Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округінің Первомай ауылындағы кейбір көшелердің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 12 тамыздағы N 9 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 3 қыркүйекте N 7-2-98 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, 2010 жылғы 17 шілдедегі Қабыршақты ауылдық округі тұрғындарының жалпы жиынының хаттамасын ескеріп ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округінің Первомай ауылындағы төмендегі көшелердің атаулары:
      Пионер көшесі - "Шакир Сахташев атындағы көше";
      Целинный көшесі - "Карим Саттаров атындағы көше" деп өзгертілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Қабыршақты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы М. Дильмухановқа тапсырылсын.

      Қабыршақты ауылдық
      округінің әкімі                  А. Аймурзина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады