Шағын діни топтарды тіркеу және қайта тіркеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 ақпандағы № 524 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зырян аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 25 наурызда N 5-12-103 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Зырян ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 15 қарашадағы № 761 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Зырян ауданы әкімдігінің 2011.11.15 № 761 қаулысымен.

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - Зырян ауданы әкімдігінің 2010.05.19 № 698 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ауданда қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау мүддесінде діни ұйымдармен өзара іс-қимылды нығайту мақсатында әкімдік Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару өзін-өзі басқару туралы» заңы 31 бабының 2 тармағы, Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңы 6-2 бабының 2) тармақшасы негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Заңды тұлғаның белгілері жоқ, шағын діни топтарды есептік тіркеуді және қайта тіркеу жүргізу бойынша уәкілетті орган болып, «Зырян ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ анықталсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Зырян ауданы әкімдігінің 2010.05.19 № 698 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Заңды тұлғаның белгілері жоқ, шағын діни топтарды есептік тіркеу бойынша нұсқаулық бекітілсін.
      3. Аталған қаулының орындалуына бақылау Зырян ауданы әкімінің орынбасары Э. Гейгерге жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн мерзімі өткеннен кейін әрекетке енгізілсін.


      Зырян ауданының әкімі                         Р. Мусин
 

Зырян ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 16 ақпандағы
№ 524 қаулысымен бекітілген

Заңды тұлғаның белгілері жоқ, шағын діни топтарды есептік
тіркеу және қайта тіркеу жөніндегі нұсқау

      Ескерту. Тақырыбындағы және бүкіл мәтіндегі «тіркеу» деген сөздері «және қайта тіркеу» деген сөздерімен толықтырылды - Зырян ауданы әкімдігінің 2010.05.19 № 698 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқау заңды тұлғаның белгілері жоқ, шағын діни топтарды есептік тіркеу және қайта тіркеу жөніндегі қызметін регламенттейді.
      2. Заңды тұлғаның белгілері жоқ, шағын діни топтарды есептік тіркеу және қайта тіркеу «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Заңды тұлғаның белгілері жоқ, шағын діни топтарды есептік тіркеуді және қайта тіркеу діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі аудан, қалалар әкімдерінің аппараттарының уәкілетті органы жүргізеді (бұдан кейін – тіркеуші органдар).
      4. Есептік тіркеуге жататын, шағын діни топ болып заңды тұлғасы жоқ жергілікті діни қауым болып танылады, оның мүшелерінің саны 10-ға  дейін кәмелетке жеткен азаматтар.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Зырян ауданы әкімдігінің 2010.05.19 № 698 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Заңды тұлғаның белгілері жоқ, шағын діни топтарды есептік тіркеу және қайта тіркеу осы субъектілердің діни қызметті жүзеге асыруда заңдылық берудің тәсілі болып табылады және ол шағын діни топ туралы мәліметтерді тіркеуші органның тіркеу және қайта тіркеу жұрналына енгізу жолымен іске асады. Есептік тіркеуден өткені туралы ресми растаушы, тіркеуші орган берген анықтама болып табылады.
      6. Заңды тұлғаның шағын діни тобы, оны тіркеуші органда есептік тіркеуге қойған сәттен бастап діни қызметін жүзеге асыру құқығына ие болады.

2. Шағын діни топтарды есептік тіркеу және қайта тіркеу

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - Зырян ауданы әкімдігінің 2010.05.19 № 698 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Шағын діни топтарды есептік тіркеу және қайта тіркеу құрылатын топтың қажетті құжаттарының әрекет етіп тұрған Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкестігін тексеруден, діни топ туралы мәліметтерді есеп жұрналына енгізуден және осы Нұсқаудың 1 ережесіне сай есепке қойылғаны туралы анықтама беруден тұрады.
      8. Есептік тіркеу және қайта тіркеу өту үшін діни топ аудан әкімдігіне:
      1) осы Нұсқаудың 2 ережесіне сай діни қауым атауы, ұстанған діни бағыты, орналасқан жері, топтың жетекшісі, жайында мәліметтер, ғибадат үйінің бар-жоқтығы және оның шегінде өз қызметін жүзеге асыратын аумағы көрсетілген арыз;
      2) осы Нұсқаудың 3 ережелеріне сай топты құраушы кәмелетке жеткен азаматтардың тізімі;
      3) топ мүшелері жиналысының хаттамасы.
      9. Осы Нұсқаудың 4 ережесіне сай шағын діни топты есептік тіркеу және қайта тіркеу туралы мәліметтер қатаң есептегі арнайы жұрналға енгізіледі.
      10. Есептік тіркеу және қайта тіркеу құжаттар өткізген күннен бастап 15 күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
      11. Шағын діни топта өзгерістер болған жағдайда тіркеуші орган тиісті мәліметтерді жұрналға енгізеді.
      12. Шағын діни топтардың есепке қойылғаны, сонымен бірге есеп жұрналына енгізілген қосымшалар мен өзгерістер туралы мәліметтер облыстың Ішкі саясат департаментіне беріледі.
      13. Діни топ жетекшісі аудан әкімдігіне жылына екі рет өз қызметі туралы ақпарат береді.
      14. Есептік тіркеу және қайта тіркеу ақысыз жүргізіледі.
      15. Шағын діни топ жергілікті атқарушы органның есептік тіркеуінен өзінің қызметін нақты тоқтатқан, не әділет органдарында мемлекеттік тұлға мәртебесімен діни бірлестік немесе заңды тұлғаның филиалы ретінде тіркеуден өткен жағдайда шығарылады.


      Ішкі саясат бөлімінің бастығы                 Ж. Матаева

Заңды тұлғаның белгілері жоқ
шағын діни топтарды есептік тіркеу
және қайта тіркеу
жөніндегі нұсқауға 1-қосымша
_______________________________
(арызды тіркеген органның атауы)

Діни топтың есептік тіркеуге және қайта тіркеу қойылғаны туралы анықтама

№_______

200___ жылғы «____»______________берілді

Діни топ атауы___________________________________________________

_________________________________________________________________

Ішкі саясат бөлімінің бастығы                      Қолы

Мөрі

Заңды тұлғаның белгілері жоқ
шағын діни топтарды есептік тіркеу
және қайта тіркеу
жөніндегі нұсқауға 2-қосымша
_________________________________
(арызды тіркеген органның атауы)

Арыз

____________________________________________________________________
(топ жетекшісінің аты, әкесінің аты, тегі)

____________________________________________________________________
(діни топ атауы, ұсынған діни бағыты)

____________________________________________________________________
(кәмелетке толған мүшелерінің саны)

____________________________________________________________________
(діни топтың мекен жайы және ғибадат үйінің болуы)

____________________________________________________________________
(өз қызметін соның шегінде жүзеге асыратын аумағы)

Қолы       

Мерзімі    

Заңды тұлғаның белгілері жоқ
шағын діни топтарды есептік тіркеу
және қайта тіркеу
жөніндегі нұсқауға 3-қосымша
___________________________________
(арызды тіркеген органның атауы )

Діни топты құраушы азаматтардың тізімі


р/с

Аты, әкесінің аты,
тегі

Туған жылы,
айы, күні

Тұрғылықты жері

Қолы











Заңды тұлғаның белгілері жоқ
шағын діни топтарды есептік тіркеу
және қайта тіркеу
жөніндегі нұсқауға 4-қосымша
___________________________________
(арызды тіркеген органның атауы)

Шағын діни топтарды тіркеу және қайта тіркеу жұрналы


р/
с

Тіркеу және қайта тіркеу нөмірі және тір келген уақыты

Діни топ атауы

Діни топтың діни ұстаным бағыты

Діни топтың орналасқан жері

Діни топ қызметінің ауданы

Ғибадат (құлшылық үйінің баржоғы)

Жетекшісінің аты, әкесінің аты, тегі, мекен-
жайы, телефоны

Тіркеу  және қайта тіркеу туралы анықтаманы толтырған тұлғаның аты, әкесінің аты, тегі

Тіркеу және қайта тіркеу туралы анықтаманы алған тұлғаның аты, әкесінің аты, тегі

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады