Туберкулезге қарсы ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылы 14 наурыздағы № 131 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 1 сәуірде № 6862 тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған туберкулезге қарсы ұйымдардың қызметі туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Заң департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице - министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

С. Қайырбекова


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2011 жылғы 14 наурыздағы
№ 131 бұйрығымен бекiтiлген

Туберкулезге қарсы ұйымдардың қызметі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Осы туберкулезге қарсы ұйымдардың қызметі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және туберкулезге қарсы ұйымдардың статусы мен өкілеттігін анықтайды.

      2. Туберкулезге қарсы ұйымдарға (бұдан әрі - ТҚҰ) мынадай денсаулық сақтау ұйымдары жатады:

      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасы туберкулез проблемалары ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (бұдан әрі – ҚР ТПҰО);

      2) облыстық, қалалық және аудандық (ауданаралық) туберкулезге қарсы диспансерлер (ауруханалар);

      3) мамандандырылған туберкулезге қарсы санаторийлер;

      4) фтизиатриялық кабинеттер.

      3. Қазақстан Республикасының ТҚҰ қызметі туберкулез ауыратын науқастарға туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыруға және оның профилактикасына туберкулезден сырқаттанушылықты, таралушылықты, мүгедектікті және өлім-жітімді төмендетуге бағытталған.

      4. ТҚҰ өз қызметінде "Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексін, салалық нормативтік құқықтық актілерді, ұйым Жарғысын, осы Ережені басшылыққа алады және өз қызметін медициналық қызметке арналған мемлекеттік лицензияның негізінде жүзеге асырады.

      5. ТҚҰ:

      1) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметің мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып, туберкулездін профилактикасы бойынша ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылықты: (БЦЖ вакцинациясы мен ревакцинациясы, халыққа профилактикалық тексеру жүргізу);

      2) туберкулез инфекциясы ошақтарында санитариялық–індетке қарсы санитариялық (алдын алу) іс-шараларды, химиопрофилактика жүргізу, диспансерлік есепте тұрған туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқастарды бақылау және санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу;

      3) стандарттық зерттеулерге негізделген туберкулезді диагностикалау (бактериологиялық: микроскопия, егу әдісі және дәріге сезімталдық тесті (бұдан әрі – ДСТ), клиникалық-рентгенологиялық зерттеулер және 2 ТБ Манту туберкулиндік сынамаларды қою, сондай-ақ қосымша әдістер (аспаптық және радиологиялық);

      4) медицина қызметкерінің тікелей бақылауымен стационарлық және амбулаториялық емдеу кезеңдерінде туберкулезбен ауыратын науқастарға химиотерапия жүргізу;

      5) мамандандырылған туберкулезге қарсы санаторийлер жағдайында туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу мен оңалтудың қолдаушы сатысын жүргізу;

      6) мәжбүрлеп оқшаулау үшін емдеуден бас тартқан бактерия шығаратын туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған материалдарды сот органдарына жіберу.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң
"Қазақстан Республикасы туберкулез проблемаларының ұлттық
орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

      6. ҚР ТПҰО Қазақстан халқына ұйымдастыру-әдістемелік, білім беру, ғылыми, емдеу-диагностикалық, консультациялық қызмет және туберкулезге қарсы жоғары мамандандырылған көмек көрсетуді жүзеге асырады.

      7. ҚР ТПҰО орта және жоғарғы оқу орындарының фтизиатрия кафедраларының (дипломнан кейiнгi бiлiм) клиникалық базасы болып табылады.

      8. ҚР ТПҰО жанынан Республикалық орталықтандырылған дәрігерлік консультациялық комиссия (бұдан әрі – РОДКК) құрылады.

      9. ҚР ТПҰО міндеттері:

      1) облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегі ТҚҰ-ға, бастапқы медициналық санитариялық көмек (бұдан әрі - БМСК) ұйымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң (бұдан әрі - ҚР ӘМ), Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң (бұдан әрі - ҚР ҚМ), Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң (бұдан әрі - ҚР IIМ) медициналық қызметтеріне және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң (бұдан әрі - ҚР БҒМ) оқу орындарына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (бұдан әрі - ҚР ЕжХӘҚ) консультациялық, практикалық және ұйымдастыру-әдiстемелiк көмек көрсету;

      2) облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ТҚҰ жіберілген туберкулезбен ауыратын науқастарға туберкулезге қарсы көмек көрсету;

      3) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, жаңа және жетілдірілген технологияларды сынау және практикаға енгізу;

      4) Қазақстан Республикасында, оның ішінде туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімінің деректерін жүйелі жинау, мониторинг және талдау негізінде туберкулезді үнемі эпидемиологиялық қадағалау;

      5) стандарттық зерттеулерге негізделген туберкулезді диагностикалау (бактериологиялық: микроскопия, егу әдісі және ДСТ, клиникалық-рентгенологиялық зерттеулер және 2 ТБ Манту туберкулиндік сынамаларды қою, сондай-ақ қосымша әдістер (аспаптық және радиологиялық);

      6) медицина қызметкерінің тікелей бақылауымен стандарттық және жеке режімдерде науқастарға химиотерапия жүргізу;

      7) бейінді мамандарды тарта отырып, қосалқы ауруларды диагностикалау мен емдеу;

      8) туберкулезге қарсы препараттардың (бұдан әрі – ТҚП) жанама әсерлерін диагностикалау және төмендету мен уақтылы жою жөніндегі іс-шараларды өткізу;

      9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 920 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) бастапқы медициналық құжат нысанына (бұдан әрі - бастапқы медициналық құжат нысаны) сәйкес есепке алу;

      10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 22 қарашадағы № 742 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6586 тіркелген) бастапқы медициналық құжат нысанына (бұдан әрі - бастапқы медициналық құжат нысаны) сәйкес есептілік;

      11) Қазақстан Республикасында туберкулезді емдеу және алдын алу үшін ТҚП қажеттілікті анықтау, олардың ТҚҰ мен БМСК ұйымдарында олардың жұмсалуы мен дұрыс сақталуын бақылау;

      12) ҚР ӘМ, ҚР ІІМ және өңірлік мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттері (бұдан әрі - МСЭҚД) мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің медицина қызметкерлерін тарта отырып өңірлерде туберкулезге қарсы іс-шаралардың іске асырылу мониторингі және бағалау;

      13) азаматтық және пенитенциарлық секторлардың фтизиатрия қызметінің, сондай-ақ, БМСК ұйымдарының медицина қызметкерлері үшін туберкулезбен күрес және инфекциялық бақылау мәселелері бойынша тренингтер, семинарлар, конференциялар ұйымдастырып, өткізу;

      14) үкіметтік емес ұйымдармен, соның iшiнде халықаралық және қоғамдық ұйымдармен жұмыс істеу;

      15) өңірлік, республикалық және халықаралық форумдарға, съездерге, семинарлар мен конференцияларға, кеңестер мен тренингтерге қатысу;

      16) санитариялық-ағарту жұмыстарын, соның ішінде "Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы" РМҚМ бірлесе отырып жүргізу;

      17) туберкулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттыру және ТҚҰ, БМСК ұйымдары мен Қазақстан Республикасы ведомстволарының медициналық қызметтерінің арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету.

3. Облыстық, қалалық туберкулезге қарсы диспансер (аурухана)

      10. Облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана) туберкулезге қарсы диспансер (бұдан әрі - ОТҚД/ҚТҚД) (аурухана) облыстағы туберкулезге қарсы қызметтің жұмысын үйлестіретін, медициналық ұйымдар мен халыққа туберкулезге қарсы ұйымдастыру-әдістемелік, практикалық және консультациялық көмек көрсететін мамандандырылған диагностикалық және емдеу-профилактикалық денсаулық сақтау ұйымы болып табылады.

      11. ОТҚД/ҚТҚД жанынан облыстық/қалалық орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссия (бұдан әрі – ООДКК/ҚОДКК) құрылады.

      12. ОТҚД/ҚТҚД мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) халыққа туберкулезге қарсы көмек көрсету мәселесі бойынша облыстық/қалалық ТҚҰ және БМСК ұйымдарына ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылық;

      2) облыстың ҚР ӘМ, ҚР ҚМ мен ҚР IIМ медициналық ұйымдар мен медициналық қызметтерге, сондай-ақ ҚР БҒМ оқу орындарына туберкулезге қарсы іс-шаралар өткізу бойынша консультациялық, практикалық және ұйымдастыру-әдiстемелiк көмек көрсету;

      3) стандарттық зерттеулерге негізделген туберкулезді диагностикалау (бактериологиялық: микроскопия, егу әдісі ДСТ), клиникалық-рентгенологиялық зерттеулер және 2 ТБ Манту туберкулиндік сынамаларды қою, сондай-ақ қосымша әдістер (аспаптық және радиологиялық);

      4) медицина қызметкерінің тікелей бақылауымен стандарттық және жеке режімдерде науқастарға химиотерапия жүргізу;

      5) туберкулездің дәріге сезімтал және дәріге көнбейтін түрімен ауыратын науқастарды емдеу;

      6) емдеуден бас тартқан және туберкулездің созылмалы түрімен ауыратын науқастарды оқшаулау;

      7) бейінді мамандарды тарта отырып, қосалқы патологияларды диагностикалау мен емдеу;

      8) туберкулезге қарсы препараттарға жанама әсерлерді диагностикалау және төмендету мен уақтылы жою жөніндегі іс-шараларды өткізу;

      9) облыстың МСЭҚД бiрлесе отырып, мыналардың мониторингін жүргізу:

      жаңа туған нәрестелерді БЦЖ вакцинациялау, 6 жастағы (1-сынып) балаларға БЦЖ қайта вакцинациялау;

      жыл сайын туберкулезге мiндеттi флюорографиялық тексерілуі және "қауіп" тобындағы балаларға 2 ТБ туберкулиндi Манту сынамасы жасалуы тиіс "қауіп" тобы тұлғаларының тізбесіне сәйкес сараланған флюорографиялық тексеруді жоспарлау;

      10) бастапқы медициналық құжаттардың нысандарына сәйкес есепке алу;

      11) есептік нысандарға сәйкес есеп;

      12) облыстағы белсенді туберкулезбен ауыратын науқастарды диспансерлік бақылау;

      13) туберкулезді емдеу және алдын алу үшін ТҚП мөлшерін анықтау, оларды ТҚҰ мен БМСК ұйымдарында жұмсалуын және дұрыс сақталуын бақылау;

      14) науқастарды емдеудің қолдау сатысында мамандандырылған туберкулезге қарсы санаторийлерге, сондай-ақ балаларды санаторий үлгісіндегі мектепке дейінгі және мектеп мекемелеріне жіберу;

      15) облыстық деңгейдегі стандарттық индикаторлар негізінде туберкулезге қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылау;

      16) туберкулезбен ауыратын науқастардың еңбекке жарамдылығын сараптау бойынша іс-шараларды өткізу және медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясына (бұдан әрі – МӘСК) жіберу;

      17) практикаға туберкулездің алдын алудың, анықтау және емдеудің қазiргi заманғы әдістерін енгізу;

      18) өңірлік, республикалық және халықаралық форумдарға, съездерге, семинарлар мен конференцияларға, кеңестер мен тренингтерге қатысу;

      19) проблемалық мәселелерді жергiлiктi атқарушы органдардың қарауына енгізу (туберкулез бойынша облыстық үйлестіру кеңестері);

      20) санитариялық-ағарту жұмыстарын, соның ішінде Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығымен (СӨСҚО) бірлесе отырып жүргізу;

      21) туберкулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттыру және ТҚҰ, БМСК ұйымдары мен облыстың ведомстволық медициналық қызметтерінің арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету үшін ведомствоаралық іс-қимылды;

      22) әлеуметтік көмек көрсету үшін науқастарды іріктеу.

      13. ОТҚД/ҚТКД жанынан күндізгі емделу стационары құрылады (бұдан әрі – КЕС).

      14. КЕС:

      1) тәуліктік бақылауды және химиотерапияның бақыланатын курсын жүргізу қажет емдеуді талап етпейтін, бактерия шығармайтын I, II, III санаттағы науқастарды емдеуге жатқызу;

      2) басқа өкпе ауруларынан туберкулезді сараланған диагностикалау.

      15. КЕС науқастарға тексеру жүргізу үшін құрамында ол ұйымдастырылған ТҚҰ емдеу-диагностикалау қызметі пайдаланылады.

      16. КЕС қаржыландыру құрамында ол ұйымдастырылған ТҚҰ сметасында көзделеді.

4. Мамандандырылған туберкулезге қарсы санаторий

      17. Мамандандырылған туберкулезге қарсы санаторий (бұдан әрі - Санаторий) Қазақстан халқына туберкулезге қарсы емдеу-алдын алу және сауықтыру көмегін жүзеге асырады.

      18. Санаторий мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) ҚР ТПҰО, облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі ТҚҰ жіберілген туберкулезбен ауыратын науқастарға медицина қызметкерінің тікелей бақылауымен емдеудің стандарттық және жеке режімдерінде, қолдау сатысында химиотерапия жүргізу;

      2) туберкулез ауыратын науқастарды емдеу және оңалтуда жаңа және жетілдірілген технологияларды практикаға енгізу;

      3) ТҚП жанама реакцияларын төмендету және уақтылы жою жөніндегі іс-шараларды диагностикалау мен өткізу;

      4) бастапқы медициналық құжаттардың нысандарына сәйкес есепке алу;

      5) есептік нысандарға сәйкес есеп;

      6) өңірлік, республикалық және халықаралық форумдарға, съездерге, семинарлар мен конференцияларға, кеңестер мен тренингтерге қатысу;

      7) туберкулездің алдын алу бойынша санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу.

5. Қалалық туберкулезге қарсы диспансер (аурухана)

      19. Қалалық туберкулезге қарсы диспансер (бұдан әрі - ҚТҚД) (аурухана) қаладағы туберкулезге қарсы қызметтің жұмысын үйлестіретін, қаланың медициналық ұйымдары мен халқына ұйымдастыру-әдістемелік, практикалық және консультациялық көмек көрсететін мамандандырылған диагностикалық және емдеу-алдын алу ұйымы болып табылады.

      20. ҚТҚД өз қызметін ОТҚД ұйымдастыру-әдістемелік басшылығымен іске асырады.

      21. ҚТҚД мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) қаланың медициналық ұйымдарына, оның ішінде БМСК ұйымдары мен ҚР ӘМ, ҚР ҚМ мен ҚР IIМ ведомстволарының медициналық қызметтеріне туберкулезге қарсы іс-шараларды өткізу бойынша ұйымдастыру-әдiстемелiк көмек;

      2) стандарттық зерттеулерге негізделген туберкулезді диагностикалау (бактериологиялық: микроскопия, егу әдісі және ДСТ), клиникалық-рентгенологиялық зерттеулер және 2 ТБ Манту туберкулиндік сынамаларды қою, сондай-ақ қосымша әдістер (аспаптық және радиологиялық);

      3) туберкулездің дәріге сезімтал және дәріге көнбейтін түрімен ауыратын науқастарды емдеу;

      4) емдеуден бас тартқан және туберкулездің созылмалы түрімен ауыратын науқастарды оқшаулау;

      5) медицина қызметкерінің тікелей бақылауымен стандарттық және жеке режімдерде науқастарға химиотерапия жүргізу;

      6) бейінді мамандарды тарта отырып, қосалқы патологияны диагностикалау мен емдеу;

      7) ТҚП жанама реакцияларын диагностикалау және төмендету мен уақтылы жою жөніндегі іс-шараларды өткізу;

      8) қалалық МСЭҚД бірлесе отырып, мыналардың мониторингін жүргізу:

      жаңа туған нәрестелерді БЦЖ вакцинациялау, 6 жастағы (1-сынып) балаларға БЦЖ қайта вакцинациялау;

      жыл сайын флюорографиялық тексеру жүргізуді және "қауіп" тобындағы балаларға 2 ТБ туберкулиндi Манту сынамасын жасауды жоспарлау;

      9) БМСК және МСЭҚБ ұйымдарымен бірлесе отырып микроскопиялық әдіспен туберкулез ауруына күдікті адамдарды тексере отырып, туберкулез бойынша "қауіп" тобын қалыптастыру;

      10) қалада белсенді туберкулезбен ауыратын науқастарды диспансерлік бақылау;

      11) туберкулезді емдеу және алдын алу үшін ТҚП мөлшерін анықтау, оларды ТҚҰ мен БМСК ұйымдарында жұмсалуын және дұрыс сақталуын бақылау;

      12) мәжбүрлеп оқшаулау үшін емнен бас тартқан, бактерия шығаратын туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған материалдарды сот органдарына жіберу;

      13) қалалық деңгейде стандарттық индикаторлардың негізінде туберкулезге қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылау;

      14) науқастардың еңбекке жарамдылығын сараптау бойынша іс-шараларды өткізу және оларды МӘСК жіберу;

      15) туберкулезді диагностикалаудың, емдеу және алдын алудың қазiргi заманғы әдістерін практикаға енгізу;

      16) туберкулезбен ауыратын науқастардың диагнозын растау, түрін және диспансерлік есепке алу тобын анықтау, емді түзетулер және хирургиялық емге іріктеу үшін ОТҚД ОДКК медициналық құжаттарын ұсыну;

      17) өңірлік, республикалық және халықаралық форумдарға, съездерге, семинарлар мен конференцияларға, кеңестер мен тренингтерге қатысу;

      18) санитариялық-ағарту жұмыстарын, соның ішінде СӨСҚО бірлесе отырып жүргізу.

      22. ҚТҚД жанынан Ережеге 13 - 16-тармақтарда белгіленген тәртіппен КЕС құрылады.

6. Аудандық туберкулезге қарсы диспансер (аурухана)

      23. Аудандық туберкулезге қарсы диспансер (бұдан әрі - АТҚД) (аурухана) ауданның мамандандырылған денсаулық сақтау ұйымы болып табылады.

      24. АТҚД өз қызметін ОТҚД/ҚТҚД ұйымдастыру-әдістемелік нұсқаулығымен іске асырады.

      25. АТҚД мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) стандарттық зерттеулерге негізделген туберкулезді диагностикалау (бактериологиялық: микроскопия, егу әдісі ДСТ), клиникалық-рентгенологиялық зерттеулер және 2 ТБ Манту туберкулиндік сынамаларды қою, сондай-ақ қосымша әдістер (аспаптық және радиологиялық);

      2) туберкулездің асқынбаған (шектелген әрдістерімен) дәріге сезімтал түрімен ауыратын науқастарды (алғаш рет анықталған, қайталанған, сәтсіз емделген) емдеу;

      3) аудан деңгейінде стандарттық индикаторлардың негізінде туберкулезге қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылау;

      4) аудан деңгейінде стандарттық индикаторлардың негізінде туберкулезге қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылау;

      5) БМСК және МСЭҚБ ұйымдарымен бірлесе отырып микроскопиялық әдіспен туберкулез ауруына күдікті адамдарды тексере отырып, туберкулез бойынша "қауіп" тобын қалыптастыру;

      6) аудандық санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен бірлесе отырып, мыналардың мониторингін жүргізу:

      жаңа туған нәрестелерді БЦЖ вакцинациялау, 6 жастағы (1-сынып) балаларға БЦЖ вакцинациясын жоспарлау мен ұйымдастыру;

      жоспарлау барысында дәрігер-педиатр мен дәрігер-фтизиатр бірлесіп әзірлеген "қауіп" тобы тұлғаларының тегі бойынша бекітілген тізіміне сәйкес 2 ТБ туберкулиндi Манту сынамасын жасауды жоспарлау;

      жыл сайын сараланған флюорографиялық тексеру жүргізу және "қауіп" тобындағы балаларға 2 ТБ туберкулиндi Манту сынамасын жасау;

      7) аудандағы белсенді туберкулезбен ауыратын науқастарды диспансерлік бақылау;

      8) науқастардың еңбекке жарамдылығына сараптама жүргізу және оларды МӘСК жіберу;

      9) туберкулезбен ауыратын науқастардың диагнозын растау, түрін және диспансерлік есепке алу тобын анықтау, емді түзетулер және хирургиялық емге іріктеу үшін ОТҚД/ОДКК медициналық құжаттарын ұсыну;

      10) семинарлар мен конференцияларға, кеңестер мен тренингтерге қатысу;

      11) санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу.

      26. АТҚД жанынан Ережеге 13 - 16-тармақтарда белгіленген тәртіппен КЕС құрылады.

7. Ауданаралық туберкулезге қарсы диспансер (аурухана)

      27. Ауданаралық туберкулезге қарсы күрес жүргізетін диспансер (аурухана) (бұдан әрі - ААТҚД) қызметі туберкулезбен ауыратын науқастарды диагностикалау мен емдеу сапасын жақсартуға бағытталған мамандандырылған емдеу-диагностикалық ұйым болып табылады.

      28. ААТҚД өз қызметін ОТҚД әдістемелік-ұйымдастыру басшылығымен іске асырады.

      29. ААТҚД-ге бірдей инфекциялық-эпидемиологиялық бейіндегі облыстың/қаланың аудандарынан туберкулезбен ауыратын науқастар жатқызылады.

      30. ААТҚД түрлері:

      1) бактерия шығармайтын туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған;

      2) ТҚП сезімтал бактерия шығаратын науқастарға арналған;

      3) туберкулездің дәріге көнбейтін түрлерімен ауыратын, екінші қатардағы ТҚП емдеуге жататын ететін науқастарға арналған;

      4) симптоматикалық емдеу үшін созылмалы және дәріге көнбейтін туберкулездің түрлерімен ауыратын науқастарға арналған.

      31. ААТҚД мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) стандарттық зерттеулерге негізделген туберкулезді диагностикалау (бактериологиялық: микроскопия, егу әдісі ДСТ), клиникалық-рентгенологиялық зерттеулер және 2 ТБ Манту туберкулиндік сынамаларды қою, сондай-ақ қосымша әдістер (аспаптық және радиологиялық);

      2) туберкулез ауруының дәріге сезімтал және дәріге көнбейтін түрлерімен ауыратын науқастарды;

      3) науқастарға медицина қызметкерлерінің тікелей бақылауымен стандартты және жеке-дара кестелер бойынша ем жүргізу;

      4) аудандағы БМСК және ТҚҰ ұйымдары жолдаған науқастарға кеңес беру;

      5) аудан деңгейінде туберкулезге қарсы шараларды стандартты индикаторлар негізінде орындау;

      6) перзентхана және емханалардың балалар бөлмесімен бірлесіп жаңа туған сәбилерге БЦЖ вакцинациясын, 6 жастағы балаларға (1-сынып) БЦЖ ревакцинациясын жүргізуді ұйымдастыру;

      7) жыл сайын мiндеттi түрде туберкулез ауруына алдын ала тексерілуі тиіс "қауiп" тобының тiзiмiндегі жандарға жыл сайын флюорографиялық тексеру жүргізу және "қауiп" тобындағы балаларға 2 ТБ туберкулиндi Манту сынамасын жасауды жоспарлау;

      8) аудандағы белсенді туберкулезі бар науқастарға диспансерлік бақылау жүргізу;

      9) туберкулез ауруы диагнозын растау, науқастың типін және диспансерлік есеп тобын анықтау, емге түзетулер жасау және хирургиялық емге іріктеу мақсатында туберкулез ауруына шалдыққан науқастардың медициналық құжаттарын ООДКК/ҚОДКК ұсыну;

      10) санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу.

      32. ААТҚД жанынан Ережеге 13 - 16-тармақтарда белгіленген тәртіппен КЕС құрылады.

8. Фтизиатриялық кабинет

      33. Фтизиатриялық кабинет (бұдан әрі - ФК) ауылдың округтің құрамына енбейтін, ауыратын науқастарды диагностикалау мен емдеу сапасын жақсартуға бағытталған ауылдық округте құрылатын мамандандырылған емдеу-диагностикалық кабинет болып табылады.

      34. ФК мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) стандарттық зерттеулерге негізделген туберкулезді диагностикалау (бактериологиялық: микроскопия, егу әдісі және ДСТ, клиникалық-рентгенологиялық зерттеулер және 2 ТБ Манту туберкулиндік сынамаларды қою, сондай-ақ қосымша әдістер (аспаптық және радиологиялық);

      2) амбулаториялық деңгейдегі медицина қызметкерінің тікелей бақылауымен туберкулезбен ауыратын науқастарға науқастарды емдеуді ұйымдастыру;

      3) ТҚП жанама реакциясын диагностикалау және төмендету мен уақтылы жою жөніндегі іс-шараларды өткізу;

      4) ауданда стандарттық индикаторлардың негізінде туберкулезге қарсы іс-шаралардың орындалуын мониторингілер және бағалау;

      5) БМСК және МСЭҚБ ұйымдарымен бірлесіп туберкулез бойынша "қауіп" тобын қалыптастыру, туберкулез ауруына күдікті тұлғаларға микроскопиялық әдіспен тексеру жүргізу;

      6) ауданның санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен бірлесе отырып, мыналарға мониторинг жүргізу:

      жаңа туған нәрестелерді БЦЖ вакцинациялау, 6 жастағы (1-сынып) балаларға БЦЖ қайта вакцинациялауды жоспарлау және ұйымдастыру;

      жыл сайын сараланған флюорографиялық тексеру жүргізу және "қауіп" тобындағы балаларға 2 ТБ туберкулиндi Манту сынамасын жасау;

      7) белсенді туберкулезбен ауыратын науқастарға диспансерлік бақылау жүргізу;

      8) науқастардың еңбекке жарамдылығына сараптау жүргізу, оларды МӘСК жіберу;

      9) туберкулезбен ауыратын науқастардың диагнозын растау, түрін және диспансерлік есепке алу тобын анықтау, емді түзетулер және хирургиялық емге іріктеу үшін ОТҚД/ОДКК медициналық құжаттарын ұсыну;

      10) семинарлар мен конференцияларға, кеңестер мен тренингтерге қатысу;

      11) санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады