Архат ауылының орталығындағы көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Архат ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 11 мамырдағы N 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Абай ауданындағы Әділет басқармасында 2010 жылғы 11 маусымда 5-5-111 тіркелді

      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, халық пікірін ескере отырып ШЕШЕМІН:
      1. Архат ауылының орталығындағы атауы жоқ 5 көшеге, төмендегі атаулары берілсін:
      1) Мамай батыр
      2) Батыр қыз Баян Байғожина
      3) Совет Одағының батыры Закария Белібаев
      4) Социалистік Еңбек Ері Болат Бағдатов
      5) "Даңқ" орденінің толық иегері Өртқали Қасымжанов
      2. Осы шешімнің орындалуына басшылық жасау ауыл әкімінің бас маманы Қ. Тайтөлеуге жүктелсін.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      Архат ауылдық
      округінің әкімі: А. Омиртаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады