Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылы 31 наурыздағы № 126 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 29 сәуірде № 6929 тіркелді

      «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабының 13) тармақшасын іске асыру мақсатындаБҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже бекітілсін.
      2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (М.Ә. Бектемесов):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы Б.С. Әбдірәсіловке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      Б. Жұмағұлов

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 31 наурыздағы 
№ 126 бұйрығына қосымша 

Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже

      1. Осы Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабының13) тармақшасына сәйкес әзірленген.
      2. Диссертациялық кеңестер – докторанттардың диссертациялық жұмыстарын қорғауды жүргізетін және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне (бұдан әрі - Комитет) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруге ұсыныс беретін алқалы органдар (бұдан әрі – диссертациялық кеңес).
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2016 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3. Диссертациялық кеңестерді Комитет докторантура мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жоғары оқу орындарында (бұдан әрі - ЖОО) күнтізбелік 3 (үш) жылға құрады.
      Ерекше мәртебесі бар ЖОО-лар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының және Ішкі істер министрлігінің жоғары әскери, арнайы оқу орындары диссертациялық кеңестерді өз бетінше құрады. Құрылған күнінен бастап бір ай ішінде ЖОО-лар Комитетке құрылған диссертациялық кеңестер туралы ақпарат ұсынады.
      Осы диссертациялық кеңесте қорғалған диссертациялық жұмыстар бойынша Комитеттің 2 (екі) теріс шешімі болған жағдайда, ЖОО-ның Ғылыми кеңесі диссертациялық кеңесті жаңа құрамда бекітеді.
      Осы диссертациялық кеңесте қорғалған диссертациялар бойынша Комитеттің теріс шешімі 2-ден (екіден) көп болған жағдайда, диссертациялық кеңес қызметін тоқтатады және 3 (үш) жыл жұмыс істемейді.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2016 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. Осы Үлгі ережеге сәйкес ЖОО-лар диссертациялық кеңес туралы ережені әзірлейді және бекітеді.
      5. Диссертациялық кеңес кеңестің төрағасынан, төраға орынбасарынан, ғалым хатшыдан және кеңес мүшелерінен тұрады. Диссертациялық кеңестің құрамына кемінде 5 (бес) адам кіреді.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 04.05.2013 № 172 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. Диссертациялық кеңес құрылған ЖОО басшысы, Комитеттің қызметкерлері мен сараптамалық кеңесінің мүшелері диссертациялық кеңестің мүшесі бола алмайды.
      7. Әрбір мамандық бойынша диссертациялық кеңестің құрамына ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы) не философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі және тиісті зерттеу саласында кемінде 5 ғылыми мақаласы бар кемінде 3 (үш) маман қосылады.
      Бұл ретте диссертациялық кеңес мүшелерінің кемінде 1/3-і (үштен бірі) штаттық қызметкерлер, кемінде 1/3-і (үштен бірі) басқа ЖОО өкілдері, кемінде 1/3-і (үштен бірі) ғылыми немесе басқа ұйымдардың өкілдері болуы тиіс.
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының және құқық қорғау органдарының жоғары әскери, арнайы оқу орындарында құрылған диссертациялық кеңестерде мүшелерінің кемінде 1/3-ін (үштен бірін) басқа ЖОО-лардың, ғылыми және басқа ұйымдардың өкілдері құрайды, қалғандары штаттық қызметкерлер болып табылады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2016 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8. Диссертациялық кеңестің құрамы ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің хаттамалық шешімімен бекітіледі. Диссертациялық кеңестің басқа қалаларда тұратын мүшелерінің іссапар шығыстары диссертациялық кеңес жұмыс істейтін ЖОО есебінен төленеді.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 04.05.2013 № 172 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9.  Диссертациялық кеңес өзінің қызметі туралы ақпаратты ЖОО-ның интернет-ресурсына орналастырады.
      10. Күнтізбелік жыл аяқталған соң диссертациялық кеңес Комитетке осы Үлгі ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атқарған жұмыстары туралы статистикалық есеп береді.
      11. Докторант оқыған ЖОО кафедралардың және/немесе зертханалардың (бөлімдер, орталықтар) кеңейтілген отырысында докторант диссертациясының талқылануын қамтамасыз етеді.
      Кеңейтілген отырыстан 1 (бір) ай бұрын диссертация докторанттың ғылыми зерттеу саласы бойынша ғылыми дәрежесі бар 2 (екі) маманға жолданады.
      Кеңейтілген отырысқа кафедра және/немесе зертхана мүшелерінің кемінде 2/3-сі (үштен екісі), ғылыми кеңесшілер, сондай-ақ мәндес кафедралардың (зертханалардың, бөлімдердің, орталықтардың), ғылыми және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысады.
      Отырыста кеңесшілер болмаған жағдайда, олардың докторанттың диссертациясы бойынша пікірін кафедра/зертхана (бөлімдер, орталықтар) меңгерушісі оқиды.
      Докторант оқыған ЖОО диссертациялық кеңеске ЖОО бланкісінде жазылған ілеспе хатпен мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) отандық және шетелдік ғылыми кеңесшілердің пікірлері (мемлекеттік құпиялары бар диссертациялар үшін отандық консультанттардың пікірлері);
      2) кафедралардың және/немесе зертханалардың кеңейтілген отырыстарының оң қорытындысы;
      3) берік түптелген және электронды тасымалдағыштағы (CD-диск) диссертация;
      4) ғылыми еңбектерінің тізімі және олардың көшірмелері.
      Диссертация мемлекеттік, орыс немесе ағылшын тілдерінің бірінде ұсынылады.
      Құжаттарды қабылдауды кемінде 2 (екі) жұмыс күні мерзімінде тіркейтін диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы жүзеге асырады және диссертациялық кеңеске ұсынады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2016 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      12. Докторант оқыған ЖОО-да тиісті мамандық бойынша диссертациялық кеңес жұмыс істемейтін жағдайда аталған ЖОО докторанттың осы Үлгі ереженің 11-тармағында көрсетілген құжаттарын басқа ЖОО-да тиісті мамандық бойынша құрылған диссертациялық кеңеске ұсынуды қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 04.05.2013 № 172 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      13. Құжаттар қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей диссертациялық кеңес диссертацияны қорғау күнін белгілейді және ғылыми дәрежесі бар және докторанттың зерттеу саласы бойынша кемінде 5 ғылыми мақаласы бар екі рецензентті тағайындайды, олардың біреуі осы ЖОО-ның немесе докторант оқыған ЖОО-ның қызметкері болмауы тиіс. Бұл ретте докторанттар құжаттарының түсу кезегі сақталады.
      Диссертациялық кеңес мүшелеріне (1/3-інен аспайтын) диссертацияны қорғауға қабылдау отырысына бейне-конференция нысанында қатысуға рұқсат етіледі.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 04.05.2013 № 172 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      14. Диссертациялық кеңес рецензенттердің, ғылыми кеңесшілердің бір-біріне тәуелсіз ұстанымдарын басшылыққа алады.
      Мыналар рецензент бола алмайды:
      1) Комитет қызметкерлері;
      2) докторанттың диссертация тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстарының тең авторлары;
      3) диссертация орындалған және/немесе докторант тапсырыс беруші немесе орындаушы (тең орындаушы) болып табылатын ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген ЖОО бөлімшелерінің және ғылыми ұйымның (кафедралардың, зертханалардың, бөлімдердің, орталықтардың) басшылары және қызметкерлері.
      Рецензенттің біреуін диссертациялық кеңес құрамынан тағайындауға болады.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2016 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      15. Диссертациялық кеңес ЖОО интернет-ресурстарында докторанттардың қорғауы және кеңестің қызметі туралы келесі ақпаратты (мемлекеттік құпиялары бар материалдар мен диссертациялардан басқа) орналастырады:
      1) мекен-жайы, күні мен уақыты көрсетілген алдағы қорғау туралы хабарлама (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын);
      2) диссертация (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын және қорғаудан кейін 5 (бес) ай ішінде);
      3) көлемі 1 (бір) баспа табақтан кем емес мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде аннотация (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын);
      4) докторанттың жарияланымдарының тізімі (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын);
      5) қорғаудан кейін 5 (бес) ай ішінде қолжетімді ғылыми кеңесшілердің пікірлері (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын);
      6) ресми рецензенттердің пікірлері (белгіленген қорғау күнінен 10 (он) жұмыс күні бұрын);
      7) қорғаудың бейнежазбасы (қорғаудан кейін 5 (бес) ай ішінде);
      8) диссертациялық кеңестердің есептері (күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін);
      9) қорғаулар өткізу күнінің, уақытының, орнының өзгеруі және рецензенттердің ауысуы туралы хабарландыру (болған жағдайда).
      Диссертация ЖОО-ның интернет-ресурстарында орналастырылған жағдайда, авторлық құқықтарды қорғау қамтамасыз етіледі, диссертация материалдарын заңсыз көшіруден және одан әрі пайдаланудан қорғау технологиялары қолданылады. ЖОО-ның интернет-ресурсында орналастырылғаннан кейін диссертация мәтініне өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
      ЖОО-ның интернет-ресурстарында диссертация мазмұны бойынша бейресми пікірлерді орналастыру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі, кейін олар қорғауда ұсынылады. Авторын белгiлеу мүмкiн емес және автордың электрондық поштасы көрсетілмеген бейресми пікірлер қорғауда ұсынылмайды.
      Алдағы қорғау туралы хабарлама да түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комитеттің интернет-ресурсында орналастырылады (мемлекеттік құпиялары бар материалдар мен диссертациялардан басқа).
      Диссертацияның қағаз және электронды тасымалдағыштағы данасы ЖОО-ның кітапханасына беріледі. Қорғағаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы диссертацияның электронды тасымалдағыштағы даналарын Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына береді (мемлекеттік құпиялары бар диссертациялардан басқа).
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2016 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      15-1. Диссертация қорғауға қабылданғаннан кейін (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын) диссертациялық кеңес диссертацияны докторанттың авторы мен дереккөзіне сілтеме жасалмаған бөтен материалды пайдаланғанын тексеру үшін Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығына (бұдан әрі - ҰҒТАО) жібереді.
      Егер ҰҒТАО-да докторанттың авторы мен дереккөзіне сілтеме жасалмаған бөтен материалды пайдаланғаны анықталған болса, диссертациялық кеңес теріс шешім қабылдайды.
      Мемлекеттік құпиялары бар диссертацияларда авторы мен дереккөзіне сілтеме жасалмаған бөтен материалдың пайдаланылуы ҰҒТАО-да немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының және құқық қорғау органдарының жоғары әскери, арнайы оқу орындарында және/немесе ғылыми ұйымдарында комиссия негізінде тексеріледі.
      Ескерту. 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрiнiң 2012.05.18 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2016 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
      16. Рецензенттер диссертацияны және жарияланған жұмыстарды зерделеу негізінде диссертациялық кеңеске жазбаша пікірін ұсынады, онда таңдалған тақырыптың өзектілігі, диссертацияда тұжырымдалған ғылыми қағидалар, қорытындылар, ұсынымдар және оның практикалық құндылығы негіздемесінің дәрежесі, олардың жаңалығы бағаланады, сондай-ақ тиісті мамандық бойынша философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беру мүмкіндігі туралы қорытынды беріледі.
      Рецензенттерді қорғауға дейін кем дегенде 10 (он) жұмыс күні бұрын ауыстыруға болады. Егер рецензентті ауыстыру туралы шешім 10 (он) жұмыс күнінен кешіктіріліп қабылданса, қорғау күні ауыстырылады.
      Рецензенттер пікірлерінің көшірмелері докторантқа диссертация қорғауға дейін кем дегенде 10 (он) жұмыс күні бұрын беріледі.
      Пікір осы тармақтың талаптарына сәйкес келмесе, диссертациялық кеңес пікірді кем дегенде 7 (жеті) жұмыс күні бұрын рецензентке қосымша қарау үшін қайтарады немесе рецензентті ауыстырады. Рецензенттер сондай-ақ жазбаша түрде бас тартқан немесе рецензиялауға мүмкіндік болмаған жағдайда ауыстырылады.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2016 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      17. Диссертациялық кеңестің төрағасы, төраға орынбасары және ғалым хатшысы докторанттың ғылыми кеңесшілері болып табылған жағдайда олар диссертацияны қарастыру кезінде диссертациялық кеңестің отырысында өз міндеттерін орындай алмайды. Диссертациялық кеңес төрағасының міндеттерін орындау диссертациялық кеңестің шешімімен төраға орынбасарына, төраға орынбасары мен ғалым хатшының міндеттерін орындау мүшелерге жүктеледі.
      Төраға, төраға орынбасары мен ғалым хатшы бір мезгілде болмаған жағдайда диссертациялық кеңестің отырысы өткізілмейді.
      Диссертациялық кеңес диссертация қорғалуының бейнежазбаға түсірілуін және стенограммамен рәсімделуін қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 04.05.2013 № 172 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      18. Диссертациялық кеңестің отырысы егер оның жұмысына мүшелерінің кемінде 2/3-і (үштен екісі), диссертациялық кеңестің мүшелерінен отырысқа әр мамандық бойынша кемінде 3 (үш) маман міндетті түрде қатысқан жағдайда заңды болып саналады.
      Рецензенттердің біреуі жоқ болған жағдайда (дәлелді себептер бойынша) оның пікірін ғалым хатшы оқиды. Рецензенттерге диссертациялық кеңестің қорғау отырысында on-line режимінде бейне-конференция түрінде сөз сөйлеуге рұқсат беріледі.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2016 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      19. Диссертациялық кеңес докторантқа тиісті мамандықтың философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру үшін Комитетке ұсыныс жасау немесе аталған дәрежені беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін жасырын дауыс беруді жүргізеді.
      Диссертациялық кеңестің шешімі, егер оған отырысқа қатысқан диссертациялық кеңес мүшелерінің 2/3 (үштен екісі) және одан көбі дауыс берсе, оң қабылданды деп саналады. Егер оң шешімге отырысқа қатысқан диссертациялық кеңес мүшелерінің 2/3-інен (үштен екісінен) кемі дауыс берсе, теріс шешім қабылданады.
      Теріс шешім қабылданған жағдайда диссертациялық кеңес диссертацияның осы Үлгі ереже мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген Ғылыми дәрежелер беру ережесінің (бұдан әрі - Ереже) қандай талаптарына сәйкес келмейтіндігі көрсетілген қорытынды жасайды. Рецензенттердің, ғылыми кеңесшілер пікірлерінің көшірмелері, төраға мен ғалым хатшы қол қойған диссертациялық кеңес отырысының бейнежазбасы, стенограммасы мен қорытындысы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Комитетке жіберіледі.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2016 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      19-1. Диссертациялық кеңестің теріс шешіміне апелляцияны докторант диссертация қорғалған ЖОО-ға шешім шығарған күннен бастап 2 (екі) ай ішінде ерікті нысанда береді.
      Апелляция берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ЖОО ректорының бұйрығымен апелляциялық комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады. Комиссия құрамына тиісті мамандық бойынша ғылыми дәрежесі бар 3 (үш) маман кіреді. Комиссия құрамына ғылыми кеңесшілер, рецензенттер, диссертациялық кеңестің немесе Ереженің 12-17-тармақтарына сәйкес жұмыс істейтін Комитеттің Сараптау кеңесінің мүшелері кірмейді.
      Комиссия өз қызметінде осы Үлгі ережені және Ережені басшылыққа алады.
      Комиссия апелляциялық өтінішті, диссертацияны, диссертациялық кеңестің диссертацияны қорғау бойынша материалдарын қарастырады және ол құрылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде апелляция нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды.
      Апелляциялық комиссияның қорытындысын комиссия мүшелері ашық дауыс беру негізінде көпшілік дауыспен қабылдайды және оған барлық комиссия мүшелері қол қояды. Комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда, комиссия хаттамаларының көшірмелері, қорытынды және диссертация соңғы шешім қабылдау үшін күнтізбелік 15 (он бес) күннің ішінде Комитетке жіберіледі.
      Апелляциялық комиссияның қорытындысы оны қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтініш берушіге хабарланады.
      Ескерту. Ереже 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 04.05.2013 № 172 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      20. Диссертациялық кеңесте докторлық диссертация қорғалғаннан кейін ғалым хатшы докторанттың аттестациялық ісін жинақтайды, ол Комитетке күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жіберіледі. Осы мерзім өткен жағдайда аттестациялық іс қарауға қабылданбайды. Докторанттың аттестациялық ісінде мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) диссертацияның Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығына жіберілген күні көрсетіліп, диссертациялық кеңес төрағасы қол қойған диссертациялық кеңес құрылған ЖОО-ның бланкісінде ілеспе қолдаухаты;
      2) берік түптелген және электрондық тасымалдағыштағы (CD-диск) диссертация;
      3) диссертация тақырыбы бойынша ғылыми жарияланымдар тізімі мен көшірмелері;
      4) осы Үлгі ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысанда қазақ және орыс тілдерінде диссертацияның тіркеу-есеп карточкасы;
      5) диссертацияның авторы мен дереккөзіне сілтеме жасамай бөтен материалды пайдаланғаны тексерілгені туралы Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығының анықтамасы;
      6) ғылыми кеңесшілердің пікірлері;
      7) 2 (екі) рецензенттің пікірі;
      8) осы Үлгі ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша диссертациялық кеңес мүшелерінің келу парағы;
      9) төраға және ғалым хатшы қол қойған диссертацияны қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес отырысының бейнежазбасы мен стенограммасы;
      10) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломдардың көшірмелері, оларға қосымшалар (транскрипт көшірмелері);
      11) докторантураның кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгергені туралы транскрипттің көшірмесі;
      12) осы Үлгі ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша докторант туралы мәлімет;
      13) оқитын ЖОО-ның кадр қызметі растаған жеке іс парағы.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 04.05.2013 № 172 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Диссертациялық кеңес
туралы үлгі ережеге
1-қосымша    

Диссертациялық кеңестің 20 __ жылғы жұмысы туралы

ЕСЕБІ

_____________________________________________________________________
                             (ұйымның атауы)
жанындағы диссертациялық кеңес
_____________________________________________________________________
                (кеңестің шифры)
Диссертациялвқ кеңестің төрағасы ____________________________________
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 20 __ ж. «___» _______________ № ________ бұйрығымен бекітілген.
Диссертациялық кеңеске
__________________________________________________ мамандығы бойынша;
__________________________________________________ мамандығы бойынша;
__________________________________________________ мамандығы бойынша;
__________________________________________________ мамандығы бойынша
диссертация қорғауды қабылдауға рұқсат берілген.

                Есепте мынадай мәліметтер болуы тиіс:
      1. Өткізілген отырыстың саны туралы деректер.
      2. Өткізілген отырыс санының жартысынан кеміне қатысқан кеңес мүшелерінің тегі (фамилиясы).
      3. Оқу орны көрсетілген докторанттар тізімі.
      4. Мынадай бөлімдері белгіленіп көрсетілген, есепті жыл ағымында кеңесте қаралған диссертацияларға қысқаша талдау:
      - қаралған жұмыстар тақырыптарына талдау;
      - диссертация тақырыбының ұлттық мемлекеттік бағдарламалармен, сондай-ақ республикалық мақсатты және өңірлік ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалармен байланысы;
      - қаралған жұмыстардың ғылыми нәтижелерінің пайдалану деңгейіне, нақты жұмыстар нәтижелерін кеңінен енгізу жөніндегі ұсыныстарға талдау.
      5. Рецензенттердің жұмысына талдау (мейлінше сапасыз пікірлерді мысалға ала отырып).
      6. Ғылыми кадрларды даярлау жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстар.
      7. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесіне ізденушілердің қаралған диссертациялары туралы деректер.


Мамандық

Мамандық

Мамандық

Қараудан алынып тасталған диссертациялар




Оның ішінде диссертациялық кеңестің алып тастағандары




Рецензенттердің теріс пікірін алған диссертациялар




Қорғау қорытындысы бойынша оң нәтиже алғандары




Оның ішінде басқа оқу орындарынан




Қорғау қорытындысы бойынша теріс шешім алғандары




Оның ішінде басқа оқу орындарынан




Қорғалған диссертациялардың жалпы саны




Оның ішінде басқа оқу орындарынан




Диссертациялық кеңестің
төрағасы _______________________________________
                           (Т.А.Ә.)
Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы __________________________________
                           (Т.А.Ә.)
Мөр
Күні, айы, жылы

Диссертациялық кеңес 
туралы үлгі ережеге  
2-қосымша       

ТІРКЕУ-ЕСЕПТІК КАРТОЧКАСЫ

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2016 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (толық)

Туылған жылы

Азаматтығы

Ұлты

Аттестациялық істің №

Диссертациялық кеңес

Шешім қабылданған күні, айы, жылы

Шешімнің №

Диссертация қорғалған ЖОО-ның атауы

Дәрежені ізденуші

Мамандық атауы

Дәреже берілді

Дипломның №

Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор


Ескерту:
1. Мәтін 148х105мм форматтағы тығыз ақшыл қағаздан жасалған карточкада басылады.
2. «Аттестациялық істің №» және «Дәреже берілді» деген бағандар Комитетте толтырылады.
3. Карточканың артқы жағында ізденушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қорғауда ұсынылады қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көрсетіледі және оның қолымен расталады.

Диссертациялық кеңес
туралы үлгі ережеге
3-қосымша    

___________________________________ диссертациялық кеңесі мүшелерінің
___________________________________________________ мамандығы бойынша докторант _____________________________________ диссертациясын қорғау
                (тегі, аты, әкесінің аты)
жөніндегі _____________________________________________________ кеңес
                (хаттаманың күні, айы, жылы және нөмірі)
отырысына

келу парағы

Тегі, аты, әкесінің аты

Ғылыми дәрежесі

Отырысқа қатысуы (қолы)

1

2

3

Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы ___________________________________
                            (Т.А.Ә.)

Ескерту:
1. «Тегі, аты, әкесінің аты» бағанында диссертациялық кеңестің барлық мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты жазылады.

Диссертациялық кеңес 
туралы үлгі ережеге  
4-қосымша       

      Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрiнiң 2012.05.18 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Фото
3х4

Докторант туралы мәлімет
_________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)

1

Туған күні және жері, азаматтығы, ұлты


2

Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білімі туралы ақпарат (ЖОО және оқу мерзімі)


3

Докторантура мамандығы


4

Диссертацияның қорғалған орны және күні


5

Диссертацияның тақырыбы және
жазылған тілі


6

Ғылыми кеңесшілер (Т.А.Ә., лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, азаматтығы)


7

Ресми рецензенттер (Т.А.Ә., лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, азаматтығы)


8

Жарияланымдар саны, барлығы,
оның ішінде:


Комитет ұсынатын басылымдарда


Томсон Рейтер, Scopus базасындағы шетел басылымда


халықаралық конференция материалында, оның ішінде:


шетелдік конференция материалында


9

Еңбек жолы

Қабылдау
мерзімі

Босату мерзімі

Жұмыс орны, лауазымы

Мекеменің мекен-жайы













10

Мекен-жайы, байланыс деректері


Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы ______________________________
                                               (Т.А.Ә., қолы)

      Мөр орны, күні

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 31 наурыздағы 
№ 126 бұйрығына қосымша 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізімі

      1. «Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 14 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2139 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, № 15, 840-бап).
      2. «Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 796 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2617 болып тіркелген).
      3. «Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 126 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3552 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, № 14, 73-бап).
      4. «Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 17 қазандағы № 486 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4989 болып тіркелген, 2007 жылғы 30 қарашада «Заң» газетінің № 184 (1213) жарияланған).
      5. «Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 446 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6476 болып тіркелген, 2010 жылғы 22 қыркүйектегі «Егемен Қазақстан» газетінің № 382-385 (26228) жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады