"Бородулиха ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 17 наурыздағы N 25-3-IV шешімге өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2010 жылғы 28 қазандағы N 31-7-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2010 жылғы 17 қарашада N 5-8-120 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы N 11-5-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012.12.21 N 11-5-V шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына, 36-бабының 4-тармағына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Бородулиха ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 17 наурыздағы № 25-3-IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2010 жылғы 15 сәуірде № 5-8-108 санымен тіркелген, аудандық «Аудан тынысы» газетінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 19 (6339) санында жарияланған) шешімге келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1) Ереженің 1-бөлімінің 3-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
      «Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну ақысының рұқсат етілген шекті шығын үлесі отбасының жиынтық табысының 9 пайызы (%) мөлшерінде белгіленеді».
      2) Ереженің 2-бөлімі келесі 14-1 тармақпен толықтырылсын:
      «Егер отбасының жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегі мөлшерінен төмен болса, онда Қазақстан Республикасының сол уақыт кезеңіне сәйкес бекітілген заңнамалық актілерімен, тұрғын үйді ұстауға және тұрғын-үй коммуналдық қызметке ақы төлеуге тұрғын үй көмегін анықтау кезінде жиынтық табыс бір айлық есептік көрсеткішке түзетіледі (шегеріледі)».
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Сессия төрағасы                                  В. Лопатин
      
      Аудандық мәслихат хатшысы                        Б. Аргумбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады