Ауданның елді мекендеріне білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салалары бойынша келген мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит тағайындау туралы

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 484 қаулысы. Атырау облысы Әділет департаменті Құрманғазы ауданының әділет басқармасында 2011 жылғы 11 қаңтарда N 4-8-197 тіркелді. Күші жойылды - Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 444 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2011.12.12 № 444 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабының 4 тармағының 8) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысын басшылыққа алып, Құрманғазы аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 229-ХХV "Ауданның 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешімі негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауданның елді мекендеріне білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салалары бойынша келген мамандарға әр-қайсына жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы тағайындалсын.
      2. Ауданның елді мекендеріне білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салалары бойынша келген мамандарға әр-қайсына алты жүз отыз есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит тағайындалсын.
      3. Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі:                                 А. Такешев

О назначении подъемных пособий и кредитовании для приобретения жилья специалистов здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района

Постановление Курмангазинского районного акимата Атырауской области № 484 от 14 декабря 2010 года. Зарегистрировано управлением юстиции Курмангазинского района Атырауской области 11 января 2011 года за N 4-8-197. Утратило силу - постановлением Курмангазинского районного акимата Атырауской области № 444 от 12 декабря 2011 года

      Сноска. Утратило силу постановлением Курмангазинского районного акимата Атырауской области от 12.12.2011 № 444.

       Руководствуясь статьей 7 пункта 4 подпункта 8) Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года № 66 "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 "Об утверждении размеров и Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты, на основаниирешения Курмангазинского районного маслихата от 23 декабря 2009 года № 229-ХХV "О районном бюджете, предназначенного на 2010-2012 годы", акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Назначить подъемное пособие каждому специалисту здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшему для работы и проживания в сельские населенные пункты района в сумме, равной семидесятикратному размеру месячного расчетного показателя.
      2. Назначить бюджетный кредит для приобретения жилья каждому специалисту здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшему для работы и проживания в сельские населенные пункты района в сумме, равной шестисоттридцатикратному размеру месячного расчетного показателя.
      3. Постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования и применяется на отношения, возникшие с 1 января 2010 года.

      Аким района:                               А. Такешев