2011 жылы ауыл халқына және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге шағын кредит беру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 28 сәуірдегі N 28-3/227 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 11 мамырда N 6945 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2011 жылғы 12 тамыздағы № 28-3/472 бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2011.08.12 № 28-3/472 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесінің 34 және 36-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік   қоғамына мыналар белгіленсін:
      1) ауыл халқына және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ағын кредит беру кезінде:
      сыйақы ставкасы жылдық - 9,5% -дан артық емес;
      шағын кредиттерді беру мерзімі - 3 жылдан артық емес;
      берілетін шағын кредиттердің мөлшері - 1 000,0 мың теңгеден артық емес;
      2) ірі қара малдың аналық басын және етті тұқымды төлдің өсімін молайтуға арналған асыл тұқымды бұқаларды дамыту үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге шағын кредит беру кезінде:
      сыйақы ставкасы жылдық - 6% -дан артық емес;
      шағын кредиттерді беру мерзімі - 7 жылдан артық емес;
      берілетін шағын кредиттердің мөлшері - 8 500,0 мың теңгеден артық емес.
      2. Ауылдық аумақтар істері жөніндегі комитет (С.Т.Тұңғышбеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Мамытбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады