"2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 17-1 шешімге өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2010 жылғы 26 мамырдағы N 21-1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зайсан аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 07 маусымда N 5-11-116 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Зайсан аудандық мәслихатының 2011 жылғы 11 қаңтардағы № 28 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Зайсан аудандық мәслихатының 2011.01.11 № 28 хаты).

       Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 109 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 17 мамырдағы «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/222-IV шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 21/269-IV (нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2531 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 17-1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-11-107 нөмірімен тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы II «Шығындар» бөлімінде:
      12 функционалдық топ, 1 кіші функция, 458 бюджеттік бағдарлама әкімшісі, 23 бағдарламаның – «21800 мың теңге саны» «13643 мың теңге санымен» ауыстырылсын;
      15 функционалдық топ, 1 кіші функция, 452 бюджеттік бағдарлама әкімшісі, 24 бағдарлама «Мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейлерінен жоғарғы деңгейлерге беруге байланысты жоғары тұрған бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» – 8157 мың теңге саны» қосылсын.
      2. Осы шешім 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа
енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                     Б. Қошпанов

      Аудандық мәслихат хатшысы                Н. Бейсенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады