"Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 27 маусымдағы 2001 жылғы N 11/127-II шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 12 наурыздағы N 26/281-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 1 сәуірде N 2023 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11-бабы 1-тармағына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 маусымдағы № 11/127-II шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 326 нөмірмен тіркелген, 2001 жылғы 2 тамызда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы:
      "Шымкент қаласы үшін" бөлімі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
      "Ескертпе: жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттері Шымкент, Арыс, Түркістан, Кентау қалаларында олардың бас жоспарларында анықталған шекара шегінде қолданылады."
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы     С.Шалхаров

      Облыстық мәслихаттың хатшысы               Ә.Досболов

Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2010 жылғы 12 наурыздағы
№ 26/281-IV шешіміне қосымшасы

      Шымкент қаласы үшін:

Аймақтардың нөмірлері

Аймақтардың түзету коэффициенттері

1

1,0

2

0,8

3

0,7

4

0,6

5

0,5

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады