"Ұйымдардың стандарттарын әзiрлеу, бекiту, есепке алу, өзгерту және күшiн жою, тiркеу, белгiлеу, басып шығару ережесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнiң 2007 жылғы 2 қыркүйектегi № 256 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 123 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 16 мамырда № 6958 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 495 Бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 28.12.2012 № 495 Бұйрығымен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Ұйымдардың стандарттарын әзiрлеу, бекiту, есепке алу, өзгерту, күшiн жою, тiркеу, белгiлеу, басып шығару ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнiң 2007 жылғы 2 қыркүйектегi № 256 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4949 енгiзiлген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында, 2007 жылғы қыркүйек-қазанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгiзiлсiн:
      аталған бұйрықпен бекiтiлген Ұйымдардын стандарттарын әзiрлеу, бекiту, есепке алу, өзгерту, күшiн жою, тiркеу, белгiлеу, басып шығару ережесінде:
      17-тармақтың үшінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұйым стандарты 30-күнтiзбелiк күнде қаралады. Оң шешiм қабылданғанда 2 жұмыс күннен ұзақ емес күнде тiркеледi. Терiс нәтиже кезiнде қайта қарауға жiберiледi.».
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Техникалық реттеу және метрология комитетi
(Р.А. Сәтбаев) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар вице-министрi Н.Қ. Әбдібековке жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      орынбасары – Қазақстан Республикасы
      Индустрия және
      жаңа технологиялар министрі                        Ә. Исекешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады