Жеке кәсіпкерлік саласында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметінің, жарылғыш және улы заттартарды қолдану мен олардың жұмыс істеуінің белгіленген қағидаларының сақталуының, күзет қызметі, түрлі-түсті бейнелі көбейткіш-көшіргіш техниканың, сондай-ақ штемпельдік-гравюралық кәсіпорындардың қызметінің және құрылыс-монтаждау жұмысын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 132 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі № 100 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 26 сәуірде № 6916 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 359 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 27 маусымдағы № 113/НҚ бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 29.05.2013 № 359 және ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрінің 27.06.2013 № 113/НҚ бірлескен бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Жеке кәсіпкерлік саласында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметінің, жарылғыш және улы заттартарды қолдану мен олардың жұмыс істеуінің белгіленген қағидаларының сақталуының, күзет қызметі, түрлі-түсті бейнелі көбейткіш-көшіргіш техниканың, сондай-ақ штемпельдік-гравюралық кәсіпорындардың қызметінің және құрылыс-монтаждау жұмысын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы (Қ.С. Тыныбеков):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Астана және Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты зерделеуді және талаптарының орындалуын ұйымдастырсын.
      4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 504 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 10 ақпандағы № 41 «Құрылыс-монтаждау жұмысын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді, күзет қызметі субъектілерін, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, жарылғыш заттар мен материалдарды, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдарды, улы заттарды, түрлі-түсті көбейту-көшіру техникасын сақтайтын субъектілерді және мөрлер мен мөртаңбаларды дайындау жөніндегі штемпельдік-граверлік кәсіпорындардың тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» бірлескен бұйрықтарының күші жойылды деп есептелсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары А.В. Кулиничке жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі                Экономикалық даму және
      ____________ С. Баймағанбетов      сауда министрі
                                         ____________ Ж. Айтжанова
      2011 жылғы " " ______              2011 жылғы " " ______

Қазақстан Республикасы    
Ішкі істер министрінің   
2011 жылғы 28 наурыздағы № 132
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрінің         
2011 жылғы 11 сәуірдегі № 100
бірлескен бұйрығымен бекітілген

Жеке кәсіпкерлік саласында азаматтық және қызметтік қару мен
оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен
оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында
жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалар қызметінің,
жарылғыш және улы заттарды қолдану мен олардың жұмыс
істеуінің белгіленген қағидаларының сақталуының, күзет
қызметінің, түрлі-түсті бейнелі көбейткіш-көшіргіш
техниканың, сондай-ақ штемпельдік-гравюралық
кәсіпорындардың және құрылыс-монтаждау жұмысын орындау
кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет сигнализациясы
құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға
техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге
асыратын субъектілер қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері жеке кәсіпкерлік саласында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының (бұдан әрі - қару-жарақ), азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметінің, жарылғыш және улы заттарды қолдану мен олардың жұмыс істеуінің белгіленген қағидаларының сақталуының, күзет қызметі, түрлі-түсті бейнелі көбейткіш-көшіргіш техниканың, сондай-ақ штемпельдік-гравюралық кәсіпорындардың қызметінің және құрылыс-монтаждау жұмысын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер (бұдан әрі - реттеу субъектілері) үшін әзірленген.
      2. Осы критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) тәуекел - азаматтардың өмірі мен денсаулығына, меншікке және қоршаған ортаға зиян келтіру, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікке, оның зардарының ауырлық дәрежесін ескере отырып:
      заңсыз әскерилендірілген құрылымдар немесе қылмыстық ұйымдар құру, шетелдік қатысумен күзет құрылымдарының жұмыс істеуі, еліміздегі жағдайды тұрақсыздандыру, құқыққа қарсы әрекеттер жасау үшін күзет ұйымдарын пайдалану;
      қару-жарақтың, жарылғыш және улы заттардың заңсыз айналымға өтуі, оларды құқыққа қарсы мақсаттарда, оның ішінде терроризм актілерін жасау кезінде пайдалану;
      ақша белгілері мен бағалы қағаздарды, конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, мемлекеттің тұтастығын бұзуға, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруге шақыратын баспа өнімдерін заңсыз жасау арқылы қауіп-қатер төндіру ықтималдылығы;
      2) тексерілетін субъектілер - азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған, жарылғыш және улы заттарды қолдану, күзет қызметін, түрлі-түсті бейнелі көбейткіш-көшіргіш техниканы, штемпельдік-гравюралық кәсіпорындар жеке және заңды тұлғалар сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмысын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сондай-ақ субъектілері.
      3. Жоспарлы тексерістер жүргізу тәуекел дәрежесіне байланысты:
      жоғары тәуекел дәрежесі кезінде - жылына бір реттен;
      орташа тәуекел дәрежесі кезінде - үш жылда бір реттен;
      төмен тәуекел дәрежесі кезінде - бес жылда бір реттен жиі емес кезеңділікпен белгіленеді.
      4. Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері 2 түрге бөлінеді:
      1) объективтік – реттеу субъектілерінің қызметін жүзеге асыру кезіндегі ықтимал тәуекелдің маңыздылығына негізделген;
      2) субъективтік - реттеу субъектілерінің белгіленген талаптарды бұзуға жол беруіне қарай белгіленеді.
      Субъективтік критерийлер елеулі және елеусіз бұзушылықтар болып бөлінеді.
      5. Тәуекел дәрежелері бойынша реттеу субъектілерін бастапқы жатқызу тәуекел дәрежесін бағалаудың объективтік критерийлері негізінде ғана жүзеге асырылады.
      6. Тәуекел дәрежесі бойынша реттеу субъектілерін екінші рет жатқызу субъективтік критерийлерді ескере отырып жүзеге асырылады.
      Елеусіз тәуекел дәрежесінің 3-тобына кіретін реттеу субъектілері тексерілетін кезең ішінде бір елеулі немесе екі елеусіз заң бұзушылық жасаған жағдайда орташа тауекел дәріжесінің 2-тобына, ал үш елеулі заң бұзушылық жасаған жағдайда жоғары тәуекел дәрежесінің 1-тобына ауыстырылады.
      Орташа тәуекел дәрежесінің 2-тобына кіретін реттеу субъектілері тексерілетін кезең ішінде бір елеулі немесе екі елеусіз заң бұзушылық жасаған жағдайда жоғары тәуекел дәрежесінің 1-тобына ауыстырылады.
      Соңғы жоспарлы тексеріс заң бұзушылықтарды анықтамаған жағдайда реттеу субъектілері дәрежесі аз тәуекел тобына ауыстырылады.
      Жоғары тәуекел дәрежесінің 1-тобына жатқызылған реттеу субъектілері объективтік критерий бойынша төменірек тәуекел тобына ауыстырылмайды және жыл сайын тексеруге жатады.
      7. 2 және 3-ші тәуекел топтарына жатқызылған реттеу субъектілері тексеріс жоспарларына соңғы тексерістің күнін ескере отырып енгізіледі.

2. Жеке кәсіпкерлік саласында азаматтық және қызметтік қару мен
оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен
оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында
жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың
қызметінің, жарылғыш және улы заттарды қолдану мен
олардың жұмыс істеуінің белгіленген қағидаларының
сақталуының, түрлі-түсті бейнелі көбейткіш-көшіргіш
техниканың, сондай-ақ штемпельдік-гравюралық
кәсіпорындардың тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

      8. Реттеу субъектілері объективтік критерийлері бойынша мынадай тәуекел топтарына бөлінеді:
      тәуекел дәрежесі жоғары 1-топқа – қару-жарақты, жарылғыш және улы заттарды пайдаланатын және сақтайтын заңды тұлғалар;
      тәуекел дәрежесі орташа 2-топқа - азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалған бұйымдарды сақтайтын және пайдаланатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер;
      тәуекел дәрежесі елеусіз 3-топқа - түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын сақтайтын және пайдаланатын заңды тұлғалар, сондай-ақ мөрлер мен мөртаңбаларды дайындау жөніндегі штемпельдік-граверлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер).
      9. Елеулі заң бұзушылықтарға мыналар жатады:
      1) қару-жарақты, жарылғыш және улы заттарды, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды, түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын сақтауға, штемпельдік-граверлік кәсіпорындардың жұмыс істеуіне рұқсаттың болмауы;
      2) қару-жарақты, жарылғыш және улы заттарды, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға рұқсаттың болмауы;
      3) реттеу объектілерінің қызметкерлерінде қызметтік қаруды сақтауға және алып жүруге жеке рұқсатының болмауы;
      4) қызметтік қаруды мақсатынан тыс пайдалану;
      5) қару-жарақты, белгіленбеген жерде сақтау;
      6) қару-жарақтың, жарылғыш және улы заттардың, азаматтық пиротехникалық бұйымдардың, түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасының, мөрлер мен мөртаңбалардың ұрлану немесе жоғалу фактілеріне жол беру;
      7) қару-жараққа, жарылғыш және улы заттарға, азаматтық пиротехникалық бұйымдарға, түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасына, мөрлер мен мөртаңбаларға есеп жүргізу тәртібін бұзу;
      8) қару-жарақты, жарылғыш және улы заттарды, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды, түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын, мөрлер мен мөртаңбаларды сақтауға арналған үй-жайларда өрт-күзет сигнализациясының болмауы не ақауының болуы;
      9) қару-жарақты, жарылғыш және улы заттарды, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды, түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын, мөрлер мен мөртаңбаларды сақтауға арналған үй-жайлардың техникалық нығайтылуын бұзу;
      10) республика аумағына қару-жарақты, жарылғыш және улы заттарды, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды, түрлі-түсті бейнедегі  көбейту-көшіру техникасын ішкі істер органдарының рұқсатынсыз әкелу (әкету);
      11) дүкендер сататын қару мен оның патрондарына сәйкестік сертификатының болмауы;
      12) қару-жараққа, жарылғыш және улы заттарға, азаматтық пиротехникалық бұйымдарға, түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасына, мөрлер мен мөртаңбаларға рұқсаты бар адамдардың біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі.
      10. Елеусіз заң бұзушылықтарға мыналар жатады:
      1) сатып алынған қару-жарақты тіркеу мерзімдерін сақтамау;
      2) реттеу субъектілері филиалдарының (өкілдіктерінің) қару-жарақты балансқа алу кезінде оны уақтылы тіркемеуі;
      3) қару-жарақты, жарылғыш және улы заттарды, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды, түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын сақтауға, штемпельді-граверлық кәсіпорындардың жұмыс істеуіне рұқсаттарды уақтылы ұзартпау;
      4) реттеу объектілері қызметкерлерінің қызметтік қаруды сақтауға және алып жүруге жеке рұқсаттарын уақтылы ұзартпауы;
      5) келіп түскен және сатылған қару-жарақтың саны туралы есепті ұсынбау не уақтылы ұсынбау.
      6) жарылғыш және улы заттарды, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сақтайтын қоймаларда рұқсат етілетін нормадан асып кету.

3. Жеке кәсіпкерлік саласында күзет қызметі және
құрылыс-монтаждау жұмысын орындау кезіндегі қызметті
қоспағанда, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау,
ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету
жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер қызметінің
тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

      11. Объективтік критерийлерге мыналар жатады:
      тәуекел дәрежесі жоғары 1-топқа-күзет қызметін қызметтік және азаматтық қаруды пайдалана отырып жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар;
      тәуекел дәрежесі орташа 2-топқа-күзет қызметін қызметтік және азаматтық қаруды пайдаланбай жүзеге асыратын, сондай-ақ соңғы үш жылда құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде заң бұзушылық жасаған қызметті қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар;
      тәуекел дәрежесі елеусіз 3-топқа-күзет қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ 1 және 2-топтарға енгізілмеген құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар.
      12. Елеулі заң бұзушылықтарға мыналар жатады:
      1) күзет құрылымдарының қызметінде шетелдік қатысудың болуы;
      2) күзет құрылымы басшысының не күзетшінің психикалық ауруының болуы, маскүнем, нашақор болуы;
      3) күзет құрылымы басшысының не күзетшінің қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығының болуы;
      4) күзет құрылымы басшының жоғары заңгерлік білімі немесе Қарулы Күштерде басшылық лауазымдарда немесе құқық қорғау органдарында басшы лауазымдарда кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болмауы;
      5) күзет құрылымдарының басшысының не күзетшінің арнайы даярлық курстарынан өткені туралы куәлігінің болмауы;
      6) қызметтік қару пайдаланған жағдайда қару-жарақ және оқ-дәрілерді сақтауға арналған үй-жайдың (не белгіленген талаптарға жауап беретін үй-жайларда оларды сақтауға келісім-шарттың) болмауы;
      7) күзет құрылымдарының басшылары мен күзетшілерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде қылмыс жасауы;
      8) қауіпсіздік жүйесін орнату бойынша жұмыс жүргізушілерде жоғары кернеулі (1000 вольтқа дейін) жұмыстарға рұқсатының болмауы.
      13. Елеусіз заң бұзушылықтарға мыналар жатады:
      1) ішкі істер органдары қызметкерлерінің ұйғарымын және басқа да заңды талаптарын орындамау;
      2) күзет құрылымы басшысының не күзетшінің біліктілікті арттыру курстарынан (оқытудың арнайы курсы) уақтылы өтпеуі;
      3) реттеу субъектісінің қызмет көрсету туралы келісім-шарт жасасудың жазбаша нысанын сақтамауы;
      4) объектілерді күзету кезінде күзетшілердің белгіленген нормативтік штаттық санын бұзу;
      5) күзет құрылымы басшысының не күзетшінің жас ерекшелігінің сәйкес келмеуі;
      6) күзетші лауазымын атқаратын қызметкерлердің міндетті сақтандырылуы туралы талаптардың сақталмауы;
      7) күзет құрылымдары қызметкерлерінің қызметтік міндетін орындау кезінде белгіленбеген үлгідегі нысанды киім киюі;
      8) ұйым басшысының қауіпсіздік жүйесін орнату бойынша техникалық қауіпсіздік саласындағы жұмыстың бейініне сәйкес келетін жоғары техникалық білімінің (жеке тұлғалар үшін – жоғары немесе орта арнаулы білім) болмауы;
      9) ұйымда қауіпсіздік жүйесін орнату бойынша радиожелілік спектрі бар жабдықтарды пайдалану туралы санитарлық және экологиялық қадағалау органдары қорытындысының болмауы;
      10) ұйымда қауіпсіздік жүйесін орнату бойынша санитарлық және экологиялық нормаларға жауап беретін арнайы құрал-жабдықтар мен үй-жайлардың болмауы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады