2009 жылғы 04 желтоқсандағы "2010 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 674 қаулыға толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 05 мамырдағы N 57 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 01 маусымда N 5-19-120 тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шемонаиха ауданы әкімінің 2011 жылғы 15 сәуірдегі N 1-1205 хаты)

      Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шемонаиха ауданы әкімінің 2011.04.15 N 1-1205 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармақшасына, 7-бабы 5) тармақшасына, 20-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы  № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесіне сәйкес, жұмыс берушілерден 2010 жылға арналған  ақылы қоғамдық жұмыстарды құру жөнінде қосымша өтінімдердің келіп түсуіне байланысты, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 04 желтоқсандағы «2010 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 5-19-109 нөмірімен  тіркеліп, 2010 жылғы 2 ақпанда «ЛЗ Сегодня» газетінің санында  жарияланған) № 674 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1-қосымшада «2010 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдар тізбесі, түрлері, көлемдері, қаржыландыру көздері және қоғамдық жұмыстардың нақты шарттары»:
      1) осы қаулының қосымшасына сәйкес 43-тармақ: «4. Медико -әлеуметтік мекемедегі қамқорлықтағыларын күту жөнінде көмек көрсету» 4-тармақшамен толықтырылсын;
      2) осы қаулының қосымшасына сәйкес 53, 54-тармақтармен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха ауданының әкімі              А. Кәрімов

Шемонаиха аудандық әкімдігінің
2010 жылғы 05 мамырдағы
№ 57 қаулысына қосымша

2010 жылы қоғамдық жұмыс өткізілетін ұйымдардың тізбесі,
түрлері, көлемі, қаржыландыру көздері және қоғамдық
жұмыстардың нақты шарттары

р/с

Жұмыс берушінің атауы

Қоғамдық жұмыстардың  түрлері

Орындалған жұмыстардың көлемі

Сұраным (сұралған қажетті-
лік)

1

2

3

4

5

43

"Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Первомайский медико-әлеуметтік мекемесі" ММ

4. Медико-әлеуметтік мекемедегі қамқорлықтағыларды күту жөнінде көмек көрсету

Қамқорлық-
тағыларды күтуге көмек

2

53

ШҚО Шемонаиха ауданының мұсылмандар мешіті

1. Первомайский мешітінің аумағына абаттандыру жұмыстарын жүргізу

Аумақты абаттандыру
(0,1209 га)

1

2. Первомайский мешіті ғимаратының мүлкін күзету

Ғимараттың мүлкін күзету

1

54

ҚР АШМ ауыл шаруашылық мәдени дақылдарды сорт сынау жөніндегі инспектурасы ММ

1. Выдриха а.дәнді дақылдарды өсіру бойынша қысқа мерзімдік маусымдық  жұмыстарды атқару

Дәнді дақылдарды өсіру

2

      кестенің жалғасы:

р/с

Жұмыс берушінің атауы

Қоғамдық жұмыстардың  түрлері

Ұсынылды (бекітілді)

Қаржылан-
дыру көзі

1

2

3

6

7

43

"Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Первомайский медико-әлеуметтік мекемесі" ММ

4. Медико-әлеуметтік мекемедегі қамқорлықтағыларды күту жөнінде көмек көрсету

2

Аудандық бюджет

53

ШҚО Шемонаиха ауданының мұсылмандар мешіті

1. Первомайский мешітінің аумағына абаттандыру жұмыстарын жүргізу

1

Аудандық бюджет

2. Первомайский мешіті ғимаратының мүлкін күзету

1

Аудандық бюджет

54

ҚР АШМ ауыл шаруашылық мәдени дақылдарды сорт сынау жөніндегі инспектурасы ММ

1. Выдриха а.дәнді дақылдарды өсіру бойынша қысқа мерзімдік маусымдық  жұмыстарды атқару

2

Аудандық бюджет

      "Шемонаиха ауданының
      ЖҚ және ӘББ" ММ бастығы                    Г. Бабаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады