Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 21 маусымдағы № 230 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 24 маусымда № 7033 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 440 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 30.06.2023 № 440 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

Р. Түсіпбеков


  Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
2011 жылғы 21 маусымдағы
№ 230 бұйрығына
қосымша

Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының
кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. кейбір бұйрықтарына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) 2007 жылғы 24 тамыздағы № 235 "Техникалық паспорттардың нысандарын бекіту туралы" (Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4937 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2007 жылғы қыркүйек-қазанда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықтың кіріспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:";

      аталған бұйрықпен бекітілген Н-2 техникалық паспорттың нысанында:

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "8. Нысаналы мақсаты (жоспары бойынша литер) ________________";

      "Қордың санаты ____________________" жолы мынадай редакцияда мазмұндалсын:

      "9. Қордың санаты ____________________________________________

      (тұрғын емес/тұрғын, егер кейінгі объект

      көп пәтерлі тұрғын үйде орналасса,

      "КПТҮ құрамындағы КО" деп көрсету қажет)";

      аталған бұйрықпен бекітілген Н-5Н-18-ге дейін техникалық паспорттардың нысандарында:

      "6. Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі __________________" жолында "жер учаскесінің" сөзі алынып тасталсын.

      2) 2007 жылғы 24 тамыздағы № 236 "Жылжымайтын мүлікке өзге де объектілерге құқықтарды тіркеу туралы өтініштің нысандарын және мазмұнын, тіркеу құжаттарына тиісті жазба енгізілгені туралы хабарламаны бекіту туралы" (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4923 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2007 жылғы шілде-қыркүйекте жарияланған):

      аталған бұйрықтың кіріспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:";

      бұйрықтың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мынадай нысандары бекітілсін:".

      3) 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 "Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы" (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4945 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2007 жылғы қыркүйек-қазанда жарияланған):

      аталған бұйрықтың кіріспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:";

      аталған бұйрықпен бекітілген кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу Ережесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ереже "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Жер және Су кодекстеріне сәйкес әзірленді.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу кезінде кондоминиум қатысушыларының уәкілетті өкілдері болып:

      1) кондоминиум қатысушыларының жалпы жиналысында сайланған адам;

      2) егер ортақ мүліктегі үлестерінің мөлшері тұрғын үй қатынастары туралы заңнамалық актіде көзделген тәртіппен айқындалған болса, кез-келген кондоминиум қатысушысы танылады.

      Кондоминиумның өкілетті қатысушылары кондоминиум объектісін тіркеуге өкілетті тұлғалары заңнамада көзделген тәртіппен айқындалуы тиіс.

      Кондоминиум объектісін тіркеу туралы өтінішті кондоминиум қатысушылары берген жағдайларда оның кондоминиум объектісін тіркеуге өкілеттігі жылжымайтын мүліктің кейінгі объектісіне берілген меншік құқығына (өзге заттық құқық) құқық белгілейтін құжатының нотариаттық куәландырылған көшірмесімен айқындалады.";

      16-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) егер оларға құқықтары жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүйесі енгізілгенге дейін пайда болған болса, кейінгі объектіге құқықтары осындай жүйе енгізілгенге дейін пайда болған болса, келісімнің негізінде ортақ мүліктегі кондоминиум қатысушыларының үлестерін белгілеген кезде кондоминиум қатысушыларының кейінгі объектіге құқықтарын тіркеу;".

      4) 2007 жылғы 24 тамыздағы № 243 "Тіркеу құжаттарында жіберілген қателерді түзету мақсатында жазба енгізу ережесін бекіту туралы" (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4930 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2007 жылғы шілде-қыркүйекте жарияланған):

      аталған бұйрықтың кіріспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында және "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:";

      аталған бұйрықпен бекітілген тіркеу құжаттарында жіберілген қателерді түзету мақсатында жазба енгізу Ережесінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тіркеу кезінде жіберілген қателер "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабында белгіленген ережелерді ескере отырып, осы Ережеде белгіленген тәртіппен тіркеуші органның бастамасымен немесе мүдделі тұлғалардың өтініші бойынша түзетіледі.".

      5) 2007 жылғы 24 тамыздағы № 244 "Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою ережесін бекіту туралы" (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4939 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2007 жылғы қыркүйек-қазанда жарияланған):

      аталған бұйрықтың кіріспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:";

      аталған бұйрықпен бекітілген жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою Ережесінде:

      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) құқық белгілейтін құжаттың немесе Куәліктің телнұсқасын берген үшін алым төлегенін растайтын құжат.";

      6) 2007 жылғы 24 тамыздағы № 246 "Жүйелі тіркеуді жүзеге асыру үшін халықты хабарландыру ережесін бекіту туралы" (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4940 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2007 жылғы қыркүйек-қазанда жарияланған):

      аталған бұйрықтың кіріспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:";

      аталған бұйрықпен бекітілген жүйелі тіркеуді жүзеге асыру үшін халықты хабарландыру Ережесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жүйелі тіркеуді жүзеге асыру үшін халықты хабарландыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.";

      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі тіркеу үшін құжаттарды қабылдауды және беруді жүзеге асыратын органның орналасқан жері;".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады