Ауданның жекелеген кенттері мен ауылдарының (селоларының) шекарасын (шегін) белгілеу туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 шілдедегі N 2/333 шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 30 шілдедегі N 202 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 2 қыркүйекте N 14-12-100 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Созақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ауданның жер қатынастары мен құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсынысына сәйкес:
      1) 30,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бабата ауылының жалпы ауданы 2921 гектар;
      2) 30,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Аққолтық ауылының жалпы ауданы 4076,6 гектар;
      3) 49,1 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Құмкент ауылының жалпы ауданы 18347,2 гектар;
      4) 31,73 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қызылкөл ауылының жалпы ауданы 2400,9 гектар;
      5) 10,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Балдысу ауылының жалпы ауданы 6976 гектар;
      6) 20,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Абай ауылының жалпы ауданы 7433 гектар;
      7) 37,9 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қайнар ауылының жалпы ауданы 6649 гектар;
      8) 39,5 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Сызған ауылының жалпы ауданы 6746,93 гектар;
      9) 21,31 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Басбұлақ ауылының жалпы ауданы 6378,66 гектар;
      10) 44,5 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Көктөбе ауылының жалпы ауданы 1948,17 гектар;
      11) 10,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Ыбырай ауылының жалпы ауданы 17796 гектар;
      12) 21,16 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Раң ауылының жалпы ауданы 10684,93 гектар;
      13) 9,84 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Шаға ауылының жалпы ауданы 10659,52 гектар;
      14) 260 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қыземшек поселкесінің жалпы ауданы 20084,9 гектар;
      15) 10 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Ақсүмбе ауылының жалпы ауданы 7183,65 гектар;
      16) 33,71 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Тайқоңыр поселкесінің жалпы ауданы 3146,38 гектар;
      17) 18,83 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Сарыжаз ауылының жалпы ауданы 6174,22 гектар болып белгіленсін.
      2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Созақ ауданы әкімінің міндетін атқарушы:   М.Исаев

      Созақ аудандық мәслихатының хатшысы:       А.Аймұрзаев 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады