Ақтөбе ауылдық округі Қызыл әскер ауылындағы көшеге атау беру туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігі Ақтөбе ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 24 маусымдағы N 77 Шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Әділет басқармасында 2010 жылғы 30 шілдеде N 14-11-135 тіркелді

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, Ақтөбе ауылдық округі Қызыл әскер ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Ақтөбе ауылдық округі Қызыл әскер ауылындағы атауы жоқ көшеге «Шауе Есиркепова» атауы берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзімде қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Ауылдық округ әкімі:                       Н.Абдраймов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады