Медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 310 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 25 мамырында № 6972 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі N 245 Бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012.04.13 N 245 бұйрығымен.

      «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысының 4-тармағының 4-тармақшасына сәйкес және медицина қызметкерлерінің қол жеткен нәтижелерінің жұмысы үшін көтермелеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Бекітілсін:
      1) Медициналық көмек көрсету көлемі мен сапасына байланысты Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидасы осы Бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, бюджет және ақылы медициналық қызмет қаражатын үнемдеу есебінен халыққа медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында;
      2) Медициналық көмек көрсету көлемі мен сапасына байланысты Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидасы осы Бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының тарифіне қосымша компонентке республикалық бюджеттен қаржы бөлу есебінен бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарында бекітілсін.
      2. «Медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы министрінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 249 бұйрығының күші жойылсын (Әділет министрлігінде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6176 болып тіркелген; Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2010 жылғы № 14).
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіиің Стратегиялық даму департаменті (Б.Т. Төкежанов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықты орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
      6. Осы бұйрық 2011 жылғы 1 қаңтардан туындаған қатынастарға таралады.
      7. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    С. Қайырбекова

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
2011 жылғы 20 мамырдағы 
№ 310 бұйрығына 1-қосымша

Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлеріне денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сапасына байланысты халыққа медициналық көмек көрсету бойынша бюджет қаражаты және ақылы медицина қызметтерінің үнемдеу есебінен еңбекақы төлеу ережелері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлеріне денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетілетін медициналық көмектің көлемі  ен сапасына байланысты халыққа медициналық көмек көрсету бойынша бюджет қаражаты және ақылы медицина қызметтерінің үнемдеу есебінен еңбекақы төлеу ережесі (бұдан әрі -ереже) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысының 4-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Ереже үнемдеген қаржы есебінен қаражатты (қосымша төлемдер) құрылымдық бөлімшелер, медицина қызметкерлері және денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі - медицина қызметкерлері) медициналық білімі бар басшылар (басшыларының орынбасарлары) арасында бөлу тәртібін осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес медицина қызметкерлерінің қызметін бағалау өлшемдері негізінде анықтайды (бұдан әрі -Ереже 1)
      3. Денсаулық сақтау ұйымдарының барлық санаттағы медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлемдерінің мөлшері бірінші басшының бұйрығымен құрылған Комиссиямен белгіленеді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы тиіс және жеті адамнан кем болмауы тиіс. Комиссия Төрағасы комиссия мүшелерімен сайланады, бірақ бірінші басшының орынбасарынан төмен болмауы керек. Шешім дауыс беру жолы арқылы дауыс басымдылығымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Комиссия құрамына олар денсаулық сақтау ұйымдардың қызметкерлері арасында жалпы дауыс беру жолымен сайланған кәсіподақ комитетінің өкілдері мен құрылымдық бөлімшенің басшылары кіреді.
      4. Көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сапасына жету медицина қызметкерлерінің жұмысы корпоративтік жетістіктер нәтижесімен бағаланады. Бір құрылымдық бөлімше (корпоративтік топтар) ішіндегі қызметкерлер арасында қаражатты бөлу олардың әр қайсысының үлес қосуына байланысты оларға үстемеақы төлеу жолымен нәтижеге жетуге жауапты құрылымдық бөлімшелер басшыларымен анықталады.
      5. Осы  ережеге сәйкес Денсаулық сақтау ұйымдарының бірінші басшысы және құрылымдық бөлімше басшылары үстемеақыны төлеу есептеу. Көлемі мен сапасына жетуді тікелей бақылау, құрылымдық бөлімше басшысына жүктеледі.
      6. Үстемеақы негізгі жалақы беру уақытына шығарылады.
      7. «Көтермелеу туралы ұсыным» табель ретінде құрайды. Осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес кесте түрінде, ай сайын есепте кезеңге айдың 3-ге дейін медицина қызметкерлерінің қызметін бағалау бойынша қосымшамен Осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес анықтайды.
      8. Осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген жеке формаға сәйкес құрылымдық бөлімшелер басшылары мен бірінші басшының орынбасарларына көтермелеу туралы ұсыныстарды денсаулық сақтау ұйымдарының бірінші басшысы Комиссияға ұсынады. Осы Ережеде 1-қосымша Денсаулық сақтау ұйымдарының бірінші басшысына есептелген үстемақыны есептеу өзі басқарып отырған денсаулық сақтау ұйымының қол жеткізілген көрсеткіштер негізінде Комиссия қарастырады.
      9. Комиссия үстемеақыны төлеуді есептеу туралы шешімін ай сайын, келесі есепті, айдың 7 күннен кешіктермей қабылдайды және денсаулық сақтау ұйымының бірінші басшысымен келісілген және Комиссия төрағасымен қол қойылған отырыс хаттамасымен рәсімделеді.
      10. Бірінші басшының қолымен Комиссия отырысының хаттамасы бұйрық шығару үшін кадр жұмысына беріледі.
      11. Денсаулық сақтау ұйымының басшысы өз бетінше осы ұйымның медициналық білімі жоқ қызметкерлерге үстемеақы белгілеу туралы ережені әзірлеуге және бекітуге құқылы, сондай-ақ жұмыс берушінің ұжымдық шарттарына, еңбек шарттарына және (немесе) актілеріне ережелерде қарастырылған заңнамалық тәртіпте белгіленген нормалар немесе шарттарды қоса алады.

2.Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлеріне қаржыны үнемдеу есебінен үстемеақы төлеу тәртібі

      12. Медицина қызметкерлеріне қызметінің нәтижелерін сипаттайтын,оған үстемеақы төлемдерін белгілеу құқық беретін негізгі көрсеткіштер көрсетілген қызмет, көлем сапасын арттыруға қосқан үлесі болып табылады.
      Сонымен бірге:
      жұмыстың атқарылған көлемі;
      жұмыстың жоғарғы сапасы мен нәтижелілігі;
      қазіргі заманғы технологияларды енгізу, инновациялық қызметтің бар болуы;
      ескере отырып жұмысты жеке белгілі бір күнтізбелік уақыт ағымында, сондай-ақ ұжыммен маңызды және жауапты атқару;
      13. Медицина қызметкерлеріне үстемеақы белгілеу жүргізілмейді ескеріледі:
      қаралған кезеңде ол адамнан тәртіптік жаза алынбаған жағдайдың бар болуы кезінде;
      тиісті органда кемінде бір ай жұмыс істеуі;
      қосымша қызметте жұмыс атқарған медицина қызметкерлеріне;
      кезекті еңбек демалысында, уақытша жұмысқа жарамсыз уақытына, бала күту бойынша демалыстарында, оқу демалыстарында, еңбек заңнамасы қарастырылған кезеңде медицина қызметкерлеріне;
      күнтізбедегі ай біткенде медицина қызметкерлерінің өз бастамасымен жұмыстан шығу;
      ішкі (аудит) және мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар болған жағдайда.
      14. Шығыстарды үнемдеу есебінен үстемеақыны белгілеу жүзеге асырылады жыл ағымында смета бойынша үнемделген қаражаттың жалпы көлемінің 30 %-дан аспайтын, ал желтоқсанда - жыл бойы үнемделген қаражаттың толық көлеміндегі келесі шығыстар түрі бойынша:
      іссапар шығыстары;
      коммуналдық қызметтер;
      электрэнергиясы; жылу;
      байланыс қызметтері;
      көлік қызметтері;
      негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу;
      негізгі қаражат бойынша жалға алу төлемі;
      кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер) төлеу шығыстары; үнемделген қаражаттың толық көлеміндер келесі шығыстардың түрлері бойынша жалақысы;
      салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер.
      15. Денсаулық сақтау ұйымдарында қаржыны үнемдеу бағытын шығыстардың басқа түрлер бойынша үстемеақы белгілеуге жіберілмейді.
      16. Медицина қызметкерлеріне қаражатты үнемдеу есебінен үстемеақы төлеу кезінде Қазақстан Республикасының Салық Кодексімен сәйкес төлемді ескеру қажет:
      қызметкерлердің жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын;
      жеке табыс салығы;
      әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар;
      әлеуметтік салық.
      17. Үнемдеу бойынша қаражаттың пайдаланылмаған бөлігі денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкелеріне материалдық көмек көрсету, қосымша көтермелеуге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының ұжымдық шарт және (немесе) акті негізінде денсаулық сақтау ұйымының қызметін дамытуға бағытталуы мүмкін.
      18. Медицина қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына жұмыстың соңғы нәтижесіне үстемеақы төлеу константа болып табылмайды және жаңа жалақыны құрамайды.
      19. Медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеуге бағытталған қаражат қоры:
      денсаулық сақтау жұмыс құрылымдық бөлімшелер медициналық бөлігінің жалақы қорын қалыптастыру;
      медициналық бөлімнің барлық жалақысы қорынан денсаулық сақтау  ұйымдарының бір (әрқайсысы) құрылымдық бөлімшелері бөлігінің медициналық жалақы қорын үлес салмағын анықтау;
      денсаулық сақтау ұйымдарының бір (әрқайсысы) құрылымдық бөлімшелері медициналық бөлігінің жалақы қорының үлес салмағына сәйкес құрылымдық бөлімшелердің медициналық бөлігі бойынша үнемделген соманы бөлу ол қосымшамен берілген Көтермелеу туралы ұсыным негізінде Комиссия отырысында анықталады.
      Бұл ретте осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес Комиссия төмендеу және жоғарылау ескеріледі;
      денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесінің медициналық қызметкерінің жалақы қорының үлес салмағын анықтау;
      олардың жалақы қорының үлес салмағына сәйкес құрылымдық бөлімшелердің медицина қызметкерлерінің арасында үнемделген соманы бөлу;
      нәтижеге жету үшін жауапты, құрылымдық бөлімшелердің медицина қызметкерлері құрылымдық бөлімшелердің / корпоративтік топ басшылары арасында қаражаттың түпкілікті көлемін бөлу арқылы қалыптастырылады. (төмендеу және жоғарлау коэффициентіне есеп-қисаптырын есепке алумен)
      20. Барлық денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері медицина бөлігінің жалақы қорының пропорциясын қалыптастыру медицина қызметкерлерінің барлық әрқайсысының денсаулық сақтау ұйымының бір әрқайсысы) құрылымдық бөлімшелері жалақы қорынан медицина бөлігінің жалақы қорының үлес салмағын анықтау арқылы жүзеге асырылады, мынадай  формула бойынша:

Кі=ФЭі*100%
n
ЗПі
і=1

      мұнда,
      Кі - і бөлімшесіне денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшесі медицина бөлігінің жалақы қоры қатынасының үлес салмағы;
      ФЭі - і бөлімшесінің медицина бөлігінің жалақысы;
      n - бөлімше саны.
      21. Құрылымдық бөлімшелер арасында қаражатты бөлу, мынадай формула бойынша:

Vii х SЭМО

      мында,
      V; - і -құрылымдық бөлімшесінің қаражат көлемі;
      Кі - і-бөлімшесіне денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшелері медицина бөлігінің жалақы қоры қатынасының үлес салмағы;         МҰҮ - медицина ұйымы қаражатының үнемдеу сомасы.
      22. Жоғарлау және төмендеу коэффициентін есепке ала отырып і- бөлімшесі бойынша қаражаттың түпкілікті көлемі мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

RVi = Vi х (К*жоғ - Ктөм),

      мұнда,
      RVi- белгіленген қаражат көлемі і-бөлімшесіне бөлінген;
      Vi - і-бөлімшесінің бөлінген қаражат көлемі;
      Кжоғ- жоғарлау коэффициенттері;
      Ктөм - төмендеу коэффициенттерінің сомасы.
      *Ескертпе:
      Осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес 6 және 7-тармақтары бойынша оң нәтижеге жеткен жағдайда 1,2 жоғарлау коэффициенті қолданылады.
      23. Медицина қызметкерлерінің жалақы қорының пропорциясын қалыптастыру аталған денсаулық сақтау ұйымдарының бөлімшесі медицина бөлімінің жалақы қорынан әрбір бөлімшелердің медицина қызметкерінің жалақы қорының үлес салмағын анықтау арқылы жүзеге асырылады, мынадай формула бойынша:

Кі=ФЭі*100%
n
ЗПi
і=1

      мұнда,
      Кі - і медицина қызметкеріне медицина бөлігінің жалақы қорының қатынасына үлес салмағы;
      ЗПi - і медицина қызметкерінің жалақы қоры;
      ФЗПмрi - айлық медицина бөлігінің і-бөлімшесінің жалақы қоры.
      24. Ұйым басшысының және оның орынбасарларының көтермелеу сапасы комиссия шешімі арқылы анықталады, бірақ бір лауазымдық жалақыдан аспауы керек.
      25. Қаражат мөлшері медицина қызметкерлері арасында келесі формула арқылы жүзеге асырылады:

Vмр=Кмрі х RVi,

      мұнда,
      Vмр - айлық медицина қызметкерінің сараланған еңбекақы сомасы;
      Кмрі - і медицина қызметкеріне медицина бөлігінің жалақы қорының үлес салмағы;
      RVi - і-ші бөлімшесінің бөлінген қаражат мөлшері.
      26. Барлық денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшелерінің медицина бөлігі бойынша қалыптасқан жалпы үнемделген қаражатты жоғарлау коэффициент қолданылады, келесі формула бойынша жүзеге асырылады:

RVмрi = Vмрi х (К*жоғ - Ктөм),

      мұнда,
      RVмрі - айына медицина қызметкерінің еңбекақысы қорының қатынасының үлес салмағы;
      Vмрi - бір медицина қызметкерінің қаражат көлемі;
      Кжоғ - жоғарлау коэффициенті;
      Ктөм- төмендеу коэффициенттерінің сомасы.

4. Қорытынды ережелер

      27. Жаңа Ережені қолданысқа енгізу туралы қаржыны үнемдеу есебінен медицина қызметкерлеріне үстемеақы белгілеу, жалпы денсаулық сақтау ұйымының медицина қызметкерлері Ереженің жеке баптарына өзгерістер енгізу немесе жою туралы 2 айдан кешіктірмей ескертіледі.
      *Ескертпе:
      Осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес 6 және 7-тармақшалары бойынша оң нәтижеге бір уақытта жеткен жағдайда 1,2 жоғарлау коэффициенті қолданылады.

Денсаулық сақтау ұйымдарының 
медицина қызметкерлеріне     
денсаулық сақтау ұйымдарында 
көрсетілетін медициналық     
көмектің көлемі мен сапасына 
байланысты халыққа медициналық
көмек көрсету бойынша бюджет 
қаражаты және ақылы медицина 
қызметтерінің үнемдеу есебінен
еңбекақы төлеу ережелері     
1-қосымша          

Медицина қызметкерлерінің қызметін бағалау өлшемдері

№ р/с

Көрсеткіштердің атауы

Ақпарат дереккөзі

Төмендеу және жоғарылау коэффициенттері

1

Пациенттің құқығының бұзылуына байланысты жазбаша және ауызша негізделген шағымдардың болуы

Ұйым басшысының келушілерді қабылдау журналы, азаматтардың жазбаша өтініштерін тіркеу журналы, блогқа сұраным, МФҚБК АД-нің тексеру парақтары мен актілері

0,15

2

Емдеу мен диагностика нәтижесіндегі қайтыс болу, асқынудың алдын алу жағдайларының болуы, оның ішінде пациентті мүгедектікке алып келген жағдайлар

Стационардағы науқастың статистикалық картасы, ішкі аудит бойынша бас дәрігердің орынбасары бекіткен бөлімше меңгерушісінің немесе комиссия қорытындысы, сараптамалық тексерудің актілері, КИЛИ отырыстарының хаттамасы және МФҚБК АД-нің тексеру парақтары мен актілері

0,20

3

Мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша бұзулулардың бар болуы

МФҚБК АД-нің, МСЭҚК АД-нің тексеру парақтары мен актілері

1,15

4

Кезекті жоспарланбаған қайта түсу жағдайларының болуы (бір ауру себебі бойынша бір күнтізбелік айда)

"Стационар АБА БК"

1,15

5

Клиникалық және потологоанатомиялық диагноздарының қайшылық жағдайларының бар болуы

Патологоанатомиялық зерттеулердің хаттамасы және патологоанатомиялық конференция отырысының хаттамасы

0,2

Жоғарылау коэффициенті

6

Қызметтің статистикалық көрсеткіштерінің оң динамикасы

Мемлекеттік басқару органына берілетін статистикалық мәліметтер және есептер

1,10

7

Қазіргі заманға сай технологияларды енгізу, инновациялық қызметтің бар болуы

Диагностика, емдеу және медициналық оңалту (Денсаулық сақтау министрінің 12.11.2009 ж. № 698 бұйрығы) жаңа әдістерін қолдануға рұқсат беру туралы куәліктің бар болуы

1,10

Аббревиатуралардың толық жазылуы:
МФҚБК АД - Медициналық фармацевтикалық қызмет бақылау Комитеті аумақтық Департаменті
ИЛИ - Өлім - жетімді комиссиялық зерттеу
МСЭҚК АД - Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Комитеті аумақтық
«Стационар» АБА БК - «Стационар» автоматизирияланған ақпараттық Бағдарлама комплексі

Денсаулық сақтау ұйымдарының 
медицина қызметкерлеріне     
денсаулық сақтау ұйымдарында 
көрсетілетін медициналық     
көмектің көлемі мен сапасына 
байланысты халыққа медициналық
көмек көрсету бойынша бюджет 
қаражаты және ақылы медицина 
қызметтерінің үнемдеу есебінен
еңбекақы төлеу ережелері     
2-қосымша          

Үнемдеу есебінен үстемеақы төлеуді
бөлу жөніндегі комиссия төрағасына
__________________________________
__________________________________

Көтермелеу туралы ұсыным
20__ж.__________________

Формасы


р/р

Т.А.Ә.

Лауазымы

Төлемақы мөлшері бойынша ұсынымдар

1

2

3

4





___________________________________  ________________________________
(құрылымдық бөлімше басшысының қолы)  (қол таңбасының толық жазылуы)

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
2011 жылғы 20 мамырдағы 
№ 310 бұйрығына 2-қосымша

Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлеріне бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында көрсетілетін медициналық қызметтің көлемі мен сапасына байланысты республикалық бюджеттен бастапқы медициналық-санитариялық көмек тарифіне қосымша компонентке қаржы бөлу есебінен еңбекақы төлеу ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлеріне бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында көрсетілетін медициналық қызметтің көлемі мен сапасына байланысты республикалық бюджеттен бастапқы медициналық-санитариялық көмек тарифіне қосымша компонентке қаржы бөлу есебінен еңбекақы төлеу Ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысының 4-тармағының 4-тармақшасына сәйкес әзірленген.
      2. Ереже «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер жасау мен шығындарды жоспарлау әдістемесін бекіту туралы» Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығына сәйкес (Әділет министрлігінде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5946, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған 2010 жылғы № 7), (бұдан әрі - № 801 Әдістеме) оның лауазымдық жалақы сомасының үстіне (негізгі жалақы) бекітілген, БМСК ұйымдарының қол жеткізген нәтижелерін көтермелеу мақсатында көрсетілген медициналық көмектің көлемі мен сапасына байланысты бастапқы медициналық-санитариялық көмектің (бұдан әрі - БМСК) медицина қызметкерлеріне төлемақыны жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
      3. Олардың қызметінің түпкілікті нәтижесіне және БМСК медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру кезінде БМСК тарифіне қосымша компонент, БМСК медицина қызметкерлерін ынталандыруға бағытталған республикалық бюджеттен төлемақы сомасы болып табылады.
      4. Ынталандыру үстемеақы төлемдері үшін қарастырылған қаражатты бөлу, БМСК медицина қызметкерлерінің үстемеақы мөлшерін БМСК ұйымының немесе медицина қызметкерлерінен, осы ұйымның кәсіподақ комитет өкілдерінен тұратын осы БМСК ұйымына кіретін (ЖТД бөлімшесі/қызмет саласы / Отбасылық денсаулық орталығы (ОДО) (бұдан әрі - БМСК ұйымдары) денсаулық сақтау ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен құрылған Комиссия анықтайды.
      5. Комиссия төрағасы комиссия мүшелерімен сайланады. Комиссия отырысы хаттамамен рәсімделеді.
      6. Осы Ереженің 4-тармағына сәйкес БМСК медицина қызметкерлері қызметінің нәтижелерін ескере отырып БМСК тарифінің жеткізілген қосымша компонентін бөлу шешімі Комиссиямен анықталады.

2. БМСК медицина қызметкерлеріне қаржыны үнемдеу есебінен үстемеақы төлеу тәртібі

      7. БМСК ұйымында келесі лауазымдағы медицина қызметкерлері үшін ынталандырушы сипаты бар үстемеақы белгіленеді:
      1) жалпы тәжірибе дәрігері, учаскелік терапевтер және педиатрлар;
      2) жалпы тәжірибе және учаскелік қызмет мейірбикелері, оның ішінде, аумақтық учаскедегі профилактикаға жауапты мейірбикелер, аумақтың учаскі жағдайында медициналық қызмет көрсететін акушерлер;
      3) учаскелік қызметті меңгеруші және мейірбикелер жалпы тәжірибе дәрігерлері;
      4) Отбасылық денсаулық сақтау орталығы профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің дәрігері.
      8. БМСК ұйымдарында жұмыстағы жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін медицина қызметкерлеріне жеке төлемақы белгіленеді. Бірдей еңбек көрсеткіштеріне қол жеткізген үшін қызметкерлерге бірдей үстемеақы төленуі тиіс.
      9. БМСК ұйымдарының қызметтер нәтижелерін сипаттайтын, төлемдерге құқық беретін негізгі көрсеткіштер денсаулық сақтау саласындағы өкілетті органдармен бекітілген БМСК мамандарының қызметтерін бағалау индикаторлары болып табылады.
      10. Қарау кезеңінде сөгіс алған, кезекті еңбек демалысындағы, уақытша жұмысқа жарамсыз, баланы күту бойынша демалыстағы, оқу демалысындағы қызметкерлерге; жалақысы сақталмайтын демалыстағыларға еңбек заңнамасында қарастырылған үстемеақы төленбейді.
      11. Қызметкер өз бастамасымен айдың күнтізбесі аяқталғанға дейін жұмыстан шыққан жағдайда қызметкер жұмысының нэтижесі бойынша үстемеақы алу құқығынан айырылады.
      12. Ынталандыру үстемеақылары БМСК медицина қызметкерлеріне өткен тоқсанның жұмыс нәтижелері бойынша төленеді. Осы үстемеақы тоқсан бойы әрбір БМСК медицина қызметкері атқарылған жұмысы және қызметтерінің жоғары сапасын, көлемі мен мерзімін сақтаған жағдайда ғана тоқсанда 1 рет төленеді. Осы үстемеақыны дұрыс есептеу кезеңінің қорытындысы бойынша анықталады: сәйкес жылдың 1 тоқсаны - сәуір айында, 2 тоқсаны - шілде айында, 3 тоқсаны - қазан айында.
      13. БМСК тарифінің қосымша компоненті шеңберінде БМСК ұйымдарының, соның ішінде осы БМСК мекемесінің жұмыс нәтижесіне қызметі әсер ететін бейінді мамандардың іссапар шығындарын қоса алғанда медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін шығыстар БМСК-нің қосымша компонент тарифіне алынған сомасынан кемінде 10%-ды құруы тиіс.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.09.16 № 622 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      14. Ынталандыру компоненті үшін БМСК ұйымымен алынған шығыстар БМСК медицина қызметкерлеріне біліктілігін арттыру шығыстарын алып тастағанда оның қызметтерін ұсынымына бағалауға сәйкес жұмыстағы жетістіктері үшін толық көлемде үстемақы төлеуге жіберіледі. Сонымен қатар, осы қаражат шеңберінде Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес төлемдерді ескеру қажет:
      - жинақтаушы зейнетақы қорларына қызметкерлердің міндетті зейнетақы төлемдері;
      жеке табыс салығы;һ
      әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына әлеуметтік төлемдер;
      әлеуметтік салық.
      15. БМСК қызметкерінің лауазымдық еңбекақысына жұмысының түпкілікті нәтижесіне ынталандыру сипаттағы үстемеақыны төлеу тұрақты емес болып табылады және жаңа еңбекақы қалыптастырмайды.
      16. Ерекше климаттық жағдайы бар жерлердегі жұмыс үшін төленген өтемақы сипаттағы төлемдерді және қаражатты үнемдеу есебінен ынталандыру сипаттағы төлемдерді қоспағанда, өтемақы сипаттағы төлемдер, БМСК тарифіне қосымша компонентін есептемегенде, лауазымдық еңбекақы бөлек бекітіледі.
      17. БМСК тарифіне қосымша компонентті анықтау үдерісі әрбір БМСК ұйымы үшін № 801 Әдістемеге сәйкес анықталады.
      18. БМСК медицина қызметкерлерінің арасында ынталандыру компоненті сомасын бөлу дәрігер қызметкерлер және орта медицина қызметкерлерінің көрсетілген кезеңге жалақы қорының ара қатынасымен жүзеге асырылады.
      19. Ынталандыру компоненті сомасының үлес салмағын анықтау кезеңге әрбір медицина қызметкерлерінің жалақы қорының үлес салмағына байланысты болмауы тиіс. Біліктілігін арттыру шығыстарын қоспағанда БМСК тарифіне жеткізілген қосымша компонент есебінен медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу:
      1) БМСК дәрігерінің жалақы қорының коэффициенті БМСК-нің барлық медицина қызметкерлерінің жалақы қорын БМСК ұйымдары (ЖТД бөлімшесі/қызмет учаскесі/ОДО) төмендегі формулалар бойынша қалыптастырылады:

             ФЗПвр
      К= ------------ х 100%
          ФЗПвр,смп 

      мұнда,
      К - БМСК дэрігерлерінің жалақы қорының коэффициенті;
      ФЗПвр - БМСК ұйымының БМСК дәрігерлерінің жалақы қоры;
      ФЗПвр,смп - Осы Ереженің 8-тармағында БМСК дәрігерлері және орташа медицина қызметкерлерінің жалақы қоры.
      2) БМСК тарифіне келтірілген қосымша компонент БМСК дәрігерінің жалақы қорының коэффициентін БМСК ұйымдарының ЖТД бөлімшелер / ОДО/қызмет учаскелері мынадай ынталандыру формуламен анықтау:

СФвр.= К*СФ,

      мұнда,
      СФ вр. - ЖТД бөлімшелері/ОДО ынталандыру/қызмет учаскелері дәрігерлерінің қорының сомасы;
      К - БМСК дәрігерінің жалақы қорының коэффициенті;
      СФ - ЖТД бөлімшесі/қызмет учаскесін ынталандыру қоры.
      Еңбегінің түпкілікті нәтижесіне тең қол жеткізілген жағдайда ынталандыру қорының сомасы дәрігерлер арасында тең бөлінеді.
      3) Мейірбикелердің ынталандырушы қорының сомасын медицина қызметкерлерінің ынталандыру қоры жэне ЖТД бөлімшелері/ОДО қызмет учаскелері/ЦСЗ ұйымдары мынадай формуламен анықтау:
                  СФмс.= СФ - СФвр.,
      мұнда,
      СФ мс. - БМСК мейірбикелерді ынталандыру қорының сомасы;
      СФ - ЖТД бөлімшелері/ ОДО қызмет учаскелерінің ынталандыру қоры;
      СФ вр. - БМСК ұйымы дәрігерінің ынталандыру қорының сомасы.
      20. Еңбегінің түпкілікті нәтижесіне тең жағдайда қол жеткізу кезінде ынталандыру қорының сомасы орта медицина қызметкерлерінің арасында тең бөлінеді.
      20-1. Жалпы дәрігерлік практика/учаскелік қызмет бөлімшелерінің меңгерушілері мен аға мейірбикелеріне, Отбасылық денсаулық орталығының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшелерінің дәрігерлеріне ынталандырушы компонентті төлемдерінің сомасын бөлу учаскелік желідегі дәрігерлер мен БМСК ұйымдарының орта медицина қызметкерлері арасында ұқсас кезеңдегі еңбекақы қоры арақатынасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.09.16 № 622 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

3. Қорытынды ережелер

      21. БМСК медицина қызметкерлеріне республикалық бюджет есебінен үстемеақы белгілеу жаңа Ережесін күшіне енгізу, жалпы БМСК ұйымдарының медицина қызметкерлері Ереженің жеке баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе күшін жою туралы 2 ай бұрын кешіктірмей ескертіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады