Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 06-3/306 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 23 маусымда № 7023 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 5 тамыздағы № 4-3/724 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.08.2015 № 4-3/724 бұйрығымен.

      «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған тыңайтқыштарды сатып алу-сату шартының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті (А.А. Буць) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                    А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2011 жылғы 3 маусымдағы  
№ 06-3/306 бұйрығымен бекітілген

Нысаны

Тыңайтқыштарды сатып алу-сату шарты

______________________________ 20__ жылғы «___» ___________ № ______
      (шарт жасалған орын)

Бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын, ____________________________________
                                          (құжаттың атауы)
негізінде қызмет ететін _______________________  ____________________
                           (сатушының атауы)       (лауазымы, Т.А.Ә.)
тұлғасында, бір жағынан және бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын,
_____________________________________________ негізінде қызмет ететін
             (құжаттың атауы)
_____________________________________________  ______________________
(ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы)    (лауазымы, Т.А.Ә.)
тұлғасында, екінші жағынан төмендегідей туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасады.

1. Жалпы ережелер

      1.1. Осы Шарт Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасы негізінде әзірленді.
      Осы Шартта төменде келтірілген ұғымдар мынадай мағынаны білдіреді:
      1) сатып алушы – арзандатылған тыңайтқыштар алу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жиынтық тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (бұдан әрі – Сатып алушы);
      2) сатушы – Қазақстан Республикасында тыңайтқыш өндiрудi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – Сатушы);
      3) тауар – тыңайтқыштардың (органикалықтарды қоспағанда) барлық түрлері (бұдан әрі – Тауар).

2. Шарттың мәні

      2.1. Осы Шарт бойынша Сатушы Тауарды сатуға, ал Сатып алушы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыру үшін Тауарды алуға және төлеуге міндеттенеді.
      2.2. Тауардың атауы, көлемі және сапасы осы Шарттың бөлінбейтін бөлігі болып табылатын спецификацияға (Шартқа қосымша) сәйкес айқындалады.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      3.1. Сатушы:
      3.1.1. Осы Шарттың спецификациясында көрсетілген Тауарды Сатып алушыға осы Шарттың шарттарымен Сатып алушы Тауарға толық төлеген сәттен бастап ___ жұмыс күні ішінде беруге міндеттенеді.
      3.1.2. _____________________________________ мекен-жайы бойынша Тауарды Сатып алушыға дейін жеткізуді жүзеге асырады.
      3.1.3. Сатушының Тауарды беру жөніндегі міндеті Тауарды Сатып алушыға берген сәттен бастап орындалған болып есептеледі.
      3.1.4. Сатып алушыға Тауарды берумен бір мезгілде оған жататын құжаттарды (тыңайтқыштың сертификаты немесе сапа паспорты) береді.
      3.1.5. Осымен Тауар Сатып алушыға үшінші тұлғалардың кез келген құқықтарынан бос (тұтқындау мен кепілді қосқанда) беріліп тұрғанын куәландырады.
      3.1.6. Сапасыз Тауар үшін төленген ақша сомасын Сатып алушының ағымдағы шотына ақша қаражатын аудару жолымен қайтаруды жүзеге асырады. Сатып алушыда ағымдағы шот болмаған жағдайда Тауар үшін төленген ақша сомасы қолма-қол есептесу арқылы қайтарылады.
      3.2. Сатып алушы:
      3.2.1. Тауарды осы Шарттың шарттарында қабылдауға және өтеуге міндеттенеді.
      3.2.2. Тауарды орналастыру үшін орын береді, атап айтқанда: ____________________________________________________________________

      3.2.3. Тауарды өтеуді осы Шарттың 4-бөлімінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
      3.2.4. Тауарды Сатушыдан қабылдап алу кезінде Тауардың атауының, көлемінің және сапасының сәйкестігін осы Шарттың спецификациясына сәйкес тексереді.
      Тауарды қабылдау нәтижесі бойынша Тараптар Тауарды қабылдау-беру актін жасап, қол қояды. Актіде Тауардың атауы, көлемі және сапасы, Тауардың табылған кемшіліктері көрсетіледі.
      3.3. Сапасыз Тауар табылған жағдайда, егер бұл кемшіліктерді Сатушы айтпаған болса, Сатып алушы Сатушыдан:
      1) сатып алу бағасын мөлшерлес төмендетуді;
      2) келісілген мерзімде Тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды;
      3) өзінің Тауардың кемшіліктерін жоюға жұмсаған шығындарын өтеуді талап етуге құқылы.
      3.4. Тауардың сапасына қойылатын талаптар едәуір бұзылған жағдайда (жойылмайтын кемшіліктер, мөлшерлес емес шығындарсыз немесе уақыт кетірусіз жою мүмкін емес, немесе бірнеше рет айқындалатын не оларды жойғаннан кейін қайта пайда болатын және басқа да ұқсас кемшіліктер табылған жағдайда) Сатып алушы өз таңдауы бойынша:
      1) Шартты орындаудан бас тартуға және Тауар үшін төленген ақша сомасын қайтаруды талап етуге;
      2) сапасы дұрыс емес Тауарды Шартқа сәйкес Тауармен алмастыруды талап етуге құқылы.
      3.5. Сатушы Сатып алушыға Тауарды осы Шарттың спецификациясында айқындалғаннан кем көлемде берген жағдайда Сатып алушы Тауардың жетіспейтін көлемін талап етуге немесе берілген Тауардан бас тартуға және төленген ақша сомасын кері қайтаруды талап етуге құқылы.
      3.6. Егер үшінші тұлға осы Шартты орындауға дейін туындаған негіз бойынша Сатып алушыға Тауарды алып қою туралы талап қойған болса, Сатып алушы Сатушыны іске қатысуға тартуға міндетті, ал Сатушы бұл іске Сатып алушы жағынан кірісуге міндетті.
      Егер Сатушы іске қатыса отырып сатылған Тауарды Сатып алушыдан алып қоюдың алдын ала алатынын дәлелдей алса, Сатып алушының Сатушыны іске қатысуға тартпауы Сатушыны Сатып алушы алдындағы жауапкершіліктен босатады.

4. Бағасы және есептесу тәртібі

      4.1. Спецификацияда көрсетілген тауар үшін Сатып алушы Сатушыға төлеуі тиіс жалпы сома ____________________________ теңгені құрайды және 20 __ жылғы _____________________ дейінгі мерзімде төленеді.
      4.2. Тауардың құнына қосымша құн салығы, орау, таңбалау, тасымалдау құны, республиканың тиісті аймағындағы жеткізу (жіберу) орнына дейінгі көлік шығындары енеді, одан Сатушыға тиесілі субсидия сомасының мөлшері алынып тасталады.
      4.3. Сатып алушы Сатушыға 4.1.-тармағында көрсетілген соманы осы шартқа қол қойған сәттен бастап ___ жұмыс күні ішінде төлейді. Тауарға төлем ақша қаражатын Сатушының есеп-шотына аудару жолымен немесе тікелей Сатушыға қолма-қол ақша беру жолымен жүргізіледі. Тауарға қолма-қол ақшамен төлем жасалған кезде Сатушы Тауарға төлем жасалғанын растайтын құжат береді.
      4.4. Сатып алушы Тауарға төлем жасау жөніндегі міндеттерін белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда Сатушы осы Шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
      4.5. Барлық операциялар ұлттық валюта – теңгемен жүргізіледі.

5. Тараптардың жауапкершілігі

      5.1. Сатушы Тауарды беру мерзімдерін бұзған жағдайда Тауарды беру жөніндегі міндеттемелерді орындау мерзімі келген сәттен бастап әрбір мерзімі өткен күнтізбелік күн үшін Тауар құнының __ % мөлшерінде, бірақ __ %-дан артық емес тұрақсыздық айыбын төлейді.
      5.2. Сатып алушы Тауарға төлем жасау мерзімдерін бұзған жағдайда Тауарды беру жөніндегі міндеттемелерді орындау мерзімі келген сәттен бастап әрбір мерзімі өткен күнтізбелік күн үшін Тауар құнының __ % мөлшерінде, бірақ __ %-дан артық емес тұрақсыздық айыбын төлейді.
      5.3. Өзге жағдайларда Тараптардың жауапкершілігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады.

6. Таластарды шешу тәртібі

      6.1. Осы Шартты орындау кезінде туындауы мүмкін таластар мен келіспеушіліктер мүмкіндігінше Тараптар арасындағы келіссөздер арқылы шешілетін болады.
      6.2. Таластарды келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.

7. Шарт күшінің мерзімі

      7.1. Шарт қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және Тараптардың міндеттемелерін орындауы аяқталғанға дейін күшінде болады.
      7.2. Шарт бірдей заң күші бар үш данада жасалды.
      7.3. Шарт:
      1) Тараптардың келісімі;
      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес құзыретті органдардың шешімі;
      3) форс-мажорлық жағдайлар бойынша бұзыла алады.
      7.4. Шартты бір жақтан бұзуға жол берілмейді.

8. Өзге шарттар

      8.1. Осы Шартқа өзгерістер, қосымшалар және толықтырулар олар жазбаша түрде жасалған және екі Тарап та қол қойған жағдайда ғана күшінде болады.

9. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен реквизиттері

      Сатушы                              Сатып алушы
___________________                       ___________________
      Басшы                                      Басшы
      МО                                         МО

Тыңайтқыштарды сатып алу-сату шартына
қосымша              

Тыңайтқыштардың спецификациясы

Рет

Тыңайтқыш атауы

Тыңайтқыштың 1 тоннасының (литрiнің, килограмының) толық құны, теңге

Тыңайтқыштың 1 тоннасының (литрiнің, килограмының) субсидияланған құны, теңге

Сатылған (сатып алынған) тыңайтқыштардың жалпы көлемі, тонна (литр, килограмм)

Тыңайтқыштардың жалпы құны, теңге (бағ.4хбағ.5)

1

2

3

4

5

6



















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады