Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 26 сәуірде № 6923 тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 25.09.2013 № 227 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 12-1) тармақшасына сәйкес өткізілетін іс-шараларды реттеу және деңгейін арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасы бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 25.09.2013 № 227 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр М. Құл-Мұхаммед

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет министрінің
31 наурыздағы 2011 жылғы
№ 56 бұйрығымен бекітілген

Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасы

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 25.09.2013 № 227 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасы (бұдан әрі - Үлгілік қағида) Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мәдениет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) және/немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) ұйымдастыратын республикалық конкурстар мен фестивальдерді (бұдан әрі – конкурстармен (немесе) фестивальдер) өткізу тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Үлгілік қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) конкурс - жеңіске аса үздік үміткерді (үміткерлерді) айқындау мақсатында өткізілетін қоғамдық-мәдени, көркемдік-шығармашылық іс-шара.

      2) мәдениет саласындағы уәкілетті орган - мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырушы орталық атқарушы орган;

      3) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      4) фестиваль - музыка, театр, цирк, эстрада, кино және басқа да өнер түрлерінің жетістіктерін көрсету (байқау), мәдени-көпшілік қатысатын мереке.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 25.09.2013 № 227 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2-тарау. Конкурстардың және (немесе) фестивальдердің мақсаттары мен міндеттері

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Конкурстар мен (немесе) фестивальдердің мақсаттары мен міндеттері:

      1) өнердің шығармашылық жетістіктерін анықтау және талантты, өзіндік ерекшелігі бар шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларды қолдау;

      2) барлық жас топтарындағы дарынды адамдардың кәсіби шеберлігін жетілдіру;

      3) ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнердің ең жақсы дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғырту, дамыту, насихаттау, оның қатысушыларының кәсіби шеберлігін арттыру;

      4) халықтың мәдени демалысы мен эстетикалық тәрбиесін, рухани және мәдени құндылықтармен алмасуды ұйымдастыру;

      5) шығармашылық қызметтің түрлі салаларындағы жетістіктерді көрсету;

      6) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      7) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта өркендету, сақтау, дамыту және тарату;

      8) азаматтардың эстетикалық тәрбиесіне жағдайлар жасау;

      9) мәдени мұраны насихаттау және олардың дамуындағы сабақтастықты қамтамасыз ету;

      10) жастардың ұлтжандылық тұрғыда тәрбиеленуіне, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына тартылуына ықпал ету.

3-тарау. Фестивальдерді және (немесе) байқауларды өткізу тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Шығармашылық қызметтің түрлі салаларындағы республикалық конкурстар және (немесе) фестивальдерді ұйымдастыру уәкілетті органмен жүзеге асырылады.

      5. Жергілікті атқарушы орган уәкілетті органның келісімі бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастырады. Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізуді келісу үшін жергілікті атқарушы орган уәкілетті органға қолдаухат жолдайды.

      6. Уәкілетті орган және (немесе) жергілікті атқарушы орган осы Үлгілік қағида негізінде әрбір конкурс және (немесе) фестивальға жеке Конкурс және (немесе) фестивальді өткізудің қағидасын бекітеді (бұдан әрі - Қағида).

      7. Қағидада конкурсты және (немесе) фестивальді өткізудің мерзімдері мен өткізілетін орны көрсетіледі.

      8. Мерзімдері, мақсаттары мен міндеттері басқа конкурстардың және (немесе) фестивальдердің мерзімдерін, мақсаттары мен міндеттерін қайталайтын конкурсты және (немесе) фестивальді өткізуге жол берілмейді.

      9. Республикалық конкурстарда және (немесе) фестивальдерде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астана деңгейлеріндегі конкурстардың және (немесе) фестивальдердің жеңімпазы болып табылатын Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан көбінің өкілдері қатысуы қажет.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Ұйымдастыру комитеті

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Уәкілетті орган және (немесе) жергілікті атқарушы орган конкурсты және (немесе) фестивальді өткізу бойынша ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі - Ұйымдастыру комитеті) құрамын бекітеді.

      11. Ұйымдастыру комитеті мемлекеттік органдар мен конкурсты және (немесе) фестивальді өткізуге қатысушы мәдениет ұйымдары өкілдерінен құралады. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері өз функцияларын қоғамдық бастамамен жүзеге асырады.

      12. Ұйымдастыру комитеті конкурсты және (немесе) фестивальді дайындау және өткізу бойынша басшылықты жүзеге асырады.

      13. Ұйымдастыру комитеті конкурсты және (немесе) фестивальді дайындау және өткізу мәселелері жөнінде мүдделі органдармен өзара

      іс-қимылды жүзеге асырады.

      14. Ұйымдастыру комитеті іс-шараның ақпараттық-жарнамалық қолдау түрлерін айқындайды.

      15. Ұйымдастыру комитеті конкурсты және (немесе) фестивальді дайындау және өткізу барысында туындайтын өзге де ұйымдастыру мәселелерін шешеді.

5-тарау. Конкурстың және (немесе) фестивальдің қазылар алқасы

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Конкурс және (немесе) фестиваль қатысушыларының өнерін бағалау, сондай-ақ, қорытынды шығару үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы мемлекеттік органдардың өкілдерінен, мәдениет және өнердің көрнекті қайраткерлерінен құралады және уәкілетті орган және (немесе) жергілікті атқарушы органмен бекітіледі.

      17. Қазылар алқасының саны, төрағаны қосқанда, тақ сан болуы тиіс.

      18. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды, хаттамамен ресімделеді және барлық қазылар алқасының мүшелері қол қояды.

      19. Қазылар алқасы бағаларының критерийлері:

      1) орындаудың сапалық деңгейі;

      2) орындаушылық шеберлігі (орындаушының, аранжировкаларының дербестігі);

      3) жұмыстағы жаңашылдық деңгейі мен инновациялық көзқарасы.

      Конкурстар және (немесе) фестивальдер шығармашылық қызметтің түрлі салаларында өткізілетін болғандықтан Қағидада қосымша критерийлер көзделуі мүмкін.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 25.09.2013 № 227 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Об утверждении Типовых правил проведения республиканских конкурсов и фестивалей

Приказ Министра культуры Республики Казахстан от 31 марта 2011 года № 56. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 апреля 2011 года № 6923.

      В соответствии с подпунктом 12-1) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 15 декабря 2006 года "О культуре" в целях упорядочения и повышения уровня проводимых мероприятий ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Типовые правила проведения республиканских конкурсов и фестивалей.

      2. Комитету по культуре Министерства культуры Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в установленном порядке официальное опубликование настоящего приказа;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры Республики Казахстан;

      4) довести настоящий приказ до сведения местных исполнительных органов областей, города республиканского значения и столицы.

      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

Министр

М. Кул-Мухаммед


  Утверждены
приказом Министра культуры
Республики Казахстан
от 31 марта 2011 года № 56

Типовые правила
проведения республиканских конкурсов и фестивалей
Глава 1. Общие положения

      Сноска. Заголовок главы 1 в редакции приказа и.о. Министра культуры и спорта РК от 13.09.2018 № 256 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Типовые правила проведения республиканских конкурсов и фестивалей (далее – Типовые правила) разработаны в соответствии с подпунктом 12-1) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 15 декабря 2006 года "О культуре" и определяют порядок проведения республиканских конкурсов и фестивалей (далее - конкурсы и (или) фестивали), организуемых уполномоченным органом в области культуры (далее - уполномоченный орган) и/или местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения и столицы (далее - местный исполнительный орган).

      Сноска. Пункт 1 в редакции приказа и.о. Министра культуры и спорта РК от 13.09.2018 № 256 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. В настоящих Типовых правилах используются следующие понятия:

      1) конкурс - общественно-культурное, художественно-творческое мероприятие, проводимое с целью выявления наиболее выдающегося (или выдающихся) претендента на победу;

      2) уполномоченный орган в области культуры - центральный исполнительный орган, осуществляющий реализацию государственной политики в области культуры;

      3) местный исполнительный орган (акимат) – коллегиальный исполнительный орган, возглавляемый акимом области (города республиканского значения и столицы), осуществляющий в пределах своей компетенции местное государственное управление и самоуправление на соответствующей территории;

      4) фестиваль – культурно-массовое мероприятие, показ (смотр) достижений музыкального, театрального, циркового, эстрадного, кино и других видов искусства.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным приказом Министра культуры и информации РК от 25.09.2013 № 227 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Цели и задачи конкурса и (или) фестиваля

      Сноска. Заголовок главы 2 в редакции приказа и.о. Министра культуры и спорта РК от 13.09.2018 № 256 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Целями и задачами конкурса и (или) фестиваля являются:

      1) выявление творческих достижений искусства и поддержка талантливых, самобытных творческих коллективов и исполнителей;

      2) совершенствование профессионального мастерства одаренных людей во всех возрастных группах;

      3) возрождение, развитие, популяризация лучших традиций и достижений национальной и мировой культуры и искусства, повышение профессионального мастерства его участников;

      4) организация культурного досуга и эстетического воспитания населения, обмена духовными и культурными ценностями;

      5) показ достижений в различных сферах творческой деятельности;

      6) реализация государственной политики в области культуры;

      7) возрождение, сохранение, развитие и распространение культуры народа Республики Казахстан;

      8) создание условий для эстетического воспитания граждан;

      9) пропаганда культурного наследия и обеспечение преемственности в их развитии;

      10) содействие в патриотическом воспитании молодежи, приобщении к ценностям национальной и мировой культуры.

Глава 3. Порядок проведения конкурсов и (или) фестивалей

      Сноска. Заголовок главы 3 в редакции приказа и.о. Министра культуры и спорта РК от 13.09.2018 № 256 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Организация конкурсов и (или) фестивалей в различных сферах творческой деятельности осуществляется уполномоченным органом.

      5. Местный исполнительный орган организовывает проведение республиканских конкурсов и фестивалей в различных сферах творческой деятельности по согласованию с уполномоченным органом. Для согласования проведения республиканских конкурсов и фестивалей местный исполнительный орган направляет ходатайство в уполномоченный орган.

      6. Уполномоченный орган и (или) местный исполнительный орган на основе настоящих Типовых правил утверждает отдельно на каждый конкурс и (или) фестиваль Правила о проведении конкурса и (или) фестиваля (далее - Правила).

      7. В Правилах указываются сроки и место проведения конкурса и (или) фестиваля.

      8. Не допускается проведение конкурса и (или) фестиваля сроки, цели и задачи которых дублируются со сроками, целями и задачами других конкурсов и (или) фестивалей.

      9. В республиканских конкурсах и (или) фестивалях необходимо участие представителей более половины областей Республики Казахстан, которые являются победителями конкурсов и (или) фестивалей на уровне областей, городов республиканского значения, столицы.

      Сноска. Пункт 9 в редакции приказа и.о. Министра культуры и спорта РК от 13.09.2018 № 256 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 4. Организационный комитет

      Сноска. Заголовок главы 4 в редакции приказа и.о. Министра культуры и спорта РК от 13.09.2018 № 256 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Уполномоченный орган и (или) местный исполнительный орган утверждает состав организационного комитета по проведению конкурса и (или) фестиваля (далее - Оргкомитет).

      11. Оргкомитет формируется из представителей государственных органов и организаций культуры, участвующих в проведении конкурса и (или) фестиваля. Члены Оргкомитета осуществляют свои функции на общественных началах.

      12. Оргкомитет осуществляет руководство подготовкой и проведением конкурса и (или) фестиваля.

      13. Оргкомитет осуществляет взаимодействие с заинтересованными организациями по вопросам подготовки и проведения конкурса и (или) фестиваля.

      14. Оргкомитет определяет виды информационно-рекламной поддержки мероприятия.

      15. Оргкомитет решает иные организационные вопросы, возникающие в ходе подготовки и проведения конкурса и (или) фестиваля.

Глава 5. Жюри конкурса и (или) фестиваля

      Сноска. Заголовок главы 5 в редакции приказа и.о. Министра культуры и спорта РК от 13.09.2018 № 256 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      16. Для оценки выступлений участников конкурса и (или) фестиваля, а также подведения итогов создается жюри. Состав жюри формируется из представителей государственных органов, видных деятелей культуры и искусства и утверждается уполномоченным органом и (или) местным исполнительным органом.

      17. Количество членов жюри, включая председателя, должно быть нечетным.

      18. Решение жюри является окончательным и пересмотру не подлежит, оформляется протоколом и подписывается всеми членами жюри.

      19. Критерии оценок жюри:

      1) качественный уровень исполнения;

      2) исполнительское мастерство (индивидуальность исполнителя, аранжировок);

      3) уровень новизны и инновационные подходы в работе.

      В Правилах могут быть предусмотрены дополнительные критерии, поскольку республиканские конкурсы и (или) фестивали проводятся в различных сферах творческой деятельности.

      Сноска. Пункт 19 в редакции приказа Министра культуры и информации РК от 25.09.2013 № 227 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).