Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы мәслихатының 2010 жылғы 28 маусымдағы N 32/198-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 10 тамызда N 14-9-116 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 07 маусымдағы № 4/30-V Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2012.06.07 № 4/30-V Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерiн және тәртiбi қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     Б.Байтұрсын

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Ә.Махатай      

      Отырар аудандық мәслихатының
      2010 жылғы 28 маусымдағы
      № 32/198-ІV шешімімен бекітілген

      Аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi және тәртiбi

      Осы аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi және тәртiбi (бұдан әрi – Тәртiп) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекiтiлген Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiне, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 қаулысымен бекiтiлген «Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң ережесiне» сәйкес әзiрлендi және аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн тағайындау және төлеу тәртiбiн белгiлейдi.

      1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртiпте мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi - телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының бiр айда кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң отбасының орташа айлық жиынтық кiрiсiне пайызбен қатынасы;
      отбасының жиынтық табысы - тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш бiлдiрiлген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кiрiстердiң жалпы сомасы;
      кондоминиум объектiсiн басқару органы - кондоминиум объектiсiн күтiп ұстау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      уәкiлеттi орган - жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органы;
      уәкiлеттi ұйым – екiншi деңгейдегi банктер немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар;
      өтiнiш берушi – тұрғын үй көмегiн тағайындату үшiн отбасы атынан өтiнiш беретiн тұлға.
      2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
      тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi тұтынуға;
      байланыс саласындағы заңнамада белгiленген тәртiппен тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына ақы төлеуге берiледi.
      Аз қамтамасыз етiлген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      3. Шығындардың рұқсат етiлген шектi деңгейi отбасы табысының 20 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
      4. Отбасының жиынтық табысын тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган есептейдi.
      5. Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған халықтың табысы жазбаша өтiнiшпен расталады.
      Ресми расталмаған табыс әрбiр жұмыс iстеушiге шаққанда ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.

      2. Тұрғын үй көмегiн алу құқығы

      6. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы отбасы жиынтық табысының 20 пайызы үлесiнен жоғары болған жағдайда тағайындалады.
      7. Жеке меншiгiнде бiреуден артық тұрғын үйi (пәтер) бар немесе тұрғын жайды жалға берушi (қосымша жалға берушi), сондай-ақ жалдауға берушi тұлғалар тұрғын үй көмегiн алу құқығын жоғалтады.
      8. Бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектердiң, мүгедек балалардың, сексен жастан асқан адамдардың, үш жасқа дейiнгi баланың күтiмiмен айналысатын тұлғаларды қоспағанда, еңбекке жарамды отбасындағы тұлғалар жұмыс iстемейтiн, күндiзгi оқу бөлiмiнде оқымайтын, армияда қызметiн өткермейтiн және жұмыспен қамту органында тiркелмеген кезеңге тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.
      9. Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан дәлелсiз себептермен бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуын өз бетiмен тоқтатқан жұмыссыздардың отбасы тұрғын үй көмегiн алу құқығын жоғалтады.
      10. Өтiнiш берушi тұрғын үй көмегiнiң заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған толық емес немесе жаңсақ мәлiметтер ұсынған кезде, өтiнiш берушiге және оның отбасына тұрғын үй көмегi төлемi тоқтатылады.

      3. Тұрғын үй көмегiн тағайындау тәртiбi

      11. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн азамат (отбасы) уәкiлеттi органға өтiнiш бередi және мынадай құжаттарды ұсынады:
      өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      тұрғын үйге құқық беретiн құжаттың көшiрмесi;
      азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi;
      отбасының табысын растайтын құжаттар;
      кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшерi туралы шот;
      жергiлiктi атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келiсiлген, пәтерлердiң меншiк иелерi мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекiтiлген кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге арналған шығыстар сметасы негiзiнде кондоминиум объектiсiн басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектiсiн басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шот;
      коммуналдық қызметтердi тұтыну шоттары;
      телекоммуникация қызметтерi үшiн түбiртек-шот немесе байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған шарттың көшiрмесi;
      тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жергiлiктi атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшерi туралы шот.
      12. Тұрғын үй көмегiн алуға құқық тоқсан сайын отбасының табысы туралы мәлiметтердi бере отырып расталады.
      13. Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, одан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
      14. Үәкiлеттi орган көшiрмелердi түпнұсқалармен салыстырып тексередi, оларды тiркейдi және құжаттарды қабылдағаны туралы растаманы өтiнiш берушiге бередi.
      15. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу бойынша алдыңғы тоқсандағы шығындарды өтеу үшiн бюджетте бөлiнген қаражат шегiнде ақшалай төлем түрiнде берiледi.
      16. Тұрғын үй көмегiн өтiнiш берiлген айдан бастап тұрғын үй көмегiн алуға құқығы туындағаннан кейiн ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
      Барлық қажеттi құжаттарды қоса бере отырып, өтiнiш жасалған ай деп саналады.
      17. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден құжаттарды қабылдап алған күннен бастап он жұмыс күн iшiнде тұрғын үй көмегiн тағайындау (тағайындаудан бас тарту) шешiм қабылдайды.
      Тағайындаудан бас тартқан жағдайда, уәкiлеттi орган бас тарту себебiн көрсете отырып, өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
      18. Уәкiлеттi орган тиiстi органдардан тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн ұсынылған құжаттарды қарауға қажеттi мәлiметтердi сұратуға мiндеттi.
      19. Тұрғын үй көмегiн алушылар 15 күн мерзiмде уәкiлеттi органды тұрғын үй көмегiн мөлшерiнiң өзгеруi үшiн негiз болатын немесе оны алу құқығына әсер ететiн мән-жайлар туралы хабардар етуге тиiс.
      Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерiне немесе оны алу құқығына әсер ететiн мән-жайлар болған жағдайда, қайта есептеу олар анықталған кезiнен бастап немесе келесi тоқсанда жүргiзiледi.
      Артық төленген сомалар ерiктi тәртiппен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртiбiмен қайтарылады.
      20. Тұрғын үй көмегi коммуналдық қызметтердi жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша көрсетiледi. Шоттар болмаған жағдайда, тұрғын үй көмегi норма және нормативтер шегiнде тағайындалады.
      21. Қатты отынды және сұйытылған газды тұтынудың мөлшерін жергілікті өкілді орган белгілейді.
      22. Тұрғын үй көмегiн есептеу үшiн коммуналдық қызметтер ұсынатын коммуналдық қызметтердi тұтынудың нормасы мен нормативтерi (тұтынудың орта мөлшерi) пайдаланады.      

      4. Тұрғын үй көмегiн төлеу

      23. Тұрғын үй көмегiн төлеу төлем алушының таңдауы бойынша уәкiлеттi ұйым арқылы жергiлiктi бюджетте бөлiнген қаражат шегiнде екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады