"Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже" 2005 жылғы 3 наурыздағы № 12/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 23/11. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 мамырда № 5-1-142 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Өскемен қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 шілдедегі N 26/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Өскемен қалалық мәслихатының 2010.07.23 N 26/4 шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабының 2 тармағына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Өскемен қалалық мәслихатының «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже» 2005 жылғы 3 наурыздағы № 12/4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2223 нөмірімен тіркелген, 2005 жылғы 26 наурыздағы № 30 – 31 «Дидар» газетінде, 2005 жылғы 19 наурыздағы № 42 – 43 «Рудный Алтай» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ережедегі:
      5 тармақтағы 12 саны 10 санымен ауыстырылсын;
      26 тармақтағы 12 % саны 10 % санымен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы –
      қалалық мәслихаттың хатшысы          В. Головатюк        

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады