"Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау және фармацевтикалық, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу Нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 8 шілдедегі № 6-69-IV шешімге өзгерту енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 19 сәуірдегі N 19-198-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 12 мамырда N 5-18-96 тіркелді. Күші жойылды - Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 09 шілдедегі N 4-41/V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар аудандық мәслихатының 2012.07.09 N 4-41/V шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28 бабы негізінде, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау және фармацевтикалық, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 8 шілдедегі № 6-69-IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылы 12 тамызда № 5-18-67 болып тіркелген) шешімінің кіріспесіндегі «Қазақстан Республикасындағы «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2003 жылғы 4 маусымдағы № 430 Заңының 51 бабына сәйкес» деген сөйлем «Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» № 193-IV кодексінің 182 бабының 3 тармағына сәйкес» деген сөйлеммен өзгертілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
 

      Сессия төрағасы                            Т. Домбаланов

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    М. Бітімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады