"Шығыс Қазақстан облысының аумағында Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағын белгілеу туралы" 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 385 қаулыға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы N 682 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 20 қаңтарда N 2542 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 123-бабына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 18-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға жер телімдерін беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 қарашадағы № 1054 қаулысына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Шығыс Қазақстан облысының аумағында Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағын белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылы 27 желтоқсандағы № 385, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2472, 2008 жылғы 16 ақпанда № 21-22 (15937) «Дидар», № 25-26 (18459) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      кіріспесіндегі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      аталған қаулының 1 қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Б. Сапарбаев

      Келісілді:

      Шығыс Қазақстан облыстық
      орман және аңшылық
      шаруашылығы аумақтық инспекциясы
      бастығының міндетін атқарушы               Е. Упобаев

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2010 жылғы 30 желтоқсандағы  
№ 682 қаулысына қосымша    

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2007 жылғы 27 желтоқсандағы  
№ 385 қаулысына 1 қосымша  

Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағының
өлшемдері мен шекаралары

      1. Қорғау аймағының жалпы ауданы 22021 гектар, оның ішінде Риддер қаласының жерлерінде – 10667 гектар, Зырян ауданының жерлерінде – 11354 гектар.
      2. Риддер қаласының жерлерінде қорғау аймағы ені екі шақырымнан кем емес, жаппай жолақ түрінде Қорықтың солтүстік - батыс шекарасын бойлай орналасқан. Қорғау аймағына «Риддер орман шаруашылығының мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесіне тиісті - 6554 гектар, шаруа қожалықтарына тиісті - 485,1 гектар, «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне («Өскемен – Риддер – РФ шекарасы» А-9 автожолы, 163 шақырымнан 191 шақырымға дейін) тиісті – 101 гектар, «Самырсын орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесіне тиісті – 3102 гектар, қосалқы жерлерге тиісті – 425 гектар жерлер кіреді.
      3. Зырян ауданының жерлерінде қорғау аймағы ені екі шақырымнан кем емес, жаппай жолақ түрінде Қорықтың оңтүстік шекарасын бойлай орналасқан. Қорғау аймағына «Өскемен орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесіне тиісті – 610 гектар, «Зырян орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесіне тиісті – 10744 гектар жерлер кіреді.

      Шығыс Қазақстан облыстық
      орман және аңшылық
      шаруашылығы аумақтық инспекциясы
      бастығының міндетін атқарушы               Е. Упобаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады