2010 жылға арналған білім беру мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 25/6-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Риддер қалалық әділет басқармасында 2010 жылғы 21 мамырда № 5-4-130 тіркелді. Күші жойылды - қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты (Риддер қалалық мәслихатының 2011 жылғы 05 қаңтардағы № 02/04-10 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты (Риддер қалалық мәслихатының 2011 жылғы 05 қаңтардағы № 02/04-10 хаты).

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Риддер қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген, білім беру мамандарына:
      1) жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішіне тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – алты жүз отыз есептік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті сессияның төрағасы             О. Солонников

      Қалалық маслихат хатшысы               А. Ермаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады