Ауыл округінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігі Шанақ ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 22 маусымдағы N 5 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 шілдеде N 14-6-112 тіркелді

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШЕМІН:
      1. Шанақ ауыл округіне қарасты:
      1) Шанақ елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Нұржан болыс, Келдібек би, Абдраш ата, Қаныбек Бекқұлов, Тілеген Балапанов, Мұстафа  Өтенов атаулары;
      2) Ақжар елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Егемберді Омарбеков, Құрақ Құдайбергенов атаулары;
      3) Ескі Шанақ елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге Қасымбек би атауы берілсін.
      2. Шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл округі әкімі                          Б.Мырзақұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады