Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді төлеу және тағайындау Нұсқаулығын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2010 жылғы 15 қарашадағы N 510 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Курчатов қаласындағы Әділет басқармасында 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 5-3-96 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2012 жылғы 08 мамырдағы N 1051 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2012.05.08. N 1051 қаулысымен.
      
      «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 16 бабына, 29 бабының 6 тармағына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-II Заңының 11 бабының 1 тармағына13 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балалары бар ата-аналарға көмек көрсету мақсатында Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді төлеу және тағайындау Нұсқаулығы бекітілсін (әрі қарай - Нұсқаулық).
      2. «Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М. А. Әбдікәрімов) үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді төлеуді және тағайындауды Нұсқаулыққа сәйкес қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласының әкім орынбасары Е. В. Старенковаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      
      
      Курчатов қаласының әкімі                           А. ГЕНРИХ

      Курчатов қаласы әкімдігінің
      2010 жылғы 15 қарашадағы
      № 510 қаулысымен
      бекітілді

      Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді төлеу және тағайындау
      Нұсқаулығы

      Бұл Нұсқаулық 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16 бабына, 29 бабының 6 тармағына, 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-II Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 11 бабының 1 тармағына13 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      1. Материалдық қамтамасыз етуді тағайындау

      1. Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық көмек тағайындауды ата-анасының біреуі немесе оны ауыстыратын тұлғаның өтінішімен мүгедек баланың тұрғылықты жері бойынша қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүргізеді.
      2. Шығыс Қазақстан облысының білім Басқармасының Ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиясымен берілетін мүгедек баланың үйде оқытылуын немесе тәрбиеленуін қажет ететіні туралы анықтама өтінішке қоса ұсынылады.
      3. Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық көмек Ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиясымен берілген мерзімнен және өтініш түскен айдан бастап тағайындалады.
      4. Материалдық көмекті төлеу немесе тағайындауды қайта жаңартуға немесе тоқтатуға әкеп соғатын жағдайлар болғанда, (баланың қайтыс болуы, интернатқа жіберу, басқа мекен жайға кету және т.б.) материалдық көмекті төлеу тоқтатылады немесе сәйкес жағдай болған айдан кейінгі айда қайта жаңартылады.
      5. Материалдық көмекті алушылар қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін көмекті алудың құқықтарына әсер ететін барлық өзгерістер туралы хабардар етеді. Материалдық көмекті алушылар өзгерістер туралы мәліметтерді ұсынбаған жағдайда, алынған сома Қазақстан Республикасының белгіленген заңнама тәртібінде қайта қайтарылуға жатады.
      6. Материалдық көмекті тағайындау туралы өтінішпен барлық қажетті құжаттар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен өтініш түскен күннен бастап 10 күн мерзімінде қарастырылады.
      7. Материалдық көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің шағымдану тәртібі және бас тарту себебі көрсетілген шешімі шыққан соң өтініш берушіге барлық құжаттар қайтарылады.
      8. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің шешіміне шағымдана алады.
      9. Материалдық көмекті тағайындау туралы өтініш пен барлық құжаттар, сонымен бірге қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүгедек балаларға материалдық көмек тағайындау туралы шешімі алушының жеке ісінде сақталады.
      10. Материалдық көмек көлемі 10 айлық есептік көрсеткіш көлеміне тең.

      2. Материалдық қамтамасыз етуді төлеу және қаржыландыру

      11. «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ағымдағы жылдың соңында қажеттілік-өтінімін ұсынады.
      12. «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджеттік шотына қаржыландыру түскенен кейін ақшалай қаражаттың аударылуы «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қаржыландыру жоспар-өтініміне сай жүзеге асырылады.
      13. Мүгедек балаларға материалдық көмек төлеу алушының шотына аудару жолымен екінші дәрежелі банктер арқылы жүзеге асырылады.
      14. Екінші дәрежелі банктер төлемді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бірінші басшысы растап, ұсынылған тізімдеме-тізімдері негізінде жүзеге асырады.
      15. Материалдық көмекті төлеу ағымдағы айға төленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады