 нөмірімен тіркелген, 2008 жылдың 29 наурызында «Атырау» газетінде № 36 жарияланған).
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      XIX сессия төрағасы                    С. Ерубаев
      Қалалық Мәслихат хатшысы               Б. Қазиманов

Атырау қалалық Мәслихатының
2010 жылғы 8 желтоқсан № 238
шешімімен бекітілген  

Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 «Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы» қаулысын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзiрлендi және тұрмысы төмен азаматтарға (отбасыларына) үйдi ұстауға және коммуналдық қызметке ақы төлеу үшiн тұрғын үй көмегiн көрсету (бұдан әрі тұрғын үй көмегі) тәртібін белгілейді.
      2. Тұрғын үй көмегінің негізгі функциясы халықтың аз қамтылған бөлігіне заңмен белгіленген әлеуметтік көмектің басқа түрлерімен қатар уақытша қаржылық қолдау болып табылады.
      3. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      2) отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кірістердің жалпы сомасы;
      3) кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      4) уәкілетті орган – жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын қалалық жергілікті атқарушы органы.
      4. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй–жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      3) байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
      4) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
      5. Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      6. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абонеттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      7. Тұрғын үй көмегі қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін жергілікті өкілді органдар айқындайды.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      8. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджетте осы мақсатқа қаралған қаражаттар шегінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен тағайындалады.
      9. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй жалдаушысының (иесінің) жанұя құрамы, тұрғын үйдің нақты иеленген көлемінің пайдалы алаңы, отбасының жиынтық табысы, коммуналдық қызметке (жылумен қамтамасыз ету, салқын және ыстық сумен қамту, канализация, газ, электр жүйесі, тұрғын үй  шығындары, қоқыс шығару мен абоненттік ақы) төленген шығындар көлемі көрсетілген сауалнама арызы (арыз) негізінде тағайындалады.
      10. Сауалнама арызға енгізілген мәліметтер тұрғын үй көмегін есептеудің негізі болып табылады.
      11. Сауалнама арызға (арыз) жанұя құрамы үй кітапшасы бойынша енгізіледі, тек даулы жағдайларда ғана мәлімет қосымша анықтамамен расталады.
      12. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттардың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
      5) кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
      6) жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
      7) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
      8) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      9) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      13. Тұрғын үй көмегі осы елді мекенде тұрақты тұратын жеке меншік үй иесі немесе үйді жалға алушы (жалгер) болып табылатын жеке тұлғаларға көрсетіледі.
      14. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тапсырылатын құжаттардың негізгі пакетіне қалалық телекоммуникациялар желісінің абоненті болып табылу фактісін растайтын (шарт не түбіртек – телекоммуникация көрсеткен қызметтері үшін есеп) құжаттармен рәсімделеді.
      15. Барлық расталған құжаттардың түп нұсқалары мен көшірмелері болу керек.
      16. Барлық қажетті құжаттармен бірге тұрғын үй көмегін тағайындау туралы арыз түскен күннен бастап, 5 күн мерзім ішінде қаралады.
      17. Тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тартылған жағдайда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту себебі көрсетілген шешімнің көшірмесін қосып, барлық құжаттарды арыз берушіге қайтарады.
      18. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тағайындалған тұрғын үй көмегінің дұрыстығына жауап береді.
      19. Тұрғын үй көмегінің мөлшері жалға алушының (меншік иесінің) өтемақы шараларымен қаматамасыз етілген тұрғын үй аумағының нормасы шегіндегі тұрғын үй ұстау және коммуналдық қызметпен пайдалану шығындарының (жылумен қамтамасыз ету, салқын және ыстық сумен қамту, канализация, газ, электр жүйесі, тұрғын үй шығындары, қоқыс шығару мен абоненттік ақы) тоқсанға есептелген сомасымен алдыңғы тоқсандағы отбасының жиынтық табысының 6 пайызының айырмасы ретінде көрсетіледі.
      20. Есепке алынатын тұрғын үй ұстау шығындарының мөлшері және коммуналдық қызметтермен пайдалану (жылумен қамтамасыз ету, салқын және ыстық сумен қамту, канализация, газ, электр жүйесі, қоқыс шығару, тұрғын үй шығындары) нормалары жергілікті атқарушы органдармен белгіленеді.
      21. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін барлық меншік нысанындағы үйлерде әлеуметтік тұрғын үй нормасы бір адамға пайдалы алаңның 18 шаршы метрі мөлшерінде бекітіледі.
      22. Екі және одан да көп бөлмелі үйлерде жалғыз тұратын адамдарға тұрғын үй жәрдемақысын есептеу үшін пайдалы алаңның әлеуметтік нормасы екі еселенген 18 шаршы метрі мөлшерінде бекітіледі.
      23. Тұрғын үй көмегін есептегенде, электр жүйесін пайдалану мөлшерін белгілеу:
      1) құрамында бір адам – 90 киловатт/сағат;
      2) құрамында екіден бес адамға дейін – 350 киловатт/сағат;
      3) құрамында бес адамнан жоғары – 600 киловатт/сағат, бірақ 600 киловатт/сағаттан аспау керек.
      24. Тұрғын үй көмегін есептегенде, тұрғын үй шығындарын пайдалану мөлшері әр шаршы метрге жанұяға бір айға – 25 теңге есебінде белгіленеді.
      25. Абоненттерге телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысы телефон үшін абоненттік ақының арттырылған айырмасын тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шығыстардың сомасына қосу жолымен жүзеге асырылады.
      26. Жыл ішінде жылу берілген мерзімінде қатты отын мөлшері (көлік шығынымен) есептегенде әр айға 2 тонна мөлшерінде бекітіледі.
      27. Жыл ішінде жылу берілген мерзімінде табиғи газбен пайдаланатын тұрғындар үшін табиғи газ мөлшері толық төленген шот түбіртегі бойынша белгіленеді.
      28. Белгіленген нормадан тыс тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем жалпыға бірдей негізде төленеді.
      29. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметпен пайдалану шығындарының тоқсанға есептелген нақты сомасынан аспауы керек.
      30. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үйді не қосымша жалға берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      31. Тұрғын үй көмегін алу азаматтардың санаттары:
      1) отбасында стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болаған азаматтар (анықтамасымен);
      2) күтуді қажет етеді деп танылған азаматтар (анықтамасымен);
      3) 16 жасқа дейінгі мүгедектерді бағып күтумен айналасатын азаматтар (анықтамасымен);
      4) сексен жастан асқан және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып күтумен айналасатын азаматтар;
      5) өзін-өзі қамтитын азаматтар;
      6) жұмыссыз ретінде есепте тұрған азаматтар;
      7) оқушылар мен студенттер;
      8) еңбекке жарамсыз бірінші, екінші және үшінші топ мүгедек азаматтар.
      32. Тұрғын үй көмегін азаматтардың өткен тоқсан ішіндегі өтініші жасау мерзімінің күніне қарамастан үш айға тоқсан басынан тағайындалады.
      33. Отбасына тұрғын үй көмегін тағайындауды өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан ішіндегі жиынтық табысы мен коммуналдық шығынын ескере отырып, уәкілетті орган халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен есептейді.
      34. Тұрғын үй көмегінің алушыларының өтемақысын тұрғын үй көмегін алушыларының жеке есеп шоттарына аудару жолымен төленеді.
      35. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша тұрғын үй көмегін есептеу есебі және шешімі шығарғаннан кейін бұл туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарлайды.
      36. Отбасының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалануға жұмсалатын шекті шығындарының бөлігі, отбасының табысы, тұрғын үй коммуналдық қызмет тарифтері мен ставкалары өзгерсе, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдараламалар бөлімі бұрын тағайындалған жәрдемақыларға қайта есептеу жүргізеді.
      37. Тұрғын үй жәрдемақысын алушыларына жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдараламар бөлімі тұрғын үй жәрдемақысы қате тағайындалған жағдайда, сонымен бірге тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін немесе алу құқығын өзгертуге негіз болатын кез келген өзгерістер мен жағдайларды он күн ішінде хабарлауға тиіс.
       38. Тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы шешім заңнамамен белгіленген тәртіпте шағым беруге жатады.

3. Отбасының (азаматтардың) жиынтық табысын есептеу тәртібі

      39. Тұрғын үй көмегін алуға отбасының (азаматтардың) жиынтық табысы еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен есептеледі.
      40. Жиынтық табысты есептеген кезде отбасының тұрғын үй  көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдыңғы тоқсан ішінде  нақты алынған ақшалай және заттай табыстарының барлық түрлері (атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй жәрдемақысы, бала тууына байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы және жерлеуге арналған бір жолғы жәрдамақысынан басқа) есептеледі.
      41. Жиынтық табыс арыз берушінің алған табыстары жөнінде берген мәлеметтер негізінде есептеледі.
      42. Отбасының жиынтық табысы отбасы құрамының сауалнама арызда көрсетілген барлық тұлғалардың табыстарын қосу жолымен есептеледі.
      43. Тоқсаннан артық мерзімге төленуге тиісті біржолғы табыс алған жағдай, ол алған айлар санына бөлініп, үш айға көбейтілген табыс сомасы мөлшерінде жиынтық табысқа есептеледі.
      44. Шет ел валютасында алынған табыстар тұрғын үй көмегін тағайындауға отбасының жиынтық табысын есептеу кезеңіне Қазақстан Республикасы ұлттық банкісінің анықтаған курсы бойынша ұлттық валютаға есептеледі.
      45. Жиынтық табысты есептеудің басқа типтері атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін Заңмен белгіленген тәртіппен анықталады.
      46. Арыз беруші беріп отырған табыстар туралы мәліметтердің дұрыстығына Заңмен белгіленген тәртіпте жауап береді.

4. Қаржыландыру және төлеу тәртібі

      47. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру жерглікті бюджетте осы мақсатқа сәйкесті жылға қаралған қаржы есебінен жүзеге асырылады. Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй көмегін төлеуге қажетті қаржы көлемін анықтап, қалалық қаржы бөліміне әр айдың 10-шы жұлдызына дейін қаржыландыруға сұраныс жолдайды.
      48. Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ағымдағы шотына қаржы түскеннен кейін үш күн ішінде алушылардың жеке есеп шотына аударады.

5. Есеп жүргізу және есеп беру тәртібі

      49. Тұрғын үй көмегі бойынша есеп, бақылау және есеп беруді  жүргізу жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктеледі.
      50. Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әр тоқсанның бірінші айының он күндігінен кешіктірмей тұрғын үй көмегінің тағайындау және төлеу жөнінде тоқсандық есепті облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына  жолдайды.
      51. Тұрғын үй көмегін төлеу үшін бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын, сондай-ақ уақтылы төленуі бақылау қалалық қаржы бөлімі арқылы жүзеге асырылады.
      52. Лауазымды тұлғалардың кінәсінен немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер берген арыз берушінің кінәсінен заңсыз төленген тұрғын үй көмегі сомалары кінәлі адамдардың есебінен бюджетке қайтарылуға жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады