Зайсан ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2010 жылғы 29 шілдедегі N 23-3/6 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зайсан аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 03 қыркүйекте N 5-11-120 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі N 3-3/17 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2012.04.12 N 3-3/17 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» № 94 Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» № 2314 қаулысының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14 сәуірдегі 2009 жылғы «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» № 512 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімге қосымша ұсынылып отырған «Зайсан ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесі» бекітілсін.
      2. Зайсан аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 қазандағы «Табысы аз отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметтеріне ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы» № 25-8/1 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 20 қарашада 5-11-50 нөмірімен тіркелген, аудандық «Достық» газетінің 2006 жылғы 13 ақпандағы № 7 санында жарияланған), Зайсан аудандық мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы «Табысы аз отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметтеріне ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы» № 25-8/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 4-4/2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 28 қаңтардағы 5-11-72 нөмірімен тіркелген, аудандық «Достық» газетінің 2008 жылғы 18 ақпандағы № 8 санында жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы                       Б. Қошпанов
 

      Аудандық мәслихат хатшысы             Н. Бейсенов

Зайсан аудандық мәслихатының
2010 жылғы 29 шілдедегі № 23-3/6
шешіміне қосымша

Зайсан ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына
(азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен
тәртібін белгілеу ережесі

1. Жалпы жағдайлар

      1. Тұрғын үй көмегі отбасының тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеудің нақты шығындары осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен артқанда тағайындалады. Осы жағдайда отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалардың шегінде есепке алынады.
      2. Әлеуметтік нормалар және тұрғын үй көмегін есептеуге алынған үйді ұстау шығындарының мөлшерін, коммуналдық қызметтерді (сумен қамтамасыз ету, газбен қамтамасыз ету, канализация, электрмен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару мен лифттерді қамту) Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес белгіленеді.
      3. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін алынатын барлық коммуналдық қызметтерге тарифтерді және олардың өзгерістерін қызмет көрсетушілер береді.

2. Тұрғын үй көмегінің мөлшері

      4. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет тұтынуға ақы төлеу үшін шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының жиынтық кірістерінің 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу формуласы:
      К = Ш - t*ЖТ:100;
      К - тұрғын үй көмегінің мөлшері;
      Ш - нақтылы әлеуметтік нормаларға сай тұрғын үйді ұстау шығыны;
      t - шекті жол берілетін шығыстар үлесі 10%;
      ЖТ - отбасының орташа жиынтық кірісі.

3. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

3.1 Тұрғын үй көмегін беру шарты

      5. Жеке меншігінде 1 бірліктен артық тұрғын үйі (пәтері) бар немесе тұрғын үй жайын жалға (жалдауға) берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      6. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген адамдары бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, соның ішіне 50 жасқа толғандар (жынысына қарамастан), 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерді, 80 жастан асқандарды күтетіндер немесе 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен шұғылданатындар кірмейді. Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметкерлер отбасының құрамына есептелмейді.
      7. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа қатысуды, оқуды немесе қайта оқуды тоқтатса тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.
      8. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй көмегі тағайындалады.
      9. Отбасының өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табысы туралы анықтамалары берілгенде, коммуналдық қызмет ақыларының төленгені туралы түбіртектері қоса беріледі.
      Ескерту. 9 тармақ жаңа редакцияда - Зайсан аудандық мәслихатының 2010.12.30 N 27-8/5 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      10. Орталықтан жылытылатын жеке үйде тұратын табысы аз отбасыларының тұрғын үй көмегін есептегенде жоғалтылған жылудың төлемі тұрғын үй ауданы әлеуметтік нормасының шегінде, қызмет көрсетушілердің тарифтерімен есепке алынады.
      11. Тұрғын үй көмегі орталықтандырылған жылу мен ыстық су қосылмаған, пәтерлері электр приборлары арқылы жылыйтын пәтер иелеріне де тағайындалады. Бұл жағдайда электр энергиясының шығыны, тұрғын үй көлемінің әлеуметтік нормасына сәйкес сол елді мекендегі жылыту мен ыстық су қызметін көрсетушінің тарифтарына эквивалент болып есептеледі.
      12. Өздері жылытатын, жеке меншік үй құрылыстарында тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеу үшін көмірдің әлеуметтік шығын нормалары қолданылады.
      13. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында қолданылатын басқа жанармай түрлерінің құны мен шығын нормасы, тұрғын үй көмегін көмірдің құны мен шығын нормасына эквивалентті деп есептелінеді.
      14. Көмірді сатып алу мезгілімен жүруіне байланысты тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің тұрғын үйге барлық әлеуметтік шығын нормасы (көмірдің құны) бір жолы өтініш жасаған тоқсанына қарай үш айға алынады.
      15. Бір үйдің бірнеше иесі болса, онда тұрғын үй көмегі әр үй иесіне (жанұяға) тағайындалады, сонымен қатар бір үйге әлеуметтік көмір нормасы әр отбасына, алып отырған ауданына байланысты сайма-сай бөлінеді.
      16. Тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде мыналар есепке алынады:
      1) өтініш беруші заңды некеде болса, бірақ зайыбы немесе жұбайы сол мекенжай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және жәрдемақы өтініш берушінің мекенжайы бойынша тағайындалады.
      2) өтініш беруші заңды некеде болса, бірақ зайыбының немесе жұбайының қазіргі тұрғылықты жерін білмесе (көрсетпесе) және құқық қорғау органдарына бұл туралы мәлімдемесе, жәрдемақы тағайындалмайды;
      3) өтініш берушінің үйіне 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда.
      17. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін берудің негізі болып табылады (1 қосымша).
      18. Коммуналдық шығындар және тұрғын үйді пайдалану жөніндегі шығындар өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның түбіртектерінің орташа көрсеткіштері бойынша есептеледі.
      19. Тұрғын үй көмегі өтінішпен бірге төмендегі қажетті құжаттар тапсырылған айдан бастап тағайындалады:
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      отбасының табысын растайтын құжаттар;
      кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
      жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшысының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
      коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      20. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындайтын орынға өз тұрғын үйінің меншік формаларының, отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының, статусының өзгеруі туралы хабарлауға тиісті.
      21. Алынып тасталды - Зайсан аудандық мәслихатының 2011.06.16 № 31-3/1 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3.2 Тұрғын үй көмегіне мұқтаж отбасылардың (азаматтардың)
жиынтық табысын есептеу

      22. Отбасының жиынтық табыстарының есептелуі тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкілетті орган арқылы жүргізіледі.
      23. Отбасының жиынтық табыстарын есептегенде табыстардың келесі түрлерінен басқа барлық түрлері есептеледі:
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      2) 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы;
      3) тұрғын үй көмегі;
      4) қайтыс болған адамды жерлеуге төленетін бір жолғы жәрдемақы;
      5) бала тууына байланысты төленетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;
      6) есептік кезеңдегі белгіленген жалпы күн көріс сомасы мөлшерінен төмен ақшалай және заттай қайырымдылық көмек көрсету;
      7) жеке ісін немесе қосымша шаруашылықты дамытуға материалдық көмек;
      8) кездейсоқ жағдайлар салдарынан отбасы адамдарының денсаулықтарына және мүліктеріне келтірілген шығынды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек, жергілікті өкілетті органдарының шешімдерімен жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер;
      9) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге бір жолғы ақшалай өтемақы;
      10) білім беру туралы заңнамаға сәйкес білім беру ұйымдарында көрсетілетін тегін тамақ және көмек;
      11) асырап алушылардың табыстары асырап алынушылардың табыстарына қосылмайды.
      Жиынтық табыс өтінушінің алған табыстары жөнінде ұсынылған мәліметтердің негізінде есептеледі.
      24. Ауылдық жердің тұрғындары үшін жеке қосалқы шаруашылықтан табыс (саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) үлкен мал басынан бір бас болғандағы тоқсанда 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басынан екі және одан көп бас болғанда 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
      25. Қаланың тұрғындары үшін жеке қосалқы шаруашылықтан табыс (саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) үлкен мал басынан бір бас болғандағы тоқсанда екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басынан екі және одан көп бас болғанда төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
      26. Жиынтық табысты есептегенде өнімді жасқа толмаған үй малы есепке алынбайды (2 қосымша). Жеке кәсіптік істерден, мүліктік және жерден түсетін табыстар мәлімделген болып саналады.
      27. Құжат бойынша расталған табыс түрлеріне еңбек етуден, зейнетақыдан, жәрдемақыдан және алименттен түсетін табыстар жатады.
      Ескерту. 27 тармақ жаңа редакцияда - Зайсан аудандық мәслихатының 2010.12.30 N 27-8/5 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.  
      28. Отбасының жиынтық табыстары өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға отбасының барлық мүшелерінің және осы мекенжай бойынша тіркелген басқа да адамдардың табыстарын қосу жолымен есептеледі.
      29. Жиынтық табысты есептеу кезінде бір тоқсаннан көп мерзімге төленетін біржолғы төлем төленсе, жиынтық табысты есептегенде біржолғы төлем алған айлар санына бөлініп, 3 айға көбейтіліп есептелінеді. Егер отбасы мүшелерінің біреуі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, отбасының жиынтық табысында, оның осы тоқсанда жұмыс істеген уақыттың табысы есепке алынады.
      30. Отбасының бір айлық ортажандық табысы отбасының тоқсандық жиынтық табыстарын отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу жолымен есептеледі.
      31. Өтініш берушілер ұсынған мәліметтердің дұрыстығына заңда белгіленген тәртіппен жауапты болады.

3.3 Тұрғын үйді ұстау және коммуналды қызметтерді пайдалануға
шекті жол берілетін әлеуметтік нормалар

      32. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде келесідей коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындары мен нормативтері қолданылады:
      1) тұрғын үй алаңының нормасы:
      жалғыз басты тұрып жатқан азаматтарға - 30 шаршы метр;
      2 адамнан тұратын отбасына - 36 шаршы метр;
      3 және одан артық тұратын отбасына - әрбір адамға 15 шаршы метрден кем емес.
      2) газды шығындау нормасы:
      1 адамға – 5,5 кг.
      3) электр қуатының тұтыну нормасы:
      1 адамға - 90 кВт;
      2 адамға - 115 кВт;
      3 және одан артық адамға (әрқайсысына) - 40 кВт;
      4) суық суды пайдалану нормасы:
      1 адамға үйде су құбыры болса – 203 теңге;
      Көшедегі су шүмектерінен ауыз суды пайдаланғандарға 1 адамға – 80 теңге.
      5) көмір шығынын есептеу нормасы:
      Тұрғын үйдің жалпы ауданының 1 шаршы метріне – 129,8 кг., бірақ бір үйге 5000 кг. аспау керек.
      Тұтыну нормативтері және оларды жылумен қамтамасыз ету, қоқысты шығару, тұрғын үйді ұстауға шығындар тарифтері қызмет берушілермен ұсынылады.

3.4 Тұрғын үй көмегінің қаржыландыруы мен төлемі

      33. Тұрғын үй көмегінің төлемі осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттар есебінен азаматтардың салымы бойынша шоттарына есептелуі жолымен екінші деңгейдегі банкілер (бұдан әрі – тиісті банкілер) арқылы жүргізіледі. Тұрғын үй көмегі төлемінің тәртібі мен шарты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және тиісті банкілер арасындағы жасалған агенттік келісімімен белгіленеді.
      34. Тиісті банкілердің филиалдары жоқ Қазақстан Республикасының елді мекендерінде аталған төлемдер агенттік келісім негізінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі белгілеген органдар арқылы жүргізіледі.

Зайсан ауданының аз қамтамасыз
етілген отбасыларына (азаматтарына)
тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері
мен тәртібіне 1 қосымша

1. Тағайындалған тұрғын үй көмегінің мөлшері (немесе тағайындаудан бас тарту) жөніндегі № ____________ШЕШІМ (көшірмесі) 200 жылғы «____» ________________істің № _________

      1. Зайсан ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібіне сәйкес тағайындалсын.

ТЕГІ ____________________________________________________________________

АТЫ ____________________________________________________________________

ӘКЕСІНІҢ АТЫ ____________________________________________________________________

Отбасы мүшелерінің саны ____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Туған күні ___________________________ Жынысы ______________________

      (күні, айы, жылы)                             (ер, әйел)

Тұрғылықты жердің мекенжайы (нақты) ________________________________________________

Жеке куәлігінің № _________________200 жылғы «____» ________________

Берген жері ____________________________________________________________________

Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) ____________________________________________________________________

Өтініш жасаған уақыты ____________________________________________________________________

Төленетін тұрғын үй көмегінің мөлшері 20 __жылғы «____» ____________

«____» _________________

______________________________________________________________сомада (санмен және жазбаша сома)

Қызмет көрсететін банкідегі жеке шоттың № _______________________________________________

2. Тұрғын үй көмегін көрсетуге бас тартылсын

____________________________________________________________________

(себебі көрсетілсін)

Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы   ______________________(А.Ж.Т.)

Бөлімнің бас маманы _______________________(А.Ж.Т.)

Зайсан ауданының аз қамтамасыз
етілген отбасыларына (азаматтарына)
тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері
мен тәртібіне 2 қосымша

Өнімді пайдалану үшін үйдегі мал мен құстың жасы

Малдардың түрі Өнімді жағдайға жеткен жас мал мен құстың жасы (ай)

Ірі қара мал

Қой және ешкі

Шошқа

Жылқы

Түйе

Құс

25

12

10

16

18

8

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады