Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй алу үшін әлеуметтік қолдау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2010 жылғы 9 желтоқсандағы N 244 шешімі. Атырау облысы Әділет департаменті Махамбет ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 31 желтоқсанда N 4-3-150 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 53 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 10.12.2012 № 53 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 14-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген ережесінің 2-тармағына сай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған аудандық әкімдіктің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 322а қаулысымен ұсынылған ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй алу үшін әлеуметтік қолдау 890190 (сегіз жүз тоқсан мың жүз тоқсан) теңге болып белгіленсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
      23-сессиясының төрағасы                  В. Розинов
      Аудандық мәслихат хатшысы                А. Құрманбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады