Ақбұлақ және Жібек-жолы ауыл округі аумақтарында уақ малдармен адамдарға ортақ бруцеллез ауруына қарсы шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 12 ақпандағы N 139 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 наурызда N 14-10-133 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 8 қарашадағы N 989 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2010.11.08 N 989 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабы, 1-тармағының 18 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы, 2 тармағының 9 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылдың 28 сәуiрдегi «Ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекiту туралы» № 407 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2004 жылғы 5 қарашадағы «Адам және жануарлар үшiн ортақ (бруцеллез) аурулардың алдын - алу және күресу жөнiндегi ветеринариялық-санитарлық және санитарлық- эпидемиологиялық ереженi бекiту туралы» № 632 бұйрығына сәйкес Сайрам ауданының бас мемлекеттiк ветеринарлық инспекторының 2010 жылғы 21 қаңтардағы № 1-14/29 ұсынысы негiзiнде, Ақбұлақ және Жібек-жолы ауыл округі аумақтарында уақ малдармен адамдарға ортақ бруцеллез ауруының таралуын алдын алу мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Сайрам ауданының Ақбұлақ және Жібек-жолы ауыл округі аумақтарында уақ малдармен адамдарға ортақ бруцеллез ауруының тiркелуiне байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгiленсiн.
      2. Сайрам аудандық ветеринариялық бөлімі (Е.Оспанов) Ақбұлақ және Жібек-жолы ауыл округінің ветеринариялық инспекторларымен бірлесіп:
      1) бруцеллез ауруы ошақтарында залалсыздандыру жұмыстарын және бруцеллез ауруына қарсы ветеринариялық іс-шаралардың уақтысында жүргізілуін қамтамасыз етсін;
      2) бруцеллез ауруы ошақтары орналасқан елді мекендерде халық арасында бруцеллез ауруының қаупі және оның алдын алу шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясына (М.Есболаев-келісімі бойынша) және Сайрам ауданы бойынша мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық қадағалау басқарамасына (А. Ахметов - келісім бойынша) «Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруларды алдын-алу және күресу жөнiндегi ветеринариялық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 5 қарашадағы № 632 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3252 болып тіркелген) сәйкес тиісті шараларды қабылдау, бруцеллез ауруы ошақтарында залалсыздандыру жұмыстарын және бруцеллез ауруына қарсы ветеринариялық және санитариялық-ағартушылық іс-шараларының уақытысында сапалы жүргізілуіне бақылау қою ұсынылсын.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Сапарбаевқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                М. Әлі      

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігі
      Агроөнеркәсіптік кешендегі
      мемлекеттік инспекция комитетінің
      Сайрам аудандық аумақтық
      инспекциясының бастығы                     Есболаев Молдабек
      12.02.2010 жыл

      Сайрам ауданы бойынша мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасының бастығы                      Ахметов Алдарқұл Райымқұлұлы
      12.02.2010 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады