Тұрғындардың әлжуаз топтарына коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 217-IV шешімі. Атырау облысының Әділет департаменті Индер ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 21 мамырда № 4-6-100 тіркелді. Күші жойылды - Индер аудандық мәслихатының 2012 жылғы 2 тамыздағы № 45-V шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Индер аудандық мәслихатының 2012.08.02 № 45-V шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2 тармағын, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағын басшылыққа ала отырып, төртінші сайланған Индер аудандық мәслихатының ХХІІІ сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген аудан әкімдігінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 22 қаулысымен ұсынылған тұрғындардың әлжуаз топтарына коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы бекітілсін.
      2. Индер аудандық мәслихатының "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 142-ІV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестірінде 2009 жылғы 21 мамырдағы № 4-6-79 санымен тіркелген, "Дендер" үнқағазының 2009 жылғы 4 маусымдағы № 23 санында жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      3. Шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына (төрағалары - С. Құлғалиев, Б. Сапаров) жүктелсін.
      4. Шешім аудандық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап бастап күшіне енеді.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихаттың ХХІІІ
      сессиясының төрағасы                        С. Халықов

      Аудандық мәслихат хатшысы                   Е. Көшек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады