Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 19 сәуірдегі N 19-191-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 19 мамырда N 5-18-97 тіркелді. Күші жойылды - Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 09 шілдедегі N 4-41/V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар аудандық мәслихатының 2012.07.09 N 4-41/V шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 заңдарына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету  жөніндегі Ережесі" бекітілсін (№ 12345 қосымшалар қоса берілген).
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Сессия төрағасы                            Т. Домбаланов

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               М. Бітімбаев

Үржар аудандық мәслихатының
2010 жылғы 19 сәуірдегі
№ 19-191-IV шешіміне
№ 1 қосымша

Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету
Ережесі

      1. Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулыларына сәйкес жасалған.
      2. Тұрғын үй көмегі осы елді мекенде тұрақты тұратын көп пәтерлі тұрғын үйді ұстау үшін төлемдеріне аз қамтылған отбасыларына (тұлғаларға) ұсынылады:
      1) күрделі жөндеуге және (немесе) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу үшін жинақталған қаражат жарналарына;
      2) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      3) байланыс саласында заңнамада белгіленген тәртіппен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
      4) өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында жергілікті атқару органдары белгілеген, шығын деңгейінен асатын көлемде сатып алынған көмір үшін бір жолғы өтемақы түрінде төленеді.
      3. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін үлесі отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне 11 % мөлшерінде белгіленеді.
      4. Тұрғын үй көмегі, тұрмысы төмен отбасыларына жылына бір рет беріледі.
      5. Тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар отбасылар:
      1) меншігінде бірден артық емес тұрғын үйі бар;
      2) отбасы құрамында еңбекке жарамды жұмыс істейтін, оқитын, әскери қызметін атқаратын немесе жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті органда тіркелген тұлғалар;
      3) 50 жасқа толған азаматтар (жынысына байланыссыз);
      4) I және II топтардағы мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі бала жастан мүгедектерге (медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасы бойынша), 80 жастан асқан қарттарға (дәрігерлік - консультативтік комиссиясының қорытындысы бойынша) күтім жасайтын тұлғалар;
      5) мүгедектік тобы жоқ өкпе, ісік аурулары диспансерлерінің есебінде тұратын азаматтар, кемінде 8 апталық жүктілік мерзімі бар әйелдер;
      6) 3 жасқа дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын, сондай–ақ, кәмелет жасына дейінгі 4 және одан да көп бала тәрбиелейтін аналар - кіші баласы 9 жасқа толғанға дейін;
      7) отбасы құрамында заңды некеде тұрып зайыбының тұрғын орнын білмейтіндер.
      Ескерту. 5 тармаққа өзгерістер енгізілді - Үржар аудандық мәслихатының 2010.11.01 N 23-259-IV (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.      
      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      отбасының табысын растайтын құжаттар;
      кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
      жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшысының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
      коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      7. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша уәкілетті орган отбасының кірістері мен коммуналдық төлемдерін кіргізіп келісім жасайды.
      8. Тұрғын үй көмегі тағайындау үшін уәкілетті органның шешімі негіз болып табылады (қосымша № 3).
      9. Электр қуаты, тұрғын үйді ұстау шығындардың алдындағы тоқсанның түбіртек – шоттарының орташа мөлшері есепке алынады.
      10. Үйлерде орталықтандырылған жылу жүйесі болмаған жағдайда, жылу мен ыстық су үшін төлем мөлшері әлеуметтік нормаларға сәйкес электр қуаты үшін есептелген сомадан есептеледі.
      11. Құрамында жалғыз басты зейнеткерлері, мүгедектері, бала жастан мүгедектері, қамқорлығында жетім балалары бар, кәмелет жасқа дейінгі 4 және одан да көп бала тәрбиелейтін отбасыларын қолдау мақсатында, тұрғын үй көмегін есептегенде, табыстары Қазақстан Республикасының заңнамалық актісімен уақыттың тиісті кезеңіне белгіленген екі есептік көрсеткішке реттеледі (кемиді).
      12. Тұрғын үй көмегі тағайындалғанда жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектер басымдық құқығына ие болады.
      13. Тұрғын үй көмегі өтініш пен барлық қажетті құжаттар өткізілген айдан бастап тағайындалады.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының 25-не дейін қабылданады.
      14. Отбасының жиынтық табысын есептеген кезде отбасы мүшелерінің өтініш берген кездегі табысының барлық түрі ескеріледі, төмендегі кіріс түрлерінен басқа:
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      2) 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
      3) тұрғын үй көмегі;
      4) жерлеуге бір жолғы жәрдемақы;
      5) бала тууына байланысты бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;
      6) жергілікті атқарушы органнан берілген бір жолғы материалдық көмек (10 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде).
      15. Жоғарғы және арнаулы орта оқу органдарында келісім-шарт негізінде күндізгі оқу түрінде оқитын студенттері бар отбасыларына тұрғын үй көмегін есептегенде отбасының жиынтық табысы оқу үшін ай сайынғы төленетін ақы мөлшерінен кем болмауы тиіс.
      16. Отбасының жиынтық табысы алименттердің есебінсіз саналады, егер де төлеуші:
      1) жұмыс істемейді және алимент төлеу жөнінде қарыздары бар (сот орындаушысынан алған анықтама негізінде) немесе оның тұрғын орны белгісіз;
      2) бас бостандығынан айыру жерлерінде немесе уақытша ұстау изоляторында болған жағдайда;
      3) туберкулез немесе психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда), емделу-еңбек профилакторияларында емделуде немесе есепте тұру.
      Ескерту. 16 тармаққа өзгерістер енгізілді - Үржар аудандық мәслихатының 2010.11.01 N 23-259-IV (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.      
      17. Есептеу кезеңінде бір тоқсаннан астам мерзімге есептелген бір жолғы жиынтық төлемдерді алғанда, барлық жиынтық кіріс сомасы ескеріледі.
      18. Ауылды мекендерде тұратын тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылығынан (бау-бақша) алынған кіріс тоқсанына 4 есептік көрсеткіш көлемінде ескеріледі, бір бас мал болған жағдайда жиынтық кіріс 7 есептік көрсеткіш көлемінде ескеріледі, екі-үш бас мал болған жағдайда кірісті 10 есептік көрсеткіш көлемінде ескеріледі, төрт және одан да көп мал басы бар жағдайда жиынтық кірісті 15 есептік көрсеткіш көлемінде ескеріледі (№ 5 қосымша).
      19. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысы жылына бір рет тағайындалады.
      20. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларға (тұлғаларға) тұрғын үй көмегін есептеу № 4 қосымшаға сәйкес есептеледі.
      21. Көмірдің құнын есептеу үшін аудан бойынша облыстық статистика басқармасының ұсынуымен орташа баға қолданылады және тоқсанның соңғы айларында (желтоқсан, наурыз, маусым, қыркүйек) есептелген мәліметтері алынады.
      22. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру қаржы жылына жергілікті атқарушы орган бюджетінде қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
      23. Есептелген тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы алушылардың есеп-шотына есептеу жолымен жүзеге асырылады.

Үржар аудандық мәслихатының
2010 жылғы 19 сәуірдегі
№ 19-191-IV шешіміне
№ 2 қосымша

Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы
өтініш

Мен _________________________________________________________
                 аты-жөні (үй иесі) туған жылы

____________________________________________________________
     жеке басын куәландыратын құжаттың №, кім берді, СТН

Менің жанұяма тұрғын үй көмегін тағайындауды өтінем, жанұямның құрамы _____ адам, мекен жайым төмендегідей_____________________

Тұрғын үйді күтуге және телефон байланысын қосуға кеткен шығын.
Тұрғын үй көмегін заңсыз немесе артық тағайындауды тудырған жалған мәлімет берген жағдайда бір жылға дейін тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылатыны және заңсыз алынған соммалар заңды түрде қайтарылатыны туралы ескертілдім.
Керекті құжаттар қоса ұсынылып отыр.
Банктегі есеп шоттың № _________________________________
Қолдары ____________________
        ____________________
        ____________________

Отбасының барлық әрекет қабілеттілігі бар мүшелері қол қояды.
Күні «____»_______________20___ жыл.
Құжаттарды қабылдадым.

Үржар аудандық мәслихатының
2010 жылғы 19 сәуірдегі
№ 19-191-IV шешіміне
№ 3 қосымша

      Үржар ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің «Тұрғын үй көмегін тағайындау» жөніндегі комиссиясы
отырысының «___» _______ 20___ жылғы №_______ шешімі
Аты-жөні ___________________________________________________
Мекен жайы _______________________________________________
Статус ____________________________________________________

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 заңына сәйкес 20___ жылғы __________ айына ________________ теңге тағайындалсын.

Тіркеу № ___________
Ашылды   ___________

      комиссия төрағасы ______________________
      комиссия мүшелері ______________________

      ___________________________
      ___________________________ 

М. О.

Үржар аудандық мәслихатының
2010 жылғы 19 сәуірдегі
№ 19-191-IV шешіміне
№ 4 қосымша

1. Үржар ауданы бойынша пеш арқылы жылынатын тұрғын
үйді ұстаудың әлеуметтік мөлшері

Тұрғын үй алаңының нормасы:

      1 адамға - 18 ш.м.;
      2 адамнан тұратын отбасына - 27 ш.м.;
      3 адамнан тұратын отбасына - 36 ш.м.;
      4 адамнан тұратын отбасына - 45 ш.м.;
      5 және одан артық адам тұратын отбасына - 54 ш.м.

Электр қуатын тұтыну нормасы:

      1 адамға - 52 квт;
      2 адамнан тұратын отбасына - 72 квт;
      3 адамнан тұратын отбасына - 100 квт;
      4 адамнан тұратын отбасына - 120 квт;
      5 және одан артық адам тұратын отбасына – 130 квт.

Байланыс қызметі:

      Телефон – қолданыстағы абоненттік төлем мен 2004 жылғы қыркүйек айында қолданыста болған абоненттік төлем арасындағы айырма.

Көмір шығынының мөлшері:

      Үйдің тұрғын алаңының 1 шаршы метріне 129,8 кг., барлығы 5000 кг аспауы тиіс.

2. Үржар ауданы бойынша суық сумен қамтамасыз етілген
тұрғын үйді ұстаудың әлеуметтік мөлшері

Тұрғын үй алаңының нормасы:

      1 адамға - 33 ш.м.;
      2 адамнан тұратын отбасына - 51 ш.м.;
      3 адамнан тұратын отбасына - 54 ш.м.;
      4 адамнан тұратын отбасына - 72 ш.м.;
      5 және одан артық адам тұратын отбасына - 90 ш.м.

Электр қуатын тұтыну нормасы:

      1 адамға - 52 квт;
      2 адамнан тұратын отбасына - 72 квт;
      3 адамнан тұратын отбасына - 100 квт;
      4 адамнан тұратын отбасына - 120 квт;
      5 және одан артық адам тұратын отбасына – 130 квт.

Суық суды тұтыну нормасы:

      1 адамға - 202 теңге;
      2 адамға - 404 теңге;
      3 адамға - 606 теңге;
      4 адамға - 808 теңге;
      5 және одан артық адамға - 1010 теңге.

Үржар аудандық мәслихатының
2010 жылғы 19 сәуірдегі
№ 19-191-IV шешіміне
№ 5 қосымша

Өнімді пайдалану үшін үйдегі мал мен құстың жасы

Малдардың түрі Өнімді жағдайға жеткен жас
мал мен құстың жасы

Ірі қара мал

25

Қой және ешкі

12

Шошқа

10

Жылқы

16

Түйе

18

Құс

8

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады